facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
n-rt-re-bd-haly-tiktok-ta-aza-t-l-nde-paydaly-kontent-zhasau-turaly
logo
Нұртөре Әбдіхалық TikTok-та қазақ тілінде пайдалы контент жасау туралы
Главный (каз)

10.03.2023

Нұртөре Әбдіхалық TikTok-та қазақ тілінде пайдалы контент жасау туралы

TikTok-пен бірге тікелей эфирлер сериясын бастадық. Мұнда біз ең қызықты контент авторларымен таныстырамыз. Олар TikTok-тағы аккаунт жүргізу тәжірибесімен және видеоплатформаның өмірлеріне қалай әсер еткені туралы айтады. Бүгін @nurtore3-мен сұхбаттың шағын үзіндісін беріп отырмыз. Келесі эфирлерді жіберіп алмау үшін біздің TikTok профиліне жазылыңыз.


Нұртөре Әбдіхалық, қаласы — Алматы, инфлюенсер, TikTok-автор, @nurtore11

Нурторе

Өзі жайлы

Мен Қызылорда қаласында туып-өстім, бірақ қазір Алматыда тұрамын. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша білім алдым. Қазір TikTok профилімді дамытып жүрмін. Түрлі мекемелерге және қызықты орындарға шолу жасап, видео түсіремін. Кейде мен travel-видеолар саламын.

TikTok-тағы шығармашылығы жайлы

Мен 2020 жылы — университеттің соңғы курсында оқып жүрген кезімде TikTok-тағы каналымды жүргізе бастадым.

Маған суретке түсіру, видео түсіру баяғыдан ұнайтын. Барлығын Stories-те бөлісіп отыратынмын. Қарындасым маған бұл видеоларды TikTok-қа салып көруім керектігін айтып жүретін. Мен оның кеңесіне құлақ асып, бір-екі видео жариялап едім, олар 200 мың қаралым жинады.

Алғашқы видеоларымды көп қаралғанымен, жазылушыларым аз болды. Мен бір нәрсені өзгерту керек деп шештім де, дауысымды қосып, бірнеше видео түсірдім. Адамдарға мұның ұнағаны сондай, мен сол бағытта жалғастыруды жөн көрдім.

TikTOk автор

Менің аудиториям — 18-25 аралығындағы жастар.

Мені қазақтілді адамдар қарайды, себебі менің видеоларымның барлығы қазақ тілінде. Ана тілімде таза сөйлеймін, видеоны да қазақша түсіру ыңғайлы. Оған қоса, орыс тілінде ұқсас контенттер көп.

Түрлі контент түсіруге тырысамын. Мен адамдарға көмектескенді ұнатамын, мысалы, олар мерекелерін жоспарлағанда.

Әртүрлі контент түсіруге тырысамын. Адамдарға көмектесуді, мысалы, олар мерекелік кештерін жоспарлаған кезде пайдалы болуды ұнатамын.

TikTok-тың өміріне қалай әсер еткені жайлы

Мені көп танып жатады, бұл маған ұнайды. Адамдар видео шолуларым үшін алғыс айтып жатады. Менің ұсынысыммен барғандарын айтады.

Мен бұрын интроверт едім, бірақ аккаунт жүргізуімнің арқасында ашық бола бастадым.

Қазір мейрамханаларға жиі барамын. TikTok-тың арқасында алғаш рет шетелге ұштым. Саяхаттау барысында да мекемелерге түрлі шолу жасаймын.

Ақыл-кеңестері

TikTok-та даму үшін тұрақтылық маңызды. Мысалы, егер сіз «шолу» форматында видео жарияласаңыз және ол аудиторияға өтімді болса, олар тағы да ұқсас контент күтеді.

Жұмысыңызға жауапкершілікпен қарауыңыз керек. Үнемі дамып отыру керек, жалқауланбаған дұрыс.

TikTok-авторлар көрермендерін үнемі таңғалдырып отыруы керек. Ең бастысы, өз аудиторияңызды тыңдай білуіңіз қажет.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.