Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


closesearch
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
s-biler-n-a-sh-ta-d-niege-kelgen-aza-standy-analardy-3-o-i-asy

Сәбилерін АҚШ-та дүниеге әкелген қазақстандық аналардың 3 оқиғасы
10365

12.06.2017

Сәбилерін АҚШ-та дүниеге әкелген қазақстандық аналардың 3 оқиғасы

Айгерім Ричман, 32 жаста, туған қаласы — Алматы


Балам төрт жаста. Жолдасым екеуміз Ғаламтор арқылы таныстық, кейін ол мені өзімен және оның отбасымен кездесуге шақырды. Біз бір-бірімізді ұнаттық. Оның отбасы мені өз қыздарындай қабылдады. Біз үйлендік те, Калифорниядан Аризонаға көштік. Бір жыл екі айдан соң сәбиіміз дүниеге келді.


18618380_10212825487774859_1276678511_o.jpg


Босануға дайындық


Штатта жұмыс берушіге жүктілік туралы еш бөгелместен хабарлауға және егер бұған дейін жұмыста шаршасаңыз немесе қандай да бір физикалық жүктемелер болса, жеңілірек жұмыс тапсыруды өтінуге болады.


Әдетте, аналарға арналған baby shower өткізіледі. Отбасы мен достар жиналып, болашақ сәбиге сыйлық сыйлайды. Мұндай отбасы мен достарға арналған кездесуді баланың жынысын хабарлайтын кезде ұйымдастыруға болады.


Ауруханамыз үйдің жанында болатын, бірақ оны таңдау сақтандыруға байланысты. Бізідң ауруханамызда босанатын әйелдерге арналған бөлек ғимарат бар. Әдетте, әйел босанатын кезде креслоға отырғызып, палатаға апарады, онда алдын ала тексерістен өткізеді. Ол жерде босану үдерісі өтетін арнайы кереует бар.


18618415_10212825486574829_1932900366_o.jpg


Босану қалай өтті


Бірден анестезия сұратуға болады.


Анестезиологты күтіп отырғанда сізге медбике көмектеседі: арқаңызды уқалап, толғақты жеңілдетуге көмектесетін үлкен допты алып береді немесе тағы басқа жағдайларда көмек көрсетеді


Ішіп-жеуге болмайды, сондықтан да шөліңді қандыру үшін ұсақталған мұз беріледі. Бұл уақыт аралығында палатада отбасың мен достарың бола алады. Анестезия кезінде кереуетте жату қажет. Уақыты келгенде сіздің жүктілігіңізді жүргізген акушер келеді. Сонымен қатар медбикелер болады, акушер нені қашан істеу керектігін айтып тұрады. Күйеуіңіз жаныңызда болуы мүмкін. Босанғаннан кейін басқа палатаға ауыстырады да, белгілі бір уақыт аралығында тексеріп тұрады. Сізді ауруханадағыдай тамақтандырады. Емізу бойынша маман келіп, баланы емізуді үйретеді. Бәрі өте сыпайы және сізді үнемі сергітіп отырады.


Босанғаннан кейін


Егер көлігіңізде балалар креслосы болмаса, сізді ауруханадан шығармайды. Жақсы кресло 60 000 теңге шамасында. Ең тиімді жөргектердің 42 данасы 2000 теңге тұрады. Оған қосымша дымқыл майлықтар сатып алынады — 800 данасына 4500 теңге. Бірінші баламыз болған соң оған не болғанын білмеген кезде айына 1-2 рет жедел жәрдем бөлімшесіне барып тұрдық. Әдетте, ауруханаға бару медициналық сақтандырумен 50 000 теңге тұрады. Сақтандырусыз бағасы екі есе өсуі мүмкін. Бала күтушіге сағатына 6000 теңге төленеді. Аптасына толық бес күнге айына 200 000 теңге көлемінде төленеді. Бұл Аризонадағы бағалар. Бұл үлкен қалаларда тіптен көбірек болады.


18596587_10212825490094917_66353033_o.jpg


Сақтандырусыз бала босану 6 миллион теңгеге шығады, кесар тілігі одан қымбатырақ тұрады


Ауруханадан шығарда балаға туу туралы сертификат беріледі. Оның негізінде әлеуметтік сақтандыруды және кейін бөлек төлқұжатты алуға болады.


АҚШ-та бала босанғысы келетіндерге арналған кеңестер


Егер босану ерте басталса, ұшудан кейін қалпына келу үшін ерте келгеніңіз жөн. Ғаламтордан ауруханалардың, сондай-ақ акушерлердің рейтингін де табуға болады. Ағылшынша білмесеңіз, бірнеше сөзді үйреніп алыңыз, себебі босану кезінде таныстарыңыздан тек бір адам ғана қатыса алады. Мысалы, push — «күшеніңіз», сандар мен «сәлеметсіз бе» және «рахмет» деген сөздер де өте оңай.





