Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
respublikaly-fizika-matematika-mekteb-rfmm-e-toly-zholn-s-a

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІ (РФММ) : ЕҢ ТОЛЫҚ ЖОЛНҰСҚА
654

11.08.2017

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІ (РФММ) : ЕҢ ТОЛЫҚ ЖОЛНҰСҚА

Осы жазда Астана қаласының мектептегі білім беруінде маңызды оқиға болды – астанада Республикалық физика-математика мектебі ашылды. БІЗ оның дәлізінде серуендеп, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен РФММ оқудың қалай екендігі туралы сөйлестік.


АСЕЛ СТАМБЕКОВА
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары



АСТАНАДА МЕКТЕП АШУ


Мектеп биылғы жылдың 25 шілдесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ашылды


DSC_8039.jpg


DSC_8035.jpg


Мемлекеттің дамып келе жатқан әлеуетін ескере отырып, Алматыдағы жалғыз мектептің жеткіліксіздігі айқын еді. Республикалық физика-математика мектебінің бітірушілері қазіргі уақытта Пармалентте қызмет атқарып, «Яндекс» сияқты ірі халықаралық компаниялардың негізін қалаушылар. Бұл жерде әр түрлі дәрежелердегі интеллектуалдық олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындайды. Сондықтан РФММ қамқоршылық кеңесінің басшысы Кәрім Мәсімов мектептің филиалын Астанада ашуға шешім қабылдады. 2000 аса өтінімдер келіп түсті, мектептегі бір орынға шамамен 3 адам үміткер болды.


DSC_8040.jpg


DSC_8048.jpg



ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ


Қабылдау емтихандары физика, математика және оқу тілі: орыс тілі немесе қазақ тілі бойынша өтеді. Біз сондай-ақ оқытуды ағылшын тілінде өткізудің қажет екендігін түсіну үшін ағылшын тілін қаншалықты меңгергендігін тексереміз. Бірінші сыныпқа түскісі келетіндерге біз балалармен әңгімелесулер өткіздік. Сыныпты қалыптастыру, мұғалімнің баламен жұмысын құру кезінде ескеру үшін бізге баланың даму деңгейін білу маңызды. Қазір мектепте 942 оқушы бар. Олардың көбісі Астана қаласынан, бірақта Қызылорда облысынан, Атырау, Ақтөбе және Алматыдан келгендер де бар. Кейбір математиктер осында жұмыс істеу үшін Алматыдан келген. РФММ оқыту орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі.


DSC_8062.jpg


DSC_8090.jpg



ОҚУ БАҒАСЫ


1-7 сынып аралығында оқу ақылы, жылына 800 000 мың теңгені құрайды


Жоғарғы сыныптарға бағасы — 980 000 теңге, бірақ олар үшін гранттар көзделген. Осы жылы мемлекет әлеуетін ұсынатын жоғарғы сынып оқушыларына мектеп 200 грант бөлді.


DSC_8068.jpg


DSC_8087.jpg


Асханада тамақтану бір жылға шамамен 200 000 мың теңгені құрайды. Асхана иелері халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдап, 50 баланы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұсынды.


DSC_8053.jpg



ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ


Мектеп ғимаратында бастапқыда НЗМ, содан кейін Астана Халықаралық мектебі орналасқан болатын. Сондықтан материалдық-техникалық базаның бір бөлігі бізге солардан қалған, ал қалғанын өзіміз сатып алдық. Біз химия, физика, биология және информатика сыныптарына жаңа шкафтар мен жабдықтар сатып алдық. Мектеп жаңадан қалыптасып келе жатқандықтан кей кездерде қиындықтар да туындап отырады және ата-аналар осыған байланысты алаңдайды, бірақ біз олармен сенімді қарым-қатынас орнатып, жақын арада барлық мәселелердің шешілетініне сендіруге тырысудамыз. Жалпы, біз оны еңсердік.


DSC_8157.jpg


Ғимарат 3 қабаттан, 24-25 оқушы сиятын 40 сыныптан тұрады. Ұлдар балаларға және қыздар балаларға арналған дене шынықтыру залдарында балалар бөлек айналысады, сондай-ақ бастауыш сыныптарға арналған бөлек зал бар. Мұғалімдер негізгі бағдарламадан басқа емдік дене шынықтыруды да өткізеді.


