facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
odessaly-tenor-astana-opera-sahnasynda-ner-k-rsetpek
logo
Одессалық тенор «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетпек

22.02.2018

Одессалық тенор «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетпек


Одесса Ұлттық академиялық опера және балет театрының солисі Олег Злакоман (Украина) аты аңызға айналған режиссер әрі сценограф Ф.Дзеффирелли қойылымындағы Дж.Вердидің «Аида» операсында Радамес партиясында алғаш өнер көрсететін болады. Спектакль 25 ақпан күні «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында өтеді.

Одессалық көрерменнің сүйікті өнерпазы, жарқын тенор Олег Злакоман Еуропа мен Азия елдерінде үнемі гастрольдік сапармен өнер көрсетеді. Вокалистің шығармашалығы Dunarea Albastra (Галац, Румыния), А.Дворжак атындағы халықаралық вокалистер байқауы (Карловы Вары, Чехия), А.Соловьяненко атындағы «Соловьиная ярмарка» жас вокалистердің ашық байқауы (Донецк, Украина) сынды халықаралық додаларда жеткен жетістіктерімен атап өтілді. Мәдениет пен өнер саласындағы ерен еңбегі үшін оған Н.Огренич стипендиясы тағайындалған.
«Радамес бейнесі «қимыл үстінде» болуы тиіс: көрермен алдына нағыз жауынгердің бойындағы қасиетке ие ержүрек қаһарман шығады, алайда оның үстіне Аиданы шексіз сүйетін мейірімді әрі лирикалық тұлға бола алады. Маған оның жастық шағы мен қажымас қайраты өте жақын. Радамес партиясы тенорлық репертуардағы ең күрделі партиялардың бірі екенін атап өтуге болады. Орындаушылық шеберлік тұрғысынан қарағанда ол өте көрнекті партия, оған қарап әншінің вокалдық-техникалық дағдысын толық бағалауға болады. Мен үшін осы партияда «Астана Опера» сахнасында алғаш өнер көрсету үлкен құрмет, толқу мен жауапкершілікті сезінемін. Тыңдаушыларға кемеңгер композитор Джузеппе Вердидің әйгілі шығармасынан естен кетпес әсер алуын тілеймін», – деп бөлісті Олег Злакоман.
«Астана Опера» симфониялық оркестрі және хоры, дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Қойылымның басталуы сағат 18.00-де.
Дерек көзі: 24.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.