facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/6b1/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/6b19d2679f1916d22066689be0d4ec02.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
mamyr-ayynda-y-merekelerde-dostary-yzben-nemese-otbasy-yzben-astana-men-almatyda-ayda-baru-a-bolady
logo
Мамыр айындағы мерекелерде достарыңызбен немесе отбасыңызбен Астана мен Алматыда қайда баруға болады

23.05.2022

Мамыр айындағы мерекелерде достарыңызбен немесе отбасыңызбен Астана мен Алматыда қайда баруға болады

Демалысты керемет өткізуге болатын орындардың үлкен тізімі


Астана


Елордада күн жылы, демек қала сыртына жол жүруге болады. Қайда баруға болатынын айтамыз.

Бурабай


Елорданың визиттік картасы және барлық астаналықтардың демалуға арналған сүйікті орны. Қанша рет барсаң да, оралғын келеді.

«Құлагер» отбасылық демалыс орталығы


«Құлагер» орталығының жүрегі — қонақтар арнайы жабдықталған манежде міне алатын жылқылар. Аумақта коттедждер, студенттік үйлер мен киіз үйлер бар. Корпоративтік іс-шаралар өткізуге болады .

Зеренді


Бурабай сияқты танымал жер. Мөлдір суы бар көлімен, тасты массивтерімен және қылқан жапырақты ормандарымен танымал. Қаладан 350 шақырым жерде орналасқан. Мұнда таза ауамен тыныс алып, қаладан демалуға болады.

«Арғымақ» ат клубы


Аргымак.jpg


Сізге белсенді демалыс ұнаса, жануарларды жақсы көрсеңіз ат клубына бара аласыз. Сабақ таза ауада өтеді.

«Жасыл белдеудегі» веложол


Елорданың «Жасыл белдеуіндегі» ұзындығы 23 шақырымдық веложол ашық ауада демалуға арналған орындардың бірі. Ені екі метр болатын веложолдың бойында қайың, үйеңкі және басқа да ағаштар өседі.

Қорғалжын ұлттық қорығы


Қорғалжын қорығы — Астананың сыртындағы көркем табиғатты қорғау аймағы. Сіз пеликандар, қоқиқаздар, үйректер және басқа құстар мекендейтін жерлерге экскурсия ұйымдастыра аласыз.

Сұңқар таулары


Сұңқар таулары Ерейментау аймағында, гранитті жыныстар мен ормандардың арасында орналасқан. Мұнда жаяу, атпен, велосипедпен және көлікпен турлар өткізуге, жартасқа өрмелеуге болады. Даланың ортасындағы көлдер мен ормандардың керемет көрінісі бар тау жотасы жаяу серуендеуді ұнататындарға арналған.

Бестөбе каньоны


Жер асты бұлақтары бар таза өзен су қоймасын құрайды. Әр қарай жүріп, алып каньондарды көре аласыз. Фотосуреттерде жергілікті ландшафт керемет көрінеді. Бестөбе каньоны елордадан шамамен 230 шақырым жерде орналасқан.

Ақкөл кенті маңындағы ормандар


Ақкөл кенті айналасындағы табиғат таңғалдырады. Айналасында үлкен қылқан жапырақты ағаштар — қарағайлар мен шыршалар өседі. Бұл жер туристер арасында танымал болып үлгерді.

Қала маңындағы 3 жаңа демалыс орны


Nurazhai, @nurazhai.resort


Nurzhai демалыс базасы — табиғатта уақыт өткізгісі келетіндерге арналған таптырмас таңдау. Мұнда монша, караоке бар. Шара немесе тимбилдинг өткізуге болады.

Aloha, @aloha_glamp_kz


Aloha.jpg

Мұнда бірден бірнеше ойын-сауық бар: монша, барбекю. Демалыс орны өзені бар әдемі жерде орналасқан.

