facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nsh-suretsh-zh-ne-bet-boyaushy-alay-ofistan-ket-p-s-y-kt-spen-aynalysu-a-bolady
logo
Әнші, суретші және бет бояушы: қалай офистан кетіп, сүйікті іспен айналысуға болады

06.11.2017

Әнші, суретші және бет бояушы: қалай офистан кетіп, сүйікті іспен айналысуға болады

Малика Минизини, 26 жас, туған қаласы — Алматы, «Астана Опера» солисткасы


Мен мектепті бітіріп, Алматыдағы КИМЭП-ке 15 жасымда түстім. 18 жасымда ән айтып,эстрадалық вокалмен айналысқым келді.Бірақ оқытушыма келгенде, ол менің дауысым опералық болғаны туралы айтты. Сонымен бірге сирек дауыс – меццо-сопрано,осындай дауыс табиғатта өте аз. Сол кезде маған өзімді осы салада көргім келді, алайда шыңында мен ешқашан операмен айналыспадым, және оны ұнатып,түсінемін деп айта алмаймын. Алғаш рет мен «Мисс КИМЭП» байқауында сахнаға шықтым, мен қатты толғандым,бірақ адамдарға ұнады.


Malika-3.jpg


Осыдан кейін мен конерваторияға дайындық курстарына түсуге шештім, қатарлас КИМЭП-те оқып,құрылыс компаниясында жұмыс істедім. Бір жылдай дайындық курстарында оқыдым, содан соң бұл қиын екені,және мансабым мен оқуым туралы ойлану керек деп ойладым. Осылай мен дайындық курсының бірінші жылы бітіріп, вокал туралы шамамен бір жылға ұмыттым. Сол бір жылдай маған шыңымен бірдене жетпей тұрды,және 2010 жылы мен екінші дайындық курсына түстім,себебі консерваторияға түсі үшін,екі дайындық курсы қажет.


Курстарының біткенінен кейін, консерваторияға толық оқуға түсуге қажеттілігі жайлы ойлану қажет болды. Мен 19 жаста болдым, менің курстастарымның бүкілі жұмыс істеп жүрді, мен де солайша басқа фирмада қатарлас жұмыс істеп жүрдім. Анам басынан бастап менің мамандығымды ауыстырып,музыкаға кетуіме қарсы болды, себебі ол өзі бұрын музыкант болды, және бұл саланың қаншалықты қиын екенін түсінеді. Бірақ ол маған айтты, егер мен грантқа түсіп,комиссияда отырған музыканттарға менің дауысым ұнаса, сонда мен әлдеқалай осыған лайықтымын. Нәтижесінде мен грантқа түстім, алайда сайыс үлкен және гранттар аз болды.


Мен консерваторияда оқығанша,қатарлас жұмыс істедім және вокалдық қызметке аса енбедім,вокал мен үшін көп уақыт алатын хобби болды. Мен өзім үшін осы бағытты таңдаймын деп ойламадым. Бірақ,дегенмен,концерттерде өнерімді көрсетіп, байқауларға қатысып жүрдім. Мен Нью-Йоркке барып, Корнеги-Холлда ән айттым,сол байқауда мен үшінші орынға ие болдым. Италияға барып, сол жерде де үшінші орынға ие болдым. Бірақ сонда да мен әлемдік орындаушыларды тыңдап, оларға дейін жету ішін маған әлі алыс деп ойлайтынбым, және консерваторияны бітіріп,мен қайтадан вокалды тағы бір жылға ұмыттым.


_DSC7856.jpg


Мен бірінші дипломым бойынша көп уақыттай жұмыс істедім,қызмет аясын жиі ауыстырдым: құрылыс, мұнай, косметикалық компанияларда жұмыс істедім. Ал өткен жылы өз өмірімді ауыстырғым келді де,мен Астанаға көштім.


Маған қонақ үйде жұмыс ұсынды да,мен көшіп кеттім. Маған компаниям, қызметтестерім,ұжымым ұнағанына қарамастан, сонда да маған музыка жеткіліксіз болды, және мен «Астана Операда» тыңдатқызу болатынын естігенде,өзімді тексеруге шештім. Мені екінші тыңдатқызудан кейін қабылдады және бірден оларда солистка ретінде жұмыс істеуге ұсыныс жасады. Дәл сол күні мен қонақ үйдегі жұмыстан шығып кеттім.


