facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/124/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/124e153e13179d3dc5dd613ee6aa5ae9.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
s-n-ar-zh-ne-aliya-orman-universitette-tanys-andary-otbasy-r-andary-zh-ne-sh-balany-t-rbies-zhayly
logo
Сұнқар және Алия Орман университетте танысқандары, отбасы құрғандары және үш баланың тәрбиесі жайлы

Сұнқар Орманов 32 жаста, қала — Алматы, жабдықтау және логистика департаментінің басшысы, AAE

Алия Орман, 32 жаста қала — Алматы, инфлюенсер, @aliya.orman@orman.home тоқыма өнімдер брендінің негізін қалаушы

10.04.2020

Сұнқар және Алия Орман университетте танысқандары, отбасы құрғандары және үш баланың тәрбиесі жайлы


Біз жайлы


sunkar_aliya(1).jpg

Алия. Біз университетте таныстық. Екінші курста Сұнқар біздің университеттке ауысып келді, біз бір топта оқыдық.

Сұнқар. Алия жақсы оқыды, мен одан көшіретінмін.

Біз отбасы құрғанға дейін қарым-қатынасымыз түрлі сынақтардан өтті.

Алия. Университетте кездесіп жүрдік, жастықпен айырылстық, бірақ дос ретінде араласуды тоқтатпадық. Университетті бітіргеннен кейін тағы кездесе бастадық. Бір жарым жылдай қарым-қатынасымыз беріктігіне сыналды, әр түрлі елдерде тұрдық. Кейін үйлендік.

Сұнқар. Мен Алияны анаммен таныстығымыздың екінші аптасында таныстырдым.

Алия. Бұл оның туған күнін атап өтіп жатқан мейрамханада болды. Онда оның анасының болатынын білмедім. Бірақ ортақ достарымыз көп болғандықтан, тек амандасып, жылы жүздестік.

Біз университетте таныстық

Қалыңдық ретінд ересми танысуымыз маған қиын болды. Қатты қобалжыдым, не туралы айтатынын білмедім. Іс жүзінде барлыы соншалық қорқынышты емес екен. Сұнқардың анасы мені үйіне шайға шақырды, ол кісі мені жылы қабылдап, біз әңгіме-дүкен құрдық.

sunkar_aliya(1).jpeg

Менің ата-анаммен Сұнқар біздің үйде танысты. Әкем уайымдады, көп уақыт ызңар сөйледі. Жалғыз қызы алғаш рет үйіне жігітін таныстыруға шақырды.

Менің үлкен ағаммен бөлек әңгіме болды. Бастапқы кезде қызғанышпен қарады, Сұнқарға емес, жалпы қарындасының тұрмысқа шығуына.


Алматы жайлы


Алия. Біз тоғыз жылдай Алматыда тұрамыз. Бұл әдемі қаланы жақсы көреміз. Оны жақсы көрмеуге болмайды. Және тек ғажайып таулары мен жасыл саябақтары үшін емес. Жылдың әр мезгілінде мұнда ерекше әдемі. Оның құндылығын тек солтүстіктің адамы түсінеді. Солтүстікте тоғыз ай суық, немесе бұлтты және саз. Ал Алматыда әр жаңа маусым ерекше әсемділігімен таңқалдырады.

sunkar_aliya(2).jpeg

Тауға баруды жақсы көреміз. Ескі қаланың сәулетін, алматылық саябақтарды, Шымбұлақтың ең биік нүктесіне көтерілуді жақсы көреміз. Терренкур бойыммен серуендеген ұнайды. Шымбұлаққа шаңғы тебу үшін емес, әсем табиғатпен тамсану үшін барамыз.


Отбасы жайлы


Алия. Біз тату отбасымыз — құшақтасусыз өмір сүре алмаймыз. Біз үшін махаббатты сезіну, бір-бірімзге қуат беру маңызды.

