facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
sam-ry---azyna-a-syn-an-key-n-satyp-alu-a-bolatyn-zhaldamaly-t-r-yn-y
logo
«Самұрық-Қазына» АҚ ұсынған кейін сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үй
Өмір сүру стилі

27.01.2017

«Самұрық-Қазына» АҚ ұсынған кейін сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үй


IMG_6501.jpg


«Самұрық-Қазына» АҚ ұсынған жалдамалы тұрғын үй бұл — «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында халықтың түрлі топтарына жылжымайтын мүлікті сатып алу мүмкіндігін беру үшін салынған тұрғын үй.



Кім ала алады?


Кейін сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үйдің басты артықшылықтарының бірі — өтініш берушіге қойылатын талаптың қатаң еместігінде. Және егер мемлекеттен баспана алу үшін белгілі бір топқа: ҰОС мүгедектері мен ардагерлері, халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігі, тұрғын үйге мұқтаж жандар, мемлекеттік қызметкерлер жату керек болса, жалдамалы тұрғын үйді сатып алу үшін тек жалдық төлемдер мен негізгі шығындарды өтей алатын қаражаттың болуы қажет.


Қандай қызмет атқаратынына, жұмыс орнына, жасына, жынысы мен отбасылық жағдайына қарамастан жеткілікті табысы бар әрбір адам кейін сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үйге өтініш бере алады. Басты талап — таңдалған тұрғын үйге байланысты жалдық төлемдерді төлеу үшін бекітілген табыс мөлшерінің болуы.


Алайда кезекке тұру және тұрғын үйді тарату барысында ең бірінші кезекте баспанасы жоқтар мен жағдайы жақсартылған тұрғын үйге мұқтаж адамдар ескеріледі. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша жалдамалы тұрғын үйді тек бір рет қана алуға болады.



Қанша тұрады?



Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» желісі бойынша кейін сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үйдің құны заңды түрде бекітілмеген. Бірақ алдын ала берілген мәліметтер бойынша 15 жылға жалға алған жағдайда айына әр шаршы метріне 1600 теңгеден аспайтын болады.


Мысалы, аумағы 40 ш.м. жалдамалы тұрғын үйді алу үшін айлық төлем 40*1600 = 64 000 теңгені құрайды. Алайда жалдамалы үйдің басқа да қосымша шығындары болуы мүмкін екендігін ескерген жөн. Аймақтарда жалдамалы тұрғын үйдің бағасы Астана мен Алматыға қарағанда төмен болады.



Кейін сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын ұйдің 1 ш.м. болжамды бағасы



Астана мен Алматы қалаларында 1 ш.м. үшін жалдық төлем (құрылыстың өзіндік құнында 1 ш.м. үшін 150 000 теңге):


5 жыл мерзімге жалдағанда — 3160 тг

7 жыл мерзімге жалдағанда — 2469 тг

10 жыл мерзімге жалдағанда — 1965 тг

15 жыл мерзімге жалдағанда — 1598 тг

ҚР аймақтарындағы 1 ш.м. үшін жалдық төлем (құрылыстың өзіндік құнында 1 ш.м. үшін 120 000 теңге)

5 жыл мерзімге жалдағанда — 2528 тг

7 жыл мерзімге жалдағанда — 1975 тг

10 жыл мерзімге жалдағанда — 1572 тг

15 жыл мерзімге жалдағанда — 1278 тг


Жалдамалы тұрғын үйді алу шарттарына сәйкестігін анықтау үшін таза табысыңыздан ең төменгі күнкөрісті (сізге және сіздің асырауыңыздағы отбасы мүшелеріне) алып тастаңыз, сондай-ақ міндеттемелер бойынша төлемдер (несие, алименттер, қарыздар) мен жалдық төлемді төлеуге жететін қорытынды соманы шегеріңіз.



Кейін сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үйді қалай алуға болады



1. «Самұрық-Қазына» желісі бойынша салынып жатқан тұрғын үй құрылысының аяқталуы мен пайдалануға берілуін күту. Қазір жалдамалы тұрғын үйді алуға берілетін өтінімдер Өскемен, Тараз қалалары үшін қабылданады. Басқа қалаларда өтінімдер берудің басталғаны туралы ақпарат бір-екі айдың ішінде www.fnsk.kz сайтында жарияланатын болады.


2. Жалдамалы тұрғын үйді алуға өтінім беру үшін «Самұрық-Қазына» АҚ жылжымайтын мүлік қорының www.fnsk.kzсайтына тіркелу керек. Тіркеліп, өтінімдер беру үшін сізге электронды сандық қолтаңба қажет болады (ЭСҚ).


3. Өтінімді беру барысында қала мен тұрғын үй кешенін, содан кейін жоспарланып жатқан пәтердің бөлмелер санын таңдау және тұратын жері мен жобасымен танысу қажет. Содан соң өтінімнің типін — «Тікелей сатып алу» мен «Кейін сатып алумен жалдау» көрсету керек, бізге қажеті — екіншісі. Экраннан өз өтініміңіздің мәртебесін, оның сәйкестендіру нөмірі мен байқаудың аяқталу уақытын, сондай-ақ нақты уақыттағы кезекті көресіз.


4. Кейін сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үйге құжаттар тапсыру. Өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталғаны туралы сайтта жарияланғаннан кейін, жалдамалы тұрғын үйге кезекте тұрғандардың тізімі құрылады, көрсетілген үміткерлерге қажетті құжаттар тізімімен Жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясына тікелей бару қажет болады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.