facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
mba-b-t-rgen-4-aza-standy-t-lekter-n-bayandamasy
logo
MBA бітірген 4 қазақстандық түлектерінің баяндамасы

28.08.2017

MBA бітірген 4 қазақстандық түлектерінің баяндамасы

Рустем Итемиров, 36 жас, туған қаласы – Аягөз, TOO CVL бас директоры


Мен жаңа білімнің қажеттілігін сездім,және МВА менің ой мен дүниеге көзқарасымды түбегейлі аударып жіберетінің білдім. Бұл уақытта университетте алған білімімді теоретик мүғалімдер берді,сонымен қоса оқытылған ақпарат қазіргі кезде ескіріп кеткен және бүгінгі экономикалық нарығының жағдайына ешқандай қатысы жоқ. МВА – бұл бизнесменге қажетті нағыз білім жиынтығы екенің түсіндім. Мен Еуропалық Университетте оқыдым,оның басты офисі Швейцирияда орналасқан,ал менің оқуым Барселонада өтті. Бұл ҚазЭУ қолдауындағы қазақстандық-швейцариялық IBS бағдарламасы. Басымда оқуға түсу ойым туғанда қасымда жүрген таныстар,серіктестер, бизнесмендер қай оқу орнындарын оқып бітіргені маған белгілі болды. Көпшілігі IBS-те оқыды,сол себептен маған да дәл осы оқу орнын бітіруіме қатты ынталандым,себебі жағымды кері байланыс пайда болды. Менің мамандығым «Халықаралық бизнес». Оқу орнын бітіргенде мен қолыма екі диплом алдым: ҚазЭУ берген қазақстандық диплом және еуропалық диплом.


V14_7336.jpg


Оқудағы киыншылық тек бизнесті басқару жұмысында тәжірибесі жоқ немесе төмен лауазымда аз тәжірибесі бар адамда ғана туады. Ал бизнеспен айналысқан адамдарға тек қызығушылығын туғызады. Әр сабақ мектепте немесе жоғарғы оқу орнында өтетін сабақ тәріздес жай тыныш және зерігіп өтпейді. UIB – бұл үнемі әр түрлі кейстер, ал оқытушылар – бұл ірі салалы бизнесмендер.


Өздігінен білім алу — әрқашан да жалқаулық және уақыт қарсылығы, ал университетте өз оқуын үшін өзін төлейтін мәселе сені өте қатты ынталандырады.


Осыдан бұрын мен «Империя тепла» компаниясының иегері болдым. 2014 жылы оқуымды аяқтағанда менің бірінші тиянақты шешімім ребрендинг болды. «Империя тепла» компаниясының аты CVL-ге ауысты. Бұл жаңа стратегияға,міндетке, мақсатқа, корпоративті мәдениетке ие мүлдем жаңа компания.Осының бәрін маған MBA берді. Оқуымды бітіріп, ребрендинг жасағаннан кейін нәтиже ретінде компанияның айналымы бес есе асты. Қазіргі кезде жыл сайын біз адам санын,жоба санын, табыс деңгейін және Қазақстан аймақтарында өрістеуін екі есе артырамыз. Компаниямыз өсіп жүр.


Компанияның дамуын тоқтатпау үшін бүгінгі күнде маған қайта жаңа білім қажеттілігін сеземін. Компаниямның өсу кезеңі – ең қиын кезең. Бұл тоқтамайтын өзгерістер, күйзелістер және үздіксіз кадрлар айналымы.




Сәуле Мамаева, 30 жас, туған қаласы – Қарағанды, бейкоммерциялық қайырымдылық ұйым


MBA бағдарламасындағы таңдау кезеңінде маған келесі талаптар маңызды болды: бағдарлама мазмұнының сапасы, оқуымды толық жұмыс күнімен қатарлас қиыстыру, оқуымның ағылшын тілінде өтуі және халықаралық тіркеулерге ие болуы. Қазақстанда болу қажеттілігі ізденуімді КИМЭП оқу орнына әкелді,себебі бұл оқу орны менің бүкіл талаптарыма сай болды. Сол кезде менде тек гуманитарлы білімім мен қызмет көрсету және бейкоммерциялық ұйым саласындағы тәжірибем ғана болған себептен және бизнес білімі мен икемінің жоқтығынан мендегідей бэкграундқа ие болған адамға есептелген бағдарламалар қажет болды.


