Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай

Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Он жылдықтар бойы жұмысын ауыстырмаған қазақстандықтар

2132

16.06.2017

Он жылдықтар бойы жұмысын ауыстырмаған қазақстандықтар

Сәдірбай Нұржанұлы Әубәкіров



63 жаста, өндіріс инженер-механигі


40 жыл  «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС-де


 

«Механик» мамандығы бойынша орта арнаулы білімім бар. 1977 жылы әскерден келіп, бірден жұмыс іздей бастадым. Сол кезде маған жұмысқа орналастыру бюросына баруға кеңес берді. Бюро арқылы Целионградтық нан өнімдері комбинатына электрик ретінде жұмысқа орналастым, кейін инженер-механик болдым.


DSC_3633.jpg


«Концерн «Цесна-Астыққа» келгеннен бастап өз орнымды таптым және өмірімді соған арнаймын деп шештім. Мен өз жұмысымды қатты жақсы көремін. Маған жұмыстың қалай құрылғаны, құрал-жабдықтарды өзгертуге және жөндеуге болатыны ұнайды. Бірдеңені істеген кезде оның бірден нәтиже беретіні жақсы ғой. Бірден көңіл-күйің көтеріліп, жұмыс істеуге ынталана түсесің.


Менің бұл компанияға жұмысқа орналасқанымнан бері 40 жыл өткен. Бұл уақыт аралығында, әлбетте, көп нәрсе өзгерді. Өзім де өзгердім, жауапкершілігім арта түсті, тәртіппен және топпен жұмыс істеуді үйрендім. Осы үшін ұйымшыл ұжымыма рахмет айтамын. Біз үнемі бір-бірімізге хабарласып, үйлесімді жұмыс істейміз, ортақ пікірге келеміз және бір-бірімізді сыйлаймыз. Осы орайда, қызметтік автобус пен тегін түскі ас беретін басшылыққа алғыс білдіргім келеді.  


DSC_3643.jpg


DSC_3648.jpg


DSC_3694.jpg


Жұмысым маған ертеңгі күніме деген тұрақтылық пен сенімділік берді. 2008 жылы маған автокөлік сыйлады. Әрине, мен оған қатты қуандым және әлі күнге дейін соған мініп жүрмін.



Руза Ибжанқызы Рахымжанова



75 жаста, профессор, оқытушы


51 жыл Казтұтынушылародағының Қарағанды экономикалық университеті



1964 жылы институттың жаратылыстану-географиялық факультетін бітірдім және мектепте география пәнінің оқытушысы болып жұмыс істедім. 1966 жылы қаладан, Қарағандыдан, Орталықодақтың Кооперативті институты ашылып жатқаны туралы хабарландыруды көріп қалдым. Сол уақыттан бері осында жұмыс істеп келемін, алғашқы талапкерлерді қабылдауға қатыстым.  Университетіміз қазір Қазтұтынушылародағының Қарағанды экономикалық университеті деп аталады.


DSC_3728.jpg


Көп жылдар бойы экономикалық географиядан сабақ бердім. Еңбек өтілі аз жас маман ретінде, алдымен бәрін үйрендім, мәскеулік және новосібірлік жоо-на барып, тәжірибе алмастым, санат жоғарылатудан өттім, Одақтың орталық жоо-да аспирантурада оқыдым. Сондай мүмкіндігіміздің болғанына шүкіршілік етемін. Уақыт өте келе университетімізде экономикалық география кафедрасы ашылды, бұл кафедрада мен көп жылдар бойы меңгеруші болдым. Кейін өзгерістер орын алып, экономикалық географияны қысқартты. Соңғы 10-12 жылда басқа кафедрада экономикалық пәндерден сабақ бердім, біз онда бағалаушыларды дайындадық. Қазір университет профессоры болып қызмет атқарамын, табиғатты пайдалану, экологияға қатысты пәндерді жүргіземін. Бұл оқытушылығым — менің өмірдегі орным деп ойлаймын. Басқа салада қандай маман боларымды білмеймін.


Университетіміз уақыт өте келе өз баламдай болып кетті. Егер мен құрылған ұжымы бар дайын жоо-на келгенде мұндай сезім болмауы да мүмкін. Бірақ, мен мұнда бірінші күндерден бастап жұмыс істеймін, мұның бәрі біздің қолымызбен, біздің күшімізбен құрылды. Біз жоо-ның сәтті жұмыс істеуі үшін бар күшімізді, біліміміз бен махаббатымызды салдық. Және қазір университетімізбен мақтанамын.


