Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
reseyl-k-aza-tar-zh-mys-a-ornalasu-zh-ne-reseydeg-m-nay-gaz-salasynda-y-zh-mys-erekshel-kter-turaly

Ресейлік қазақтар жұмысқа орналасу және Ресейдегі мұнай-газ саласындағы жұмыс ерекшеліктері туралы
90

15.04.2018

Ресейлік қазақтар жұмысқа орналасу және Ресейдегі мұнай-газ саласындағы жұмыс ерекшеліктері туралы

Болат Исенов, 23 жаста, туған жері — Тюмень, «Роснефть-Юганскнефтегаз» құрылыс бақылау басқармасының маманы

img.jpg

Жұмысқа орналасу туралы



Мен бұрыннан бері «Роснефтьта» жұмыс істегім келді, бірақ орналаса алмадым, себебі жұмыс тәжірибем болмады. Жарты жыл бойы тәжірибе жинау үшін басқа келешегі төмендеу компанияда жұмыс істеп, ай сайын «Роснефтьқа» түйіндемемді жіберіп отырдым. Ақырында мені байқап, Нефтеюганскке әңгімелесуге шақырды. Келдім, әңгімелесуден сәтті өттім, бас директор мен оның орынбасарын осы лауазымға лайықты екеніме сендірдім, енді, міне, мұнда бір ай көлемінде жұмыс істеп келемін.



Жұмыс шарттары туралы



«Роснефть» — «Газпром», «Лукойл» секілді келешегі бар Ресейлік мұнай компаниясы, бірақ бұл жерде мүмкіндіктер мен келешектер көбірек және мансаптық өсу бар. Сен он жыл бойы бір қызметте отырмай, жарты жылдан кейін лауазымды жоғарлатуыңа болады. Қазір мен ең төменгі лауазымда жұмыс істеймін, бірақ сапалы жұмыстың арқасында бөлім, топ бөлімінің бастығы, ал келешекте бас директордың орынбасары бола аламын. Бұл жақсы мүмкіндік, себебі мұнда қызметке жұмысты түсінбейтін таныстарды алу деген жоқ.

Мен құрылыс университетінде «автомобиль жолдары» мамандығы бойынша оқыдым, және мұнда құрылыс бақылау басқармасының маманы болып жұмыс істеп келемін. Менің міндеттерім кен шығатын жерге барып, мердігер мекемелердің жолдарды бұтақ алаңдарына сепкендерін бақылау, кейіннен ол жерде бұрғылау қондырғыларын белгілеп, мұнай өндіреді. Әдетте мұнайды батпақты жерде өндіреді, сондықтан алдымен жолды алаңға төсеу керек. Мен бұл үрдісті қадағалап, басшылыққа есеп беремін.

Менің ұжымым үлкен, тәжірибелі. Егер бір нәрсені түсінбесем, әріптестерімнен сұраймын, олар көмектеседі.

Бізде жұмыс жағдайлары жақсы, компания қызметкерлерін сақтайды. Жұмыс күні 08:30-дан 18:00-ге дейін, түскі үзіліс бір жарым сағат, апарып тастау бар, пәтер ақысын төлейді, жалақы толығымен қанағаттандырады.



Жұмыс артықшылықтары мен қиындықтары туралы



Мұнай өндіруші компанияда жұмыс істеудің артықшылығы — оның тұрақты жалақыны қамтамасыз етуінде және сен болашағыңа сенімді бола аласың. Ақша жинап, отбасы құрып, жылжымайтын мүлікке инвестиция жасауға да болады. Маған менің табысыма деген сенімділігім ұнайды.

Бұл ретте жауапкершілік көп. Бұдан басқа менде қиындық жоқ.



Жоспарлар туралы



Әрине, жоспарларым өте көп, алайда қазір мен өзімді осы салада дамытамын. Мақсаттар қойылды және оларға жету керек, ұмтылып, дамитын белестер бар.


Джамбул Жунубаев, 23 жаста, туған жері — Тюмень, АСУ ТП инженері

18947936_134580177100872_6901128248344707072_n(1).jpg

Жұмысқа орналасу туралы



2015 жылы Тюмень мұнай-газ университетін «Технологиялық процесстерді автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірдім. Оқудан кейін бірден мұнай және газ өнеркәсібінде технологиялық нысандарды автоматтандырумен айналысатын сервистік компанияға орналастым.



Жұмыс шарттары туралы



Біз мұнай компаниялары үшін бағдарламалық қамтамасыздықтарды енгізумен және әзірлеумен айналысамыз. Жұмыс барысы: жобаға тапсырыс аламыз, тапсырыс берушінің жобалық институтымен байланысып, нысандағы үрдістерді автоматтандыруға жауап беретін белгілі құралдарды жинаймыз.