Мира Солтыбаева, туған қаласы — Алматы


Босануға дайындық


Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегідей мұнда да емханаға есепке тұрасыз. Мұнда қандай әйелдер кеңесіне бару керектігін, арзан немесе қымбат орынды таңдай аласыз. Кеңес алуға барғанда гинеколог дәрігерлердің тізімін ұсынады. Негізінен, егер бұл жауапты клиника болса, сіз веб-сайтын тауып, дәрігер туралы пікірлерді оқып шығыңыз, сондай-ақ клиника туралы да оқып алыңыз.

Біз клиникаға қағаз мәселесімен бардық, себебі бізде босану сақтандыру компаниясы арқылы жүзеге асты. Егер қолма-қол төлесеңіз, бұл жеңіл әрі тез. Белгіленген күні келіп, анализдер тапсырасыз. Ары қарай ішкі ағзаның УЗД жасап, ақшасын есептеп береді.

Кейін қарапайым кесте бойынша айына бір рет тексеріп тұрады. Мерзім жақындағанда — екі аптада бір рет, ал мерзімнің соңына қарай — апта сайын тексереді. Дәрігерлер жақсы, олар өз ісін біледі. Бірақ, адам көп және бәріне қызмет көрсетуге үлгеру үшін тез тексереді. Егер бірдеңе дұрыс болмаса, сізге арнайы уақыт бөліп, мұқият тексереді.

Жүкті әйелдер үшін көптеген жеңілдіктер бағдарламасы бар


Материалдық және моральдық тұрғыдан көмектесетін түрлі ұйымдар бар. Бірақ, бұл адамдардың өзіндік санаты бар. Бұл аз қамтылған отбасылар немесе жалғыз басты аналар. Алайда, мақсатты түрде Америкаға туристік визамен келсеңіз, барлығын өздері төлеп жібереді деген сөз емес. Өте көптеген тексерістер болады, себебі негізінен жеңілдіктер АҚШ азаматтарына және мұнда оқып немесе жұмыс істеп жатқандарға беріледі.

Босану қалай өтті

Ештеңеге қарамастан, сіздің жағдайыңыз туралы білетін дәрігер босандырады. Менің жағдайымда дәрігерім еңбек демалысында болған соң кезекші дәрігер болды, бірақ қызмет сапасы бірдей. Сіз келген кезде бәрі дайын болады, сізге бекітілген медбике мен бөлек палата болады. Ол ауысымы аяқталғанға дейін бастан-аяқ сіздің жаныңызда болады. Ол әр қоңырауға жауап береді, өзінің нөмірін қалдырады. Ол сізді тамақтандырады, тыныштандырады. Бірақ, жаныңызда серігіңіздің болғаны дұрыс, себебі босану онсыз өтпейді. Босануға серігіңіз қатысады.


18618718_1422105657846571_1359456478_o.jpg


Үлкен палата барлық қажетті техникамен жабдықталған: барлық арнасы бар теледидар, тоңазытқыш, мини-асхана, дәретхана, душ, трансформер-кереует және қонақтарға арналған диван. Бәрі осы палатада өтеді. Медбике қан қысымын, температураны бақылайды, ауруды басатын дәрілер береді, ал сәби дүниеге келерде ол дәрігерді шақырады. Бір секунд өтпестен дәрігер мен төрт медбике келеді. Дәрігер баланы қабылдап алады да, серік болып қатысқан адам кіндігін кеседі. Бір медбике мұның бәрін суретке түсіреді (сіздің рұқсатыңызбен және сіздің жеке архивіңіз үшін), қалғандары дәрігерге құралдарын ұсынып тұрады, ал біреуі әйелдің жағдайын бақылайды, ал басқасы баланы тексереді. Бәрі өте жайлы әрі тез өтеді. Бес минуттан соң өзіңіздің құндақтағы сәбиіңізді құшағыңызға аласыз.


Босанғаннан кейін не болды


Госпитальден шыққан соң егер сізде сақтандыру болмаса, босану сізге 3 миллион теңгеге шығады. Жеңілдік сақтандыру компаниясы мен госпиталь арасында жүреді,бірақ оның бәрін өзіңіз төлейсіз, сонда толық соманы өтеген болып есептелесіз. Ауруханадан шығарар алдында сізді міндетті түрде гинеколог-дәрігер, балаңызды педиатр тексереді. Сондай-ақ, емізу бойынша маман сіз бен балаңызға бірнеше жаттығуды үйретеді, сүттің мол болуы үшін не істеу қажеттігін айтады.


Кейін медбике мүгедектер арбасын алып келеді, сіз соған отыруыңыз керек.


Бұл заң: жас босанған ана госпитальдің ішінде өзі жүрмеуі тиіс


Ол сізді көлікке дейін жеткізеді де, отыруға көмектеседі. Бала автокреслода болуы қажет.


Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің азаматтары Америкаға арнайы келіп, бала босанады. Себебі, туа салысымен ұлтына, түсіне қарамастан бұл бала толыққанды АҚШ азаматы болып шыға келеді. Бала дүниеге келгеннен төлқұжатын алғанға дейін 6 апта уақыт кетеді. Кей жерлерде бұдан тез, кей жерде ұзақ шығар. Бұл штат пенқалаға байланысты.