DSC_8113.jpg



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРҒА ҚАТЫСУ


Бейінді білім беруден басқа біздің мектепте әр түрлі пәндер бойынша олимпиадалық резерв бар. Бұл мемлекеттік бағдарламадан ерекшеленетін аптасына екі-үш рет мұғалімдермен мүлдем басқа сызба бойынша дайындалатын балалар.


РФММ бейіні балалардың сабақ кестесінде математика мен физика 2-4 сағатқа көп.


DSC_8127.jpg


Әрина, басқа мектептерден келген балалардың бастапқы кезде осындай жағдайға бейімделуінде қиындық туындатады. Мектептегі сабақ таңғы сегізден төртке дейін өтеді. Төрттен бес жарымға дейін олимпиадағы қатысушылар аптасына екі-үш рет қосымша сабақтарға барады.


DSC_8097.jpg


Қазіргі кездегі біздің басты міндеттеріміздің бірі – бұл IPhO, Физика бойынша Халықаралық олимпиада, Информатика бойынша Халықаралық олимпиада. Ол үшін біз Массачусетс технологиялық университетінің студенттерін біздің балалармен роботехника бойынша айналысуы үшін шақыртамыз. Сондай-ақ біз философия бойынша Халықаралық олимпиаданы өткізуді жоспарлаудамыз.



ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІ


Оқу жылының басында біз аға және орта буын оқушылары арасында жәрмеңке өткізіп, әр түрлі 20 клуб ашуға ұсыныс жасадық. Әрине, қазіргі уақытта 20 клубтың барлығы толықтай жұмыс істемейді, бірақ біз санға басымдық бермейміз. Ең үлкендерінің бірі – ол Youth leadership club («Жас көшбасшылар клубы»),бұл жерде Клуб психологтарымен кездесулер үнемі ұйымдастырылып, балалар өздерін алаңдататын тақырыптарды өзара талқылайды.


Қаңтар айында оқушылар мектеп ішінде TEDx өткізуге дайындалуда


DSC_8144.jpg


Идеядан бастап саханалық көріністер мен спикерлерді іріктеуге дейін балалар оны толықтай өздері ұйымдастырады. Біз оларға тек сөздерін дайындау мен кейбір ұйымдастырушылық жерлерде көмектесеміз. Сондай-ақ мектепте валейбол мен баскетбол бойынша әйелдер құрамасы, волейбол бойынша жігіттер құрамасы, шахмат клубы, Қазақ-түрік лицейлері мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрамаларымен достық матчтарда ойнайтын футбол бойынша құрама бар. Шахмат клубымен біз бір уақытта шахмат ойнау сеансын өткіздік: 25 оқушы халықаралық гроссмейстер Дармен Сәдуақасовқа қарсы ойнады. Қорытындысы сеанс екі тең ойынмен аяқталды – біреуі оныншы сынып оқушысына қарсы, екіншісі бірінші сынып оқушысына қарсы.


Жақында бесінші- оныншы сынып оқушылары арасында әр түрлі үй өнімдерінің пісірілген нандары мен тәттілерін сатқан қайырылымдылық жәрмеңкесі өтті. Барлық түскен қаражатпен біз Best for kids қорымен бірге Ақмола облысының балалар үйіне көмек көрсетеміз.



РФММ НЕНІ ҮЙРЕТЕДІ


Мектептің техникалық бейініне қарамастан, біз балалардың гуманитарлық тұрғыдан дамуына да үлес қосамыз


DSC_8074.jpg


DSC_8076.jpg


Оның қарауына мектеп хоры, тілдік үйірмелер, үстел теннисі секциялары, музыкалық аспаптарда ойнау секциялары бар.


Біз математика мен физикаға бейімі бар балалардың көпшілік алдында сенімді сөз сөйлей алмайтынын жиі байқаймыз. Сондықтан біз қазіргі уақытта математика бойынша емтиханды ауызша тапсыруды енгіздік, мысалы онда оқушы Пифагордың теоремасы қалай дәлелденетінін айтуы қажет. Сондай-ақ, презентация сабақтары да бар, онда оқушылардың өздері бүкіл сабақты өткізе алады.


DSC_8135.jpg