Бұрын қолмен жұмыс істеген ескі нысандарды модернизациялаймыз. Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлегеннен кейін, нысанды компьютер арқылы басқаруға болады немесе ол автономды режимде жұмыс істей алады. Нысан жұмысын жеңілдетеміз деп айтуға болады. Бізде жақсы, тату ұжым, онда жұмыс істеу өте ыңғайлы. Біз мұнай-газ нысандарына іссапарға шыққан кезде кейіннен демалысқа айналатын тәуліктік және қосымша сағаттарды аламыз. Мысалы, жасалған жұмыстан кейін демалып, қалпына келу үшін бірнеше күн демалыс алуға болады.

Төлемақы туралы айтатын болсақ, бұл жас маман үшін лайықты жалақы, ол орташадан жоғары. Егер тырыссаң, онда компания өсу және жалақыны арттыру үшін мүмкіндіктер ұсынады.



Жұмыс артықшылықтары мен қиындықтары туралы



Маған даму үшін тұрақты мүмкіндіктер бар болғаны ұнайды, жұмыс барысында мен жобалау, бағдарламалау және басқа салаларда да жаңа дағдыларға ие болдым. Бір орында тұрмайсың және тырысқан уақытта көпке қол жеткізуге болады. Жұмыс барысында күйзеліс жағдайлары жиі туындайды, оларды шешудің жаңа жолдарын ойлап табу керек, түрлі тәсілдерді қарастырамыз, ал бұл пайдалы тәжірибе.

Қиындықтар туралы айтатын болсақ, тапсырыс берушілермен шешілмейтін мәселелер пайда болады. Кейде біз бір келісімге келеміз, ал аяғында мазмұны мен қорытынды нәтижесіне бойынша келіспей қаламыз. Олар соңғы сәтте жаңа талаптар қойған кезде, іссапар созылатын жағдайлар да болады.



Жоспарлар туралы



Бұл салада жұмыс істеп, ешқашан барлығын білетініңді айта алмайсың. Жаңа жобаны алған әр кезде жаңа нәрсені зерттейсің, талаптарға бейімделесің. Бір нәрсені білген жақсы, ал егер көбірек білсең — бұл одан да мықты. Маған мұнда ыңғайлы және ұмтылатын нәрсе бар.


Талгат Жанбурчинов, 24 жаста, туған жері — Тюмень, ОАО «Сургутнефтегаз» инженер-жобалаушысы

pIbDx6D2NI4.jpg

Жұмысқа орналасу туралы



Мен Тюмень мұнай-газ университетінде «Мұнай-газ ісі» бакалавриат мамандығы бойынша оқыдым. Бұл бағытты таңдау себебім — мұнай-газ саласының келешегі бар болуы және лайықты төлемақыны қамтамасыз етуі.

Мен үшінші курстан кейін тәжірибе іздеген кезде жұмыс істей бастадым. Кафедрада маған Тюменьдегі Сургут ғылыми-зерттеу жобалау институтының жобалар мен ғылыммен айналысатын ОАО «Сургутнефтегаз» бөлімшесіне жұмысқа тұруға ұсыныс жасады. Басшымен сөйлесіп, бір-екі айға тәжірибе өту үшін келдім. Тәжірибеден кейін маған жоғары білім туралы диплом болмағандықтан жарты мөлшерлемеге техник ретінде жұмысқа шақырды. Осылайша мен бүкіл төртінші курс бойы жұмыс істедім, ал диплом алғаннан кейін инженер-жобалаушы болып толық мөлшерлемеге жұмысқа шықтым. Сонымен қатар мен «Мұнай және газ орындарын игеру» бағыты бойынша магистратурада оқыдым.



Жұмыс шарттары туралы


Мен желілік құрылыстарды жобалаудың технологиялық бөлімінде жұмыс істедім. Біз жобаларды әзірлеумен және алдағы кен шығаратын жерлерге баратын жобалық құжаттарды дайындаумен айналысамыз. Дәл осы сызбалар бойынша құбырларды тартады. Әрине, мұнай-газ саласында ірі компанияда жұмыс істеген дұрыс. Бізде олар көп емес: «Газпром», «Лукойл», «Ростнефть», «Сургутнефтегаз».

Ірі компанияларда мансаптық өсу, жас мамандар үшін көптеген мүмкіндіктер және түрлі конференциялар бар. Жұмысқа орналастыру кезінде шағын көтермелер, толық әлеуметтік пакет және тоқсандық сыйлықақы береді. Мұндай жұмыс тұрақтылық пен жақсы жалақыны қамтамасыз етеді.



Жұмыс артықшылықтары мен қиындықтары туралы



Менде қиындықтар болған жоқ. Ұжым мені жақсы қабылдады, теориялық негізін білдім, ал қалғанын маған үйретті. Жақсы тәлімгерім —маған көмектескен басшым болды, сондықтан да мен жұмыс ырғағын жеңіл кірістім.
Мұндай жұмыс үлкен кәсіби тәжірибе, өзіңе деген сенімділік береді, үнемі өз күшіңді тексересің, өзіңді тұлға ретінде дамытасың. Университетте оқыған кезде не істейтініңді және қалай істейтініңді елестету қиын, қазір мұнай-газ саласындағы негізгі жұмыс үрдістері қалай өтетінін түсінемін және офисте де, кен шығару орнында да жұмыс істей аламын.