facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/7a9/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/gwbl4w6catx3iyl0t0300ebzxe2nwxoe.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
malayziyada-y-zho-ary-b-l-m-studentter-o-u-a-t-su-zh-ne-o-u-erekshel-kter-turaly
logo
Малайзиядағы жоғары білім. Студенттер оқуға түсу және оқу ерекшеліктері туралы
Главный (каз)

11.09.2023

Малайзиядағы жоғары білім. Студенттер оқуға түсу және оқу ерекшеліктері туралы

Егер сіз шетелде оқуды ойлап жүрсеңіз, бірақ қай елді таңдарыңызды білмесеңіз, әлемдегі оқу орындары туралы мақалалар топтамасын оқып көріңіз. Бүгін біз Малайзияның ең үздік университеттеріне қалай оқуға түсуге болатыны туралы айтпақпыз.


Мағжан Қайранбай, 31 жаста, қаласы — Куала-Лумпур, Senior Machine Learning Engineer, @qaimag

Магжан К

Оқуы туралы

Мен Алматыда тудым, бірақ Малайзияда тұрып жатқаныма тоғыз жыл болды.

University Tenaga Nasional университетінде бакалавр дәрежесін және Multimedia University-де PhD дәрежесін алдым. Ал қазір әлемде 60 филиалы бар Сингапурда орналасқан компанияда аға инженер болып жұмыс істеймін.

Малайзияға қалай оқуға түсуге болады

PhD докторантураға түсуге келетін болсақ, алдымен ғылыми жетекші табуыңыз керек. Сіз мұны әлеуетті үміткерлерге түйіндемеңізді жіберу және олармен жұмыс істеуге дайын екеніңізді көрсету арқылы жасай аласыз. Жетекшіні тапқаннан кейін ішкі стипендияға өтініш беруге болады.

Магжан К

Мен бірнеше сұхбаттан өттім, онда маған мынадай сұрақтар қойылды: «Неге PhD?», «Неге бұл университетті таңдадыңыз?», «Неге бұл тақырыпты алдыңыз?», «PhD докторантурасынан кейін не істейсіз?» дегендей. Егер сіз жетекшіге ұнасаңыз, ол жақсы ұсыныс береді.

Егер сізді әңгімелесуден кейін таңдаса, визаға құжаттарды дайындауды бастау керек. Егер IELTS-ңыз бар болса, бірден зерттеу жұмыстарына кірісе аласыз. Ал егер болмаса, емтихан тапсыруыңыз немесе университетте ағылшын тілі курстарынан өтуіңіз керек.

Сізбен жұмыс істеуге дайын ғылыми жетекшіні табу — басты үлкен қиындық. Ғалымның ғылыми-зерттеу тәжірибесі, жұмысы мен қызығушылықтары туралы білуіңіз керек. Оған қоса сіздің ғылыми қызығушылықтарыңыз да ұқсас болғаны жөн. Жетекшінің жұмысын жақсартуға ұсынарыңыз болса, тіптен жақсы. Бұлардың барлығын электрондық поштаға жолдап, түйіндемеңізді қоса бере аласыз.

Мен бір-екі айдан астам супервайзер іздедім. Іздеу алгоритмі келесідей:

— әлемдегі ең үздің университеттердің тізімін жасаңыз

— осы университеттердің ресми сайтына өтіп, оқытушылар құрамын қараңыз

— өзіңізбен бір салада жұмыс істейтін профессорларды іздеңіз

— егер сізге профессорлар ұнаса, олардың зерттеу жұмыстарын зерттеп, оларға қалай пайдалы бола алатыныңызды сипаттаңыз

— олармен жұмыс істегіңіз келетінін айтып, электрондық хат жазыңыз.

Ақыл-кеңес

Магжан К

Егер сіз IT саласында оқуға дайын болсаңыз, Қазақстанда бакалавр дәрежесін алуға болады. Өйткені қазақстандық университеттер де жоғары деңгейдегі академиялық дағдыларды береді. Бірақ егер магистратура немесе PhD дәрежесін алғыңыз келсе, Малайзия университеттерін ұсынар едім. Мұндағы зерттеу деңгейі Қазақстанға қарағанда әлдеқайда жоғары. Малайзияда сіз презентациялар жасауды, дұрыс зерттеу жүргізуді, жоғары деңгейдегі конференциялар мен журналдарға мақала жариялауды үйренесіз. Қазақстандық университеттерде мұндай біліктілікті алу қиындау.


Рамазан Бахтиярұлы, қаласы — Алматы, құрылыс саласының маманы

Рамазан

Оқуы туралы

Мен құрылыс саласында жұмыс істеймін, электрокарларды Қазақстан Республикасының аумағына және одан тыс жерлерге тасымалдаймын.

Мен Малайзияда Universiti Tenaga Nasional университетінің азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс факультетінде оқыдым. Бұл — елдегі ең ірі университеттердің бірі.

Малайзияға қалай оқуға түсуге болады

Қабылдауға қойылатын талаптар өте қарапайым. Ең бастысы, шетелде оқуға дайындалу және жақсы ойда болу.

Малайзияға оқуға түсу үшін мектептен жақсы нәтиже алу маңызды. Әсіресе 10-11 сыныптардағы оқу үлгерімі маңызды. Егер сізде жақсы баға болса, Foundation бағдарламасын өткізіп жіберуге болады. Бұл — бакалавриатқа түсуге арналған дайындық курстары.

Рамазан б

Оқуға түсу кезінде IELTS немесе TOEFL баллы 6,0-ден жоғары болғаны жөн. Бірақ егер бұл сертификаттарыңыз болмаса, мен Малайзияның өзінде тіл курстарынан өтуді ұсынамын. Бұл теориялық және практикалық тұрғыдан ыңғайлы, өйткені мұнда түрлі елден келген студенттер көп.

Малайзияда емтихан кезінде көшіріп алу қиын, бұл — оқудың бір ерекшелігі. Мұндай әрекеттер тіпті университет заңымен жазаланады.

Шетелге шыққан әрбір адам біраз қиындыққа тап болады. Малайзия туралы айтар болсақ, бұл елдің климаты ыстық, ылғалды. Екінші қиындық — ағылшын тілін меңгерудің және тәжірибенің болмауы.

Ақыл-кеңес

Малайзиядағы білімімнің арқасында менде жақсы білім мен тәжірибе бар.

Шетелдік білім алуға мүмкіндігіңіз болса, бір минут та күтпеңіз. Тек әрекет етіңіз. Қиындықтар мен кедергілер сізді тұлғалық жағынан мықтырақ ете түседі.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.