сауле.jpg


MBA елеулі мүмкіндіктер берді: еңбек нарығында сенің «бағанды» арттыруынан бастап өз ісіне ашуға қажетті жабдықтары мен сенімділігіне дейін.


Менің бэкграуындымды ескерсек, маған қаржылық өте қиын берілді. Қазіргі кезде бұл маған ерекше маңызды болған негізгі білімім. Сонымен қоса мен үшін оқуым мен жұмысымды қиыстыру да қиын болды.


Бизнес мектебінде білім алу менің ағымдағы жұмысым мен басқару икемімнің мінезіне мол ықпалын тигізді. Қазіргі кезде мен бейкоммерциялық ұйымдар мен азаматтық бастамалармен жұмыс жасаймын және өкінішке орай бұл бөлімде бизнес икемінде,тәсілінде және әлеуметтік жобаларға қаржы бөлуінде қажеттілігінің бар екені қатты сезіледі.


Өзіне және өз мүмкіндігктеріне сенушілік артты. Қиыншылықтарға көзқарасымды өзгерттім, стақаным жартылай толы,бірақ сонда да жұмыс жүргізіл жүр.


Білім жайында, яғни ақпарат пен жақсы кітапханаға бұл оқу орнында қолым жетті. Ішінара қарағанда бұл бағдарлама дағдарыс пен девальвацияға қарамастан біз навигациялық және жарнамалық шешімдерді әзірлеу мен ұйымдастырумен айналысатын отбасылық бизнесіміз – яғни жобалық-өндірістік компаниямызды жалғастыра алғанымызға үлкен әсерін тигізді. Біз дұрыс шешімдерді таба алдық, біздің клиенттерімізге арналған ұсыныстарымызды жақсарттық.


Әрине,егер мүмкіндік болса шетел бағдарламалары бойынша білім алу керек екенің айтқым келеді. Бизнес мектепте білім алу — бұл ең біріншіден нетворкинг. Көп жағдайда пәндердің негіздемелері бүкіл жерде бірдей, бұл ерекшелік,тренд және тәжірибе мәселесі. Кітап бойынша жасалған бизнес пен ұйым өте сирек кездеседі. Көптеген бизнес мектептерінде алынған біліміміз бүгінгі күнгі әлемде және нарықта өзекті болған мәселелерге қарағанда ескіріп кетеді Бірақ та неғұрлым мектебініз мәртебелі болған жағдайда, соғұрлым теория мен шындылық арасындағы үзіліс азаяды, соғұрлым алынған біліміміз бен икеміміз өзектілікте артады. Сонымен қоса сіз танымал адамдардан білім алып, танымал адамдармен қатар бірге оқисыз. Менің ойымша бұл үшін өмірлік тәжірибе , мамандық тәжірибе керек, сол себептен бұл бағарламаларды мен 20 жастан асқандарға оқу керек деп кеңес бергім келеді.




Абзал Нарымбетов,31 жас, туған қаласы – Кентау, мұнай-газ жобаларындағы бизнес кеңесші


абзал.jpg


Мен Түркияда бакалавр деңгейін 2006 жылы алдым. Бір жыл бойы далалық инженер болып жұмыс істедім, содан соң мұнай-газ бөлімі туралы көбірек білім алу үшін маған магистр деңгейі қажет болатының түсіндім.Мен магистратураға 2007 жылы Францияға түстім. Оқуымды бітірген соң мені «Қаз Мұнай Газ» жұмысқа алды, сол жерде мен жобалармен айналыса бастадым. Бір жарым жыл өткенде, маған халықаралық тәжірибе керек екенін түсіндім, ал 2010 жылы мені халықаралық компанияға шақырды. Бес жылдық жұмыстан кейін басыма бір ой келді:менде тек техникалық білімім бар, сондықтан менің әрі қарай даму жолымда қиыншылық туады. Мен экономика, қаржы, құқықтану салаларында көбірек білім алуға тырыстым. Білім алудың әр түрлі жолдарын қарастырдым. Білім алып қатар жұмыс істегім келді. «Назарбаев Университеті» мен GBS оқу орындарында оқуға мүмкіндік болды. «Назарбаев Университетінде» full time оқыту, яғни мен жұмыс істей алмай қалар едім, ал GBS-те оқыту сенбі және жексенбі күндері өткізіледі,бұл жағдай мен үшін жарамды болды. Сонымен қоса бетпе-бет тілдесуден кейін GBS маған жеңілдік ұсынды. Осылай 2015 жылы мен GBS-те оқуымды бастадым. Мен көп ақпарат меңгердім, әсіресе мұнай-газ бизнесі қатысты білім деңгейін арттырдым. Себебі шыңында бұл салада жұмыс жүргізетін тек қана техникалық бөлім емес. Бұл үлкен жұмыс барысы: геолог, экономист,маркетолог қандай жұмыспен айналысады,кім сол мұнайды сатады, табысы қандай, компания қалай жұмысын жүргізеді.MBA-дан кейін жобалар негізінің түсінігі пайда болды.