Nomad Spa, @nomad.spa


Мұнда эко-монша, екі үй мен глэмпинг бар. Әдемі, стильді дизайнымен атмосфералық орын. Қаладан 25 километр жерде орналасқан.

Бурабайдағы 5 жаңа қонақ үйлер мен демалыс базасы


Wyndham Garden Burabay қонақ үйі, @wyndhamgardenburabay


Wyndham Garden Burabay.jpg

Wyndham халықаралық желісінің заманауи SPA-орталығы, мейрамханалары мен түнгі клубы бар жаңа қонақ үйі Бурабайдың көрікті жерлері – Табиғат мұражайы, Жұмбақтас пен Оқжетпес жартастары, Абылай ханның жайлауынан жаяу қашықтықта орналасқан.

Skala Burabaу қонақүй ауласы, @skala.burabay


Толығымен ағаш бөренелерден жасалған және Бурабайдың орталығында орналасқан жаңа қонақүй ауласы. Қонақтарға арналған бөлмелер мен коттедж, балалар ойын алаңы, ашық бассейн, сауна, дәмхана, беседка және барбекю алаңдары бар.

Borovoe Country Club демалыс базасы, @borovoe_countryclub


Бурабай көлінің жағасында орналасқан демалыс орталығында қажеттінің бәрі бар: қонақ үйлер, барбекю алаңы, балалар алаңы және әдемі орманы бар жағалау да бар.

Sapa Resort кешені, @sapa_resort


Отбасыларға арналған жайлы қонақ үйлері бар кешен Бурабайдан он минуттық жерде орналасқан.

«Қоңырат» қонақ үйі, @konyratborovoe


«Қоңырат» қонақ үйінің аумағында эко-стильдегі екі коттедж және он ағаш үй бар. Сондай-ақ, қонақтардың қарауында әдемі панорамасы бар террассалар, беседкалар, барбекю алаңы және ағаштан жасалған монша бар.

Астана өмірі туралы толығырақ @gorod_24astana аккаунтында.

Алматы


Демалыс күндері қайда баруға болады: Алматы маңындағы 7 әдемі жер


Есік көлі


Көл шамамен сегіз мың жыл бұрын күшті көшкіннің құлауынан кейін пайда болған деген аңыз бар. Қазір «Есік» қаланың басты көрікті жерлерінің бірі және визиттік картасы. Көл Іле Алатауының аумағында, қаладан 70 шақырым жерде орналасқан. Оған көлікпен оңай жетуге болады. Көлдің әдемі изумруд түсі ешкімді бей-жай қалдырмайды.

«Асы» үстірті


плато Ассы.jpg


Үстірт — Еңбекшіқазақ ауданында, Алматыдан 75 шақырым жерде орналасқан. Бұл алматылық travel-блогерлардың сүйікті орындарының бірі. Жұлдыздарға керемет көрініс ашылады, ал күндіз үстірт жасыл желекке толы. Мұндағы биіктік теңіз деңгейінен 2800-ден 3200 метрге дейін ауытқиды. Ассыға жол талғамайтын көлікпен жетуге болады.

Түрген шатқалы


Түрген шатқалы — Іле Алатауының ең көрікті жерлерінің бірі. Мұнда сіз Аю сарқырамасын тамашалай аласыз, сақтар мәдениетінің археологиялық ескерткіштерімен серуендеуге, Алтын адам ескерткішін көруге болады. Шатқалға барар жолда сіз балық аулауға және жаңа піскен балықты жеуге болатын форель фермасына тоқтай аласыз.

«Тұзкөл» көлдері


Мағынасы «тұзды көл», атына заты сай. Орталық Тянь-Шань жоталарының таңғажайып көрінісі осы жерден көрінеді. Көлдегі тұздың мөлшері жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады.

«Алтын-Емел»


Алтын-Эмель.jpg

«Алтын-Емел» ұлттық саябағы Кербұлақ өңірінде орналасқан. Саябақтың табиғаты әртүрлілігімен таң қалдырады. Шөлдер, жартылай шөлдер, таулар бар. Саябақта бірегей өсімдіктер мен сирек жануарларды көруге болады.