DSC_3731.jpg


DSC_3744.jpg


Мұнша жыл бойы мені басқа жоо-на жұмыс істеуге шақырған емес. Қарағанды мемлекеттік университетінде факультет ашылғанда кафедра меңгерушісі болуға шақырған еді, себебі онда география ғылымдарының кандидаты болған жоқ. Алайда, мен одан бас тарттым, 50 жылдан астам уақыт бойы Қазтұтынушылародағының Қарағанды экономикалық университетіне адал болып келемін. Өзіңнің және біліміңнің, қарым-қатынасың мен үлгіңнің қажет екенін көре тұра ешқайда кете алмайсың.


Қазір Астанада тұрамын және университетіміздің қашықтықтан оқытумен айналысатын бөлімшесінде жұмыс істеймін. Қанша жыл өтсе де, ұжымымыздың рухы әлі күнге дейін сақталғанын көріп қуанамын. Жаңа адамдар, жаңа ұрпақ келсе де, бұл жоо ашқан адамдар жұмыс істеуін жалғастыруда. Жасымызға қарамастан, біз жан дүниемізбен жас болып қала береміз, бізде энтузиазм, оптимизм бар.


DSC_3764.jpg


Мен ештеңеге өкінбеймін, өміріме және Қазақстанның түкпір-түкпірінде жұмыс істеп жүрген он мыңдаған түлектеріме ризамын. 40-50 жыл өтсе де, олар мені Facebook желісінен көріп қалса, алғыстарын айтып, араласып тұрады. Кейбір студенттерімнің өзі зейнетке шыққан.

 


Салтанат Томпиева



40 жаста, Халықаралық қатынастар және авиациялық тасымалдау басқармасының жетекшісі, мемлекеттік авиациялық инспектор, «Құрметтi авиатор» төсбелгісінің иегері, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдық және 25-жылдығына орай мерейтойлық медальдарының иегері


18 жыл Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму бойынша Министрлігінде



Мен Е. А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін Халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірдім. Бұл 1998 жыл болатын, жаңа астанамыздың құрылып жатқан кезі, басқа да курстастарым сияқты өзімнің еңбек жолымды дәл осы Астанадан бастағым келді. Қолымда диплом болды, мамандығым бар, бастысы — арманым бар еді, сондықтан Қарағандыдан Астанаға келдім. Сол кезде Балқашта тұратын ата-анам да менің бастамамды құптады.


IMG-20170427-WA0014.jpg


Жас маман ретінде өз түйіндемемді барлық жерге жібердім және тағатсыздана жауап күттім, маған тағдыр сыйлайтын барлық мүмкіндікті қолданамын деп нық шештім. Азаматтық авиация комитетінің халықаралық қатынастар бөлімінде бар бос жұмыс орны туралы білдім, сол кезде атауы да қиын болатын – ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі бойынша комитеті. Сұхбаттасудан сәтті өтіп, сол кезден бастап халықаралық бөлімнің маманы болып жұмыс істей бастадым.


Менің дәрежем «Халықаралық қатынастар бөлімінің жетекші маманы» деп аталды. 19 жылға жуық түрлі бөлімдерде, экономика, статистика, инвестиция, рұқсатнамалар мен авиасаласындағы басқа да бағыттарда жұмыс істедім. Осы жылдар аралығында ұйымдар қайта құрылды, құрылым, штат, атауы және т.б. өзгерді. Ары қарай бас маман болдым, халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы болдым, кейін Халықаралық басқарманың бас сарапшысы болып жұмыс істедім. Қазір Халықаралық қатынастар және авиациялық тасымалдау басқармасының жетекшісімін, мұнда халықаралық қатынастар ғана емес, авиациялық тасымалдау және осыған қатыстының бәрі, әуежайдағы тасымалдау қызметі реттеледі.


IMG-20170427-WA0013.jpg


Басқа жалақысы жоғары орындардан жұмыс ұсынғаны рас, алайда мен бәрінен бас тарттым, себебі өз жұмысымды жақсы көремін. Күн сайын бір нәрсені қайталамаймын, әр күн сайын жаңа бір нәрсе үйренемін. Бұл саланың —  авиацияның көп қырлылығына байланысты шығар, ол әр қырлы және үнемі дамып отырады. Авиацияға ғашықпын, ол да мені жақсы көреді деп ойлаймын.


