facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
m-al-mder-ne-sh-n-stema-y-alady-zh-ne-mektepteg-saba-pen-z-l-s-za-ty-y-alay-zgered
logo
Мұғалімдер не үшін үстемақы алады және мектептегі сабақ пен үзіліс ұзақтығы қалай өзгереді
Басты бет

11.04.2018

Мұғалімдер не үшін үстемақы алады және мектептегі сабақ пен үзіліс ұзақтығы қалай өзгереді

2017-2018 оқу жылының аяқталу күні мен қорытынды атттестация уақыты бекітілді

Білім беру ұйымдарында оқу жылының келесі аяқталу мерзімі анықталды:

— орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары — 25 мамыр 2018 жыл

— 9-10-сыныптардың қорытынды бітіру емтихандары — 28 мамыр-8 маусым 2018 жыл

— мемлекеттік бітіру емтихандары — 29 мамыр-30 маусым 2018 жыл

9-10-сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы:

— таңдау пәні бойынша ауызша емтихан — 28 мамыр

— қазақ тілі және орыс тілі пәндерінен ауызша емтихан — 31 мамыр

— ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан — 5 маусым

— математикадан жазбаша емтихан — 8 маусым

11-12 — сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы:

— ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан — 29 мамыр

— таңдау пәні бойынша тест — 2 маусым

— қазақ тілі және орыс тілі пәндерінен тест — 2 маусым

— алгебра және анализ бастамалары пәнінен тест — 6 маусым

— Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан – 9 маусым 2018 жыл.

Білім алушыларының қайта қорытынды аттестациясы 