Бартоғай су қоймасы


Су қоймасы Еңбекшіқазақ ауданында теңіз деңгейінен 1010 метр биіктікте орналасқан. Қыста мұнда егістікке су құйылады. Шілік өзенінде рафтинг ұйымдастыруға болады.

Іле өзені


Іле — Жетісудың ең үлкен өзені. Алматы маңындағы өзен жағасында Таңбалы-тастың жартастары жатыр. Мұнда ежелгі петроглифтер мен кейінгі жартастағы суреттерді көруге болады. Сондай-ақ танымал «Көшпенділер қаласы» декорациясына баруға болады.

Алматы маңындағы демалыс орталықтар тізімі


«Восточная сказка», @skazka_kaz


«Восточная сказка» — балық аулау, дәмханалар, бассейндер, балалар қалашығы және беседкалары бар отбасылық демалыс саябағы. Алматыдан 30 минуттық жерде орналасқан атмосфералық жер. Отбасылық іс-шараларға, достармен банкеттерге, корпоративтік кештерге және жылы мерекелерге өте ыңғайлы. Қаланың күйбең тірлігінен демалуға, балық аулауға және таза таза ауамен тыныстауға болады.

«Ақши үй-жайы», @akshi_ribalka


«Ақши үй-жайы» — Алматыдан 40 минуттық жерде, Құш қорығы аймағында орналасқан. Мұнда достарыңызбен балық аулауға, пикникке баруға, өзіңізбен оңаша қалып, қаланың күйбең тірлігінен демалуға болады.

COUNTRY VILLAGE RESORT, @country_village_resort


Отбасылық демалыс кешені Алматыдан 20 километр жерде, әсем Ақсай шатқалында орналасқан. Мұнда тау өзенінің сұлулығынан ләззат алуға, таза ауамен тыныстауға, атпен серуендеуге, монша мен SPA-ға баруға, форель балығын аулауға болады.

«Балықшылар үй-жайы», @lake.kz


«Балықшылар үй–жайы» — қаладан 45 шақырым жерде, көлікпен шамамен бір сағаттық жерде орналасқан. Аумақта балық аулауға ыңғайлы пирстер, демалуға арналған беседкалар, бассейн және т.б. бар.

Kolsay Lakes Town, @kolsay_lakes_town


Кольсай.jpg

Kolsay Lakes Town — төменгі Көлсай көлінің жағасында орналасқан эко-кешен. Осы жерден сіз таңғажайып панорамалық көріністі тамашалай аласыз. Мұнда қаланың күйбең тіршілігінен демалуға, моншаға баруға, таза ауамен тыныс алып, табиғатты тамашалауға болады.

«Талғарлық форель», @talgarskaya_forel


«Талғарлық форель» — кешенінің аумағында беседкалар, тапшандар, балаларға арналған ойын алаңдары, жазғы террассалар, қонақ үй және т.б. бар. Мұнда балық аулауға, бассейнде жүзуге, квадроциклге мінуге, тирде атуға болады.

Tayyab eco farm, @tayyab_eco_farm


Эко-ферма Алматы облысы Рысқұлов ауылында орналасқан. Мұнда атқа мінуге, сақ моншасына баруға, грильде етті қуыруға, табиғи сүт өнімдерінен дәм татуға және т.б. болады.

Suly Sai, @sulysai.kz


Орталық Талғар ауданында орналасқан. Кешен аумағында үйшік, банкет шатырлары, монша, бассейн, қонақтарға арналған коттедждер бар. Мұнда қаланың күйбең тіршілігінен демалуға, таза ауада спортпен шұғылдануға, жақындарыңызбен уақыт өткізуге болады.


Алматы өмірі туралы толығырақ @gorod_24almaty аккаунтында.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.