Басында отбасы,жұмыспен қатар оқу қиын болды. Дегенмен жұбайым маған қолдауын көрсетті, дайындығым үшін көп уақыт босатты. Сонымен қоса қосымша білім алуға ішкі уәждемем болды.


GBS ұсынғанын маған бірде бір басқа мектеп ұсына алмады. Оқытушылардың 80-%-ы шетелден — Швейцариядан, Испаниядан.


Оқытушылар ретінде өз бизнесіне ие болған адамдар болды.Бұл, әрине, үлкен артықшылық. Яғни олар тек академиялық тұрғыда ғана қалыптасқан жоқ.


Мен күткеніме ие болдым. Қазір мен алған білімімді белсенді қолданамын.




Данияр Туяқбаев, 37 жас, туған қаласы – Алматы, TOO NID директоры


Менде басқару білімінде қажеттілік пайда болған себептен, МВА-ға түстім. Мен Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес академиясында оқып, 2007 жылы оны бітірдім. Түсудің алдында мен бұл оқу орны туралы ойларын,пікірлерін талдадым. Сол уақытта мен Алматыда тұрып жұмыс істедім. Сырттай немесе қашықта оқуды қарастырмадым, ал бұл жерде кешкі білім алуда мүмкіндік туды. Сағат 18.30-да жұмыс аяқталғаннан кейін біздің дәрісіміз басталады да сағат 22.30-22.45-те аяқталады. Ең біріншіден МВА бизнесті басқарудың құрылымдық, жүйелік түсінігін береді. Нағыз басқарушы шындығында қандай жұмыспен аналысуы керек, білімнің қай қырларын білуі керек, негізінде нені білуі және нені тереңдетіп оқуы керек. Дипломды қолға алған соң ақырында жұмыс барысында жүзеге асырғанда жетілген ойлау және әрекет дәлізі туралы тұтас көрініс пайда болады.


20150605-WED_0837.jpg


Уақыт жетспеушілігі — оқу барысындағы бірінші және негізгі қиыншылық. Себебі оқумен бірге қатар жұмыс істеу керек. Ал білім алуда қиыншылық туған жоқ, себебі менің бірінші жоғарғы білімім техникалық білім болды. Бастапқы кезеңдегі оқытылған негіздері, яғни статистиканы, математикалық талдауды мен оңай меңгердім. Ал бухгалтерлік есеп негіздеріне жеткенде қиыншылықтар туа бастады. Кейбір емтихандарды қайта тапсыруға мәжбүр болдым, емтихан мәселелерімен бәрі қатал болды. Бірақ та менің ойынша бұл мен үшін пайдалы болды.Қай салада білімім нашар болғанын түсіндім.Бұл салық,салық салу мәселесіне қатысты. Дипломдық жұмысымды мен дәл осы тақырыпқа жаздым және жұмысымды «үздік» бағасына қорғадым.


Бұл білім алу маған негіз бен алдағы стратегиялық ойлау мен даму үшін тірек берді.


2020 жылға дейін мен PhD бағдарламасы бойынша дәл осындай,бірақ та шетелден бизнесті басқару бойынша тағы білім алуға жоспарым бар. Өзімді осы әрекетке дайындауға бастадым.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.