facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
oraldy-tardy-13-belg-s
logo
Оралдықтардың 13 белгісі
Таңғажайып Қазақстан

28.11.2016

Оралдықтардың 13 белгісі

Оралдықтардың 13 белгісі

1. Қазақстанның барлық аймағында төрт жыл мезгілі болса, Оралда — алтау. «Құралай» — мамыр айының соңында ыстық күндерден кейін жаңбыр шелектеп құятын уақыт. «Бес қонақ» — 8-18 сәуір аралығында күннің күрт суытуы. Аңыз бойынша, бес адам көктем келіп, күн жылынды деп серуендеуге шыққанда өте салқын жел соғып, аяз түсіп, олар қатып қалған екен.

2. Халық арасында оралдық қыздар әдемі саналады.

3. Жергілікті тұрғындардың қазақша сөйлейтіндері сирек, халықтың көпшілігі орыс тілін жетік біледі.

4. Оралдықтарды бір ғана «Не зат?» деген сөзінен тануға болады. Ал бұл өңірде «тәте» деп әкенің інісін айтады.

5. Орал тұрғындары бала кезінен суда жақсы жүзеді. Себебі, бұл аймақ өзен, көлдердің көптігімен ерекшеленеді.

6. Еуропа мен Азияның арасындағы шекараның Қазақстан аумағынан өтуі — әлі күнге дейін даулы мәселе. Бірақ, ештеңеге қарамастан, оралдықтар өздерін еуропалықтарға жатқызады әрі сонымен мақтанады.

7. Жергілікті жұрт тік мінезді, турашыл болып келеді. Ал бұны өзгелер көп жағдайда дөрекілікке балап жатады.

8. Тек Оралда және батыс өңірінің басқа да қалаларында ежелгі мереке — «көрісу айт» («амандасу») сақталған. Бұл — жаңа өмір мен жаңа жылдың басы. Дәл осы күні адамдар өзара қол берісіп, төс қағыстырып амандасады, бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Үйді-үйге кіріп сәлем берген балалардың қалтасы кәмпит, құртқа толады.

9. Оралдықтар тағамға етті көбірек қосады.

10. Тек Оралда ғана тегін мобильді байланыс бар. Aсtiv желісіндегі арнайы «Уральский+» тарифі бойынша, сөйлесудің бірінші минутына ғана абоненттік төлем алынады да, қалған минуттарда тегін сөйлесуге болады.

11. Оралдың әуежайындағы рейс кестесінің қашан, қалай өзгеріп кететінін ешкім болжай алмайды. Әуежайдағы үнемі жүретін жөндеу жұмыстарына байланысты жиі келеңсіздіктер туындайды.

12. Оралда ресми таксилердің қызметін пайдалану кең тараған. Мұнда көшеде такси тоқтатқан адамды сирек кездестіресіз.

13. Оралдықтар «тәтәй» сөзін «әдемі», «жақсы» мағынасында қолданады. Егер бұл өңірге келін болып түссеңіз, онда қайын іні, сіңілілеріңіз сізді «тәтәй апа» деп атайды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.