Үйленгенде отбасыларымыздан өз отбасымызға ең жақсы салт-дәстүрлерді алуға тырыстық. Кейін жылдар өте өз дәстүрлеріміз пайда болды. Бұл біздің бестікті одан сайын табыстырады.

sunkar_aliya(3).jpg

Мерекелерде ең ұнайтын дәстүріміз — бірге үйді безендіру, дәмді тамақ дайындау.

Біз тату отбасымыз — құшақтасусыз өмір сүре алмаймыз

Өкінішке орай Сұнқар әкесінен, ал мен анамнан ерте айырылдық. Сондықтан жұма күні шелпек немесе бауырсақпен бірігіп түскі ас ішу — дәстүрлеріміздің біріне айналды. Балалар ол күні біз жақындарымызды еске алатынымызды біледі. Үстел басында жақындарымыз туралы көп естелік айтамыз.

Күнделікті өмірде бірге таңғы ас ішуді, бір-бірімізге жұмбақ жасыруды ұнатамыз. Крокодил, шахмат ойнағанды, кітап оқығанды жақсы көреміз. Ал кешке жақын ең қызықты оқиғаларымызбен бөлісеміз. Балалар әр күннен жақсы естеліктерді алуға үйренеді.

Көп уақытымызды бірге өткіземіз. Бала күтіміне арналған демалысқа қарамастан жұмыс істеуді жалғастырудамын. Бірақ жұмыс кестесін өзім таңдай алғандықтан, отбасыма кедергі келтірмейді. Сұнқарға алғысым шексіз. Жұмыстағы қарбаласқа қарамастан, отбасына көңіл бөлуге тырысады. Барлығында белсенді ат салысады.

sunkar_aliya(4).jpg

Балаларымыздың біздің мысалда өмірде махаббат, қамқорлық, мейрімділік, тыңдай білу сияқты қасиеттердің керек екенін түсіндеруге тырысамыз. Олардың әрқайсысы ішкі жан дүниесіне құлақ асып, өз жолдарын таңдағанын қалаймыз.

Балаларымыздың біздің мысалда өмірде махаббат, қамқорлық, мейрімділік, тыңдай білу сияқты қасиеттердің керек екенін түсіндеруге тырысамыз

Біздің балаларымыз бір нәрселерде қатты ұсайды, ал бір дүниелерде мұлдем өзгеше. Олар көңілді, мейрімді. Олардың қызығушылықтары әр түрлі, бірақ оларға бірге қызықты. Және әрқашан осылай болады деп үміттенеміз.

sunkar_aliya(2).jpg

Сынақтар мен қателердің әдісімен біз тәрбиенің бірнеше маңызды принциптерін түсіндік:

— балалар әр түрлі және әркімге деген көзқарас қажет екенін есте сақтау маңызды. Біреу шыншылдықты жақсы көреді. Екіншісі дауыста жоғары ноталарды ұнатпайды, қолын ұстап, жұмсақ сөйлегенді жақсы көреді.

— «жоқ» — яғни жоқ. Егер бір нәрсе тыйым салынса, онда кез келген жағдайда тыйым салынады. Бұл баланың денсаулығына немесе қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін. Балалар: қауіпсіздік белдігін тақпай, автокреслосыз жүруге болмайды. Немесе планшет белгілі бір уақытқа ғана қол жетімді, және оны ұлғайтуды сұраудың мағынасы жоқ. Сонда жылау, ұрысу жоқ, бәрі анық және түсінікті

— сөйлесу. Балалармен сөйлесіп, түсіндіру керек. Олар әңгімелесушіні естуді үйренеді, егер қажет болса, өз көзқарасын қорғай алады. Ата-аналар белсенді қатысатын әңгімелер сенім тудырады.


Бүгінгі күні жан дүниенің жағдайы


Алия. Барлығынан жақсы нәрсе табуға болады. карантин уақытында біздің отбасымызбен болып, қарым-қатынасымызды берік қылдыруға үлкен мүмкіндік бар. Бұрын уақыт жетпеген дүниелермен айналысуға мүмкіндік беретін таптырмас кез.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.