Біздің басқармамыздың міндеттері көп: реттелетін халықаралық рейстерді ашуға арналған келісімдік-құқықтық базаны орнату, мемлекетаралық және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасау, әуежайдағы тасымалдау қызметін сертификаттау, шетелдік авиатасымалдаушыларды тіркеу және т.б, бұл біреуге іш пыстырарлық жұмыс болып көрінгенімен, мұның өз романтикасы бар. Көп нәрсе, аспандағы жарқырағанның бәрі ұжымдағы кәсібилік пен жұмыстың бірыңғайлылығына  байланысты.


IMG-20170427-WA0016.jpg


Күн сайын менің дүниетанымым кеңіп келеді, себебі жұмыс бойынша өзге елдердегі әріптестерімізбен араласамыз, жаңа рейстер ашу немесе ұшу санын ұлғайту бойынша келіссөздер жүргіземіз және жаңа нәрселерді үнемі үйренуге, тәжірибеде қолдануға тырысамын. Бұл қажетті нәтижеге жетуге, көптеген міндеттерді шешуге көмектеседі. 



Махаббат Еспенова



42 жаста, атқарушы директор


11 жыл «КАМЕДА» қоғамдық қорында



Бірінші білімім медициналық, бірнеше жыл реанимациялық бөлімнің медбикесі болып жұмыс істедім. Екінші білімім бойынша педагогпін, шет тілдерінің оқытушысы: ағылшын және неміс тілі. Үнемі өз білімім мен қабілетімді адамдардың өмірін өзгерте алатындай қолданғым келетін. 


DSC_3795.jpg


20 жылдан астам уақыт аралығындағы менің қызметім Қазақстандағы азаматтық қоғамды, коммерциялық емес ұйымдарды дамытуға бағытталған. Бұл жолдың басында Алматы қаласындағы халықаралық ұйымдарда жұмыс істедім. Бір кезде менімен пікірлес адамдармен бірге бірдеңе ашқымыз келіп, «КАМЕДА» зерттеу және консалтинг орталығын аштық. Біздің міндетіміз — қоғамдық ұйымдарды бизнес және мемлекеттік құрылымдармен қарым-қатынас арқылы дамытуға көмектесу. Және біз Қазақстандағы әр коммерциялық емес ұйым өз міндетін сәтті орындаса деп армандаймыз.


Елімізде түрлі бағыттағы қоғамдық ұйымдар көп: экологиялық, мүгедек балалармен жұмыс бойынша, АИВ-жұқтырған адамдармен жұмыс, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытумен жұмыс істейтіндер бойынша ұйымдар. Олардың көпшілігіне көмек керек: өтінімді қалай жазу керектігін үйрету, ақшаны қайдан табу қажет, мемлекеттік құрылымдармен қалай байланыс орнату керек. Жұмысымыздың алғашқы блогы — оқыту: семинарлар, тренингтер, вебинарлар. Екінші блок — жанама зерттеулер жүргізу. Үшіншісі — әлеуметтік және мемлекеттік жобалар мен қызметтерді бағалау және сараптама жүргізу. Сондай-ақ, тағы бір бағыт — краудфандингті іске қосқалы отырмыз.


DSC_3787.jpg


Ішкі ережелерімізге және жалпы коммерциялық емес ұйымдардың жұмыс принципіне сәйкес ротацияның белгілі бір жүйесі бар. Алғашында Алматы қаласында жұмыс істей бастадық және жолымыздың басындағы директор Александра Казакова болды. Кейін уақыт өте келе, Астанада да тіркелдік және сол кезден мен директор боламын деп шештік. Бір жылдан соң басқа директор тағайындайтын шығармыз деген ойдамын. 


DSC_3773.jpg


Мен «КАМЕДА» қоғамдық қорында 11 жыл бойы жұмыс істеп келемін және ары қарай жалғастырмақпын. Себебі, істейтін жұмысым маған ұнайды, оның үстіне барлық жобаларымыз бен әріптестеріміздің жобалары жүзеге асатынына сенемін және ол бекерге жүзеге асып жатқан жоқ, біз расында адамдар өмірін өзгертеміз. Қазір біз қоғамдық ұйымдар қызметі туралы заңнамаға өзгеріс енгізумен айналысудамыз. Менің ойымша, патриотизм — өз-өзіңнен : «Ал мен өз елім, қалам мен айналамдағылар үшін не істедім?» деп сұрай білу.