facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nd-stannan-kelgen-ekspat-aza-stan-a-onys-audar-any-zh-ne-nel-kten-almatyny-z-y-m-dep-sanaytyny-turaly
logo
Үндістаннан келген экспат Қазақстанға қоныс аударғаны және неліктен Алматыны «өз үйім» деп санайтыны туралы

20.02.2023

Үндістаннан келген экспат Қазақстанға қоныс аударғаны және неліктен Алматыны «өз үйім» деп санайтыны туралы

Санджу Мани Қазақстанға көшіп келгенге дейін теңіз жүктерін тасымалдауға және порт терминалдарына қызмет көрсетуге маманданған Maersk Line компаниясында жұмыс істеген. Қазір ол жергілікті нарықты дамытып жатыр. Шетелдік азаматтың елімізден алған әсері және қызметі туралы сұрап білдік.


Санджу Мани

Өзі туралы

Мен Үндістанның Керала штатындағы Кочин қаласынанмын. Кочинді Араб теңізінің патшасы деп те атайды.

Мен университетті бітіргеннен кейін бірден жұмысқа кірістім. Жалпы, логистика және кеме қатынасы саласында 2004 жылдан бері қызмет етіп келемін.

Мен Қазақстанға 2008 жылы немістің көлік-экспедиторлық компаниясында жұмыс істеу үшін келдім. Бұған дейін даниялық Maersk Line кеме компаниясында жұмыс істеген едім.

Қоныс аударуы және алғашқы әсері туралы

Менің қоныс аударуымның басты себебі — жұмыс. Maersk Line компаниясында жұмыс істеп жүрген кезімде мені Кувейтке ауыстырды. Маған бұрынғы басшым Саймон қоңырау шалып, Алматыда сату және маркетинг менеджері ретінде жұмысқа істеуді ұсынды. Шындығында, мен бірден келіспедім, өйткені Maersk Line — әлемдегі №1 жүк жөнелтуші компания. Бірақ Саймон маған әдеттен тыс түрде ұсыныс жасады. Ол менен Кувейттегі барлар мен клубтарды гуглден қарап, іздеп көр деді. Әрине, ол жақта мұндай мекемелер жоқ еді, өйткені Кувейт өте консервативті ел. Содан кейін ол маған Алматыдағы мекемелерді қарап көр деді.

Менің жасым 25-те еді, жүріп жүрген қызым да жоқ болатын. Сондықтан тез арада Алматыға көшуді жөн көрдім. Бір қызығы, мен бұған дейін Қазақстан туралы, қазақ тілі туралы ештеңе білмегенмін.

Мен Алматыны бірінші күннен-ақ ұнаттым

Мен Қазақстанға 2008 жылдың қыркүйегінде ұшып келдім. Бірінші пәтерім Көк базардың жанындағы адам көп жүретін жерде болды. Тіл білмегендіктен, басымнан талай күлкілі жағдайлар өтті. Мысалы, жұмыртқа сатып алу керек болғанда, мен тауық пен жұмыртқаны ымдап көрсететінмін.

Көшіп келгеннен кейінгі алғашқы күндері бастығым мен кейбір әріптестерімнен басқасы менімен ағылшынша сөйлеспейтін. Бірақ кейінірек мен Mad Murphys пабына кездейсоқ тап болдым, онда мен көптеген экспаттармен таныстым.

Мен Алматыны бірінші күннен-ақ ұнаттым. Бұған дейін мен Сингапур немесе Бангалор сияқты үлкен қалаларда тұрдым. Бірақ терезесінен таулар көрінетін осы кішкентай, бірақ әдемі қалада ояну жаңа әсер беретін және шабыттандыратын.

Қызметі туралы

Университетті бітіргеннен кейін мен әлемдегі ең ірі контейнерлік тасымалдаушы компания —Maersk Lina-ға жұмысқа орналастым. Алғашқыда тұтынушыларды қолдау қызметінде жұмыс істедім, аймақтағы ең ірі клиентке қызмет көрсеттім. Бұл оңай болған жоқ. Күн сайын кеңседе 14-16 сағат жұмыс істедім. Логистикада күн сайын түрлі қиындықтар болып жатады. Бұл салада ұқсас проблемалар болмайды, өйткені әрбір клиент пен жүктің өз ерекшелігі бар.

Арада біраз жыл өтті, менің бұл салада жүргеніме 19 жыл болды. Көптеген қиындықтарды еңсергенімді, ең шалғай жерлерге іссапарларға барғанымды, жолымда кездескен проблемаларды ескерсек, мен тұлға ретінде тез дамыдым.

Санджу Мани

Бүгінде мен Goodrich Central Asia компаниясының директорымын. Үш адам болып компанияны 2013 жылы құрдық. Қазір біздің санымыз 20-ға жетті, Қазақстан мен Өзбекстанның төрт қаласында бармыз. Біз негізінен мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс, химия компанияларымен олардың жүктерін әлемнің түкпір-түкпірінен Орталық Азияға тасымалдау үшін жұмыс істейміз.

Қазақстан жайлы

Мен Қазақстанда көптеген қызықты дәстүрлермен таныстым. Орыс, ұйғыр, қазақ тойларына шақыратын. Бір қазақ-ұйғыр тойында «Горько» деп айқайлап жібергенім бар, өйткені бұған дейін орыстардың тойында естігенмін.

Маған жергілікті тағам ұнайды

Маған жергілікті тағам ұнайды. Мен оны күн сайын жеймін, бірақ барлық тамаққа қызыл немесе қара бұрыш қосамын. Кәуап пен мәнтіні жақсы көремін.

Қазақтар мейірімді, ақкөңіл. Олар маған Үндістанның адамдарын еске түсіреді. Біз де отбасылық құндылықтарды құрметтейміз және отбасылық мерекелерде туған-туыстарымызбен бір дастархан басында жиналғанды ұнатамыз.

Жоспарлары туралы

Санджу Мани

Менің Beagle есімді итім және алматылық сүйікті қызым бар. Болашақта отбасымды кеңейтуді жоспарлап отырмын. Сондай-ақ компаниям жергілікті жастарға көбірек мүмкіндік беру үшін кәсібімді кеңейткім келеді. Біздің команда жас. Мен жаңадан келген мамандарға әлемдік деңгейдегі тәжірибеммен бөлісуді ұнатамын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.