Мен «Астана Операға» үш ай бұрын ғана келдім,және маған бұл қызмет өте ұнайды, бұл дәл менің салам екенін енді ғана түсінемін, және бұл жай ғана хобби емес, бұл менің негізгі жұмысым. Театрда бүкілі анағұрлым күрделірек, партияларды жаттау керек, үнемі дайындықтарға қатысу керек, актерлік шеберлікті оқу керек. Осы жерде сен 35 жасында жұлдыз бола аласын және сол мезетте мүлде ешқашан жұлдыз бола алмауын мүмкін. Сондықтан не сен осы жолды таңдайсын, не қолынды түсіресін. Сол себептен осы жылдар бойы маған осы шешімді қабылдау соншалықты қиын болды. Анам мені қайтадан қолдады, оның айтуынша мені «Астана Операға» алғаны бұл миллионнан бір мүмкіндік, және менде шың таланттың бар болғанын дәлелдейді. Әрине,алдымда әлі көп жұмыс бар, бірақ мүмкіндік әлдеқайда берілді, және оны қолға алу керек. Егер мен қазір істеп көрмесем, кейін кеш болады. Мен істеп көруге шештім,себебі жайлылық зонасында отыра беруге болмайды. Адам үшін ең бастысы – қалыптасып танылу және өз жұмысын сүйу. Ал театр – бұл менікі, және мен осында бақыттымын.




Азиза Сарамбетова, 24 жас, туған қаласы — Ақсай, суретші


Мен қаржы қызметкеріне оқытылып, университеттен кейін бірден «Үлкен төрттіктен» шыққан аудиторлық компанияда екі жыл жұмыс істедім. Сол жерде жұмыс оңай емес, еріксізден-еріксіз осы өмірдегі тағдырын жайлы ойлана бастайсын. Мен мектеп кезінде сурет салумен қызығатынбым, және сол кезде маған қазақстандық суретшілер жолымен баруға батылдығым жетпеді. Бірақ демалыссыз және мерекелерсіз 12-15 сағат жұмыс істейтін ересек өміріме аздап қарап,мен бүкіл өмір бойы рақаттылық алмайтын жұмыста еңбек ете алмайтынын түсіндім,себебі мен бақытты болуым керекпін.


2017-10-30 05.14.28 1.jpg


Мен жұмыстан кейін сурет сала бастадым: кейде үйге кеш келіп, сағат 11-де, мен таңғы 4-ке дейін сурет салатынбым, ал 4 сағаттан кейін жұмысқа тұратынбым. Содан соң мен өзімнің демалыстық күндерімде үйде отырып,сурет салу үшін қолдана бастадым. Мен суреттерімнен табыс таба бастағанда, бұл маған сенушілік берді,сол кезде мен жұмысымды қалдыруға шештім. Бірақ барлығынан көбірек мен анамның үлгісінен шабыттандым. Ол 20 жылдан аса қаржы мен салық саласында жұмыс істеді, ал мансабының соңында ол остеомашықтануды оқи бастады,қазір ол дәрігер дәрежесіне ие болып,адамдарды емдейді. Жақында ол да сурет сала бастады, біз екеуміз бірге үйренеміз,тәжірибелер жасаймыз, бір-бірімізге кеңес береміз. Менің жігітім де мені қолдайды,тіпті оның көмегімен мен сурет салуда жаға техниканы анықтадым,бұл техниканы мен «Ниет күші» топтама жұмыстарында қолдандым.


Менде жетекшім жоқ, мен бүкіліне тәжірибелер арқылы үйренемін. Мысалы, менде эпоксидты шайырдан салынған суреттерім бар, олардан тас үстелшіктер жасайды,гипсті суреттерім бар. Мен заманауи абстракцияларды саламын. Осындай суреттердің мағынасы – пішін мен түстердің қиюласуымен адамдарды эстетикалық тұрғыда қанағаттындыру.


2017-10-30 05.14.31 1.jpg


Менің жеке сатуларымнан бөлек,менің суреттерімді Дина Байтасованың Artios агенттігі сатады. Олар менің суреттерімді Алматыға The Art Life жобасына апарды, бұл жоба Arte di Casa интерьерлік үймен бірге ұйымдастырылды.


Егер өнерді сыйлап, оның құндылығын түсінетін айналан болса,Қазақстанда суретші болуға қиын емес. Менің таныстарым өнер заттарына ақша аямайды, суреттерді өзіне және туыстарына сыйлық ретінде сатып алады. Олар өнер – бұл инвестиция,бұл уақыт өте бұзылып, керісінше үйді өмір бойы әдемілейтін брендті әдемі зат екенін түсінеді. Заманауи өнерсіз үй – бұл жалықтырғыш және ескіріп кеткен стиль.


2017-10-30 05.14.36 1.jpg


Қазіргі кезде мен түрлі материалдармен және техникалармен тәжірибелер жасауды жалғастырамын, және мен бақыттымын, өз орнымда отырғанын және маған арналған бағытпен қозғалғанын сеземін.




Карина Ким, 25 жас, туған қаласы — Қарағанды, make up artist


Бұрын мен офиста, Қазақстанның ең ірі басқарушы компанияларының бірінде жұмыс істедім. Егер менің айналысуым туралы дәл айтсақ – мен құжат айналымымен айналыстым,бұл істің ұсақ жерлерінде жауапкершілік көп.


Карина Ким.jpeg


Мен өзімнің қызмет аясын қалайша өзгертуге шешкенім жайлы шексіз айтуға болады, бірақ іс жүзінде бүкілі өте оңай. Өнер мен шығармашылық мені бала кезімнен бастап қызықтыратын, ал заманауи әлемде өнер сонымен қоса табыс та әкеле алады. Тек бір зат қана қажет – бұл батылдық пен арманның соңынан түсуге қажетті жігерлілік.


Макияж өнеріне мен бұрыннан бері көз салдым, әрине,өзімнен бастадым, содан соң,мүмкін, басқалардағыдай сияқты: достарымнан мақтаныштарды естідім,өзіме не ол,не бұл макияжды қалай жасағаны жайлы айтып беретінбім.Мен өз жұмысымды ұнатпадым деп айта алмаймын, бірақ бір күні жұмыс күнінен кейін үйге келіп, мен кезекті ретте өз орнымда,дұрыс жерде болмағанын, дұрыс нәрсе істемегенін,менің қажет еткен немесе тиісті істпен айналыспағанын сездім. «Сүйікті іспен айналыс,сонда өміріннің бір күнінде де жұмыс істемейсін» деп айтады ғой. Сондықтан мен бұл бағытта дамып,үздік шеберлерден оқып,үйренуге шештім.


Карина макияж.jpeg


Шешім қабылдауға қиын болмады, бірақ ата-аналарыма айтуға аздап қорқынышты болды,себебі олар,өз баласына салынған кез-келген ата-аналар сияқты, кеңестік тәрбиеден өткен адамдар сияқты,менің ірі кеңседе мансабым бойынша өсіп,жұмыс істегенін күтті. Бірақ осының бүкіліне қарамастан,менің отбасым мені қолдады, бұл үшін олардың алдында менің алғысым шексіз.


Қазіргі кезде мен ТМД-нің жетекші шеберлерінің бірі – Гоар Аветисяннан оқытылдым. Содан соң Виктория Станевичтан жаңа техникаларға үйрендім. Осы икемдер мен машықтанудың барлығын мен жеке қолтаңбама түрлендіруге тырысамын, себебі әр бет бояушы – бұл косметикамен өзінің суретін салатын өзінше суретші сияқты. Менің өнерім бірнеше сағатқа салынса да, бірақ кейде,қыздарым боянудан кейін өздеріне қарап, қайраң қалатынын,маған алғыс білдіретінін көргенде,осының барлығы менің өткенінен қымбат екенін түсінемін.


WhatsApp Image 2017-10-31 at 00.00.47.jpeg


Қазір мен сүйікті іспен айналысамын,оны дамытамын, осыған бар бос уақытымды арнаймын, офистан гөрі,осында анағұрлым көбірек шаршаймын, бірақ бұл ұнамды шаршау,сен үлкен бірденеге бағытталғанын сезген кез.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.