Білім саласына бағытталған қосымша гранттар техникалық білім алуға құштар студенттердің қызығушылығын оятты. Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті алдағы таңда цифрлық технологияға негізделген жаңа мамандықтарды ашуды жоспарлап отыр. Ал облыстық жастар орталығы өзгеше ойлау қабілеттіне ие дарындарға арнап «IT park» жобасын бастады.
Қанат Байболов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры:
– Робототехника, михотроника және құрылыс саласына байланысты ақылды қала жобаларына сәйкес келетін мамандықтарды ашқалы отырмыз. Жаңа мамандықтарды ашу үшін Атластың жаңа профессиясы бойынша сараптама жасадық. Сол бойынша өзімізге 10-15 мамандықты діттеп отырмыз.
Ал облыстық Жастар рессурстық орталығы ақпараттық технологиялар саласына қызығатын жастарға арнап «IT park» мектебін ашты. Бұл жобада ең әуелі 14-29 жас аралығындағы жастарды ақысыз оқытып, цифрлық сауаттылықтың қыр-сырын үйретеді. Өзін IT саласында көргісі келетін 700-ге жуық жас жобаға қатысуға өтінім білдірген.
Айдын Есжанов, IT park» жобасының үйлестірушісі:
– «IT park» мақсаты – жастардың арасында цифрлық сауаттылығын арттыру. Одан бөлек, жастар өздерін ITжобасын ашамын десе, оларға көмек көрсету. Ол жобаға инвестиция тарту.
Қазірдің өзінде талантты жастар 5 жобаны қолға алған. Әсіресе тұрғындар үшін «Smart on» «Latyn» мобильдік қосымшаларының пайдасы мол болмақ. Смартфон гаджет арқылы аударма жасап, кез келген ақпаратты алуға болады. Ал жыл соңында 10 заманауи үздік жоба әзірленіп, іске қосылмақ.
Дерек көзі: 24.kz