АҚШ-та бала босанғысы келетіндерге арналған кеңестер


Жүктілігіңіз бен босану үшін 6 300 000 теңге шығын шығаруға тура келеді. Бұл сіздің қай жерде тұратындығыңызға байланысты. Бағалар штаттан штатқа, қаладан қалаға, маманннан маманға қарай өзгеріп отырады. Егер сіз мұнда босануға келсеңіз, тұратын жер мен тамаққа кететін күнделікті шығындар мен бірнеше мыңдықты артық әкелгеніңіз жөн. Көпшілігі босану үшін Флоридаға барады. Ол жердің климаты да жақсы, жемістері де тәтті. Ал қызметтердің толық пакетін ұсынатын компаниялар жеткілікті. Сондықтан, Америкада босанамын деп шешсеңіз, барлық қалалар мен штаттар жөнінде ақпаратты дұрыстап анықтап алыңыз.




Динара Мурзабекова, 32 жаста, туған қаласы – Астана


Үлкен ұлым Мәди биыл жетіге толады. Отау құрғанымызға биыл 8 жыл болды. 2009 жылы жолдасым америкалық грант ұтып алып, Арканзас штатына магистратураға түсті. Осылайша, біз Штаттарға жол тарттық. Ол кезде маған жұмыстан кетуге мәжбүр болдым, себебі күйеуімнің оқуы екі жылға созылатын болды.


Босануға дайындық


Біз Арканзас штатында тұрдық және Америкада ана мен бала денсаулығына үлкен мән беріледі, аз қамтылған отбасыларға қосымша көмек көрсетіледі.


Мысалы, Women, Infant and Chilgren — бұл аналар мен 5 жасқа дейінгі тамақтану бағдарламасы


Бұл бағдарлама бойынша аналар арнайы талондар бойынша дүкеннен емізуге және балаларға қажетті тағам: балалар тағамы, сүт, нан, ботқа және басқаларын алуға мүмкіндік береді. Әйелдерге тамақтандыру бойынша кеңес беріп, емізуді жақсартуға көмектеседі.


Мен муниципальды клиниканың қабылдауына бардым, оған қарапайым азаматтар барады. Жекеге барып жүргендей болдым: кезек жоқ, бәрі алдын ала жазылу бойынша жүреді. Үлкен балалармен келсең, олардың ойнауына арналған арнайы аймақтар бар. Қабылдауға жиі барған жоқпын. Егер жүктілік жақсы өтсе, артық анализ тапсыруға шақырмайды.


Қызметкерлер өте жақсы, бәрі ұйымшыл. Дәрігерлер мен медбикелер өте сабырлы, барлық сұраққа жауап береді. Егер жаңа дәрігер келсе, ол өзін таныстырып, неге келгенін, маған және балама не істейтінін айтады.


Босану қалай өтті


Ұлым өз мерзімінде, сап-сау болып дүниеге келді. Оның жанында күйеуім болды. Оған жанында болуға рұқсат етті. Палаталар өте ыңғайлы, онда қажеттінің бәрі бар. Бұл жайлылық бәріне қол жетімді. Күйеуімнің бөлек диваны мен теледидары болды. Дәрігерлер әр сағат сайын жағдайды тексеріп отырды. Ішіме арнайы адаптерлер орнатылып, баланың жүрек соғысын тексеріп тұрды. Босану бөлімііне жіберген соң дәрігелердің босанатын әйелдің қолына «Attention! Allergic!» деген білезіктер тағылады. Бұл жағдайы ауырлап кетсе, дәрі үшін қажет болады.


18596716_1939049649454388_575381140_o.jpg


Босанғаннан кейін не болды


Ұлым туған соң оны жуындырып, құндақтап, жанымдағы тербемелі кереуетке жатқызды. Егер тексеріске алып кететін болса, қайда және не үшін екенін ескертіп отырды. Клиникада емізу бойынша маман бар, ол баланы емізуге қалай үйрететінін көрсетті. Екі күннен соң клиникадан шықтық. Шығарар алдында авторкреслоның бар-жоқтығын тексерді.

Бұл заңмен қарастырылған: барлық нәрестелер мен балаларды балалар автокреслосымен тасымалдау керек


Қазақстанда екінші және үшінші баламды перзентханадан шығарған кезде ешкім де автокресло сұраған жоқ.


Біз Штатта босану ақысын төлеген жоқпыз. Мемлекеттік медициналық көмек алуға өтініш бердік. Біздің өтінішімізді қабылдады, тек жауап күттік. Әрине, бұл бағдарламаға жүз пайыз арқа сүйей алмаймыз ғой. Содан бір ай өткенде бізге медициналық сақтандыруды растаған хат келді.


АҚШ-та бала босанғысы келетіндерге арналған кеңестер


АҚШ-та бала босанамын деп шешкен болашақ аналарға жеңіл босануды тілеймін. Бастысы, сіздің балаларыңыздың автокреслосы болуы тиіс және Америкада БЦЖ екпесін салмайтынын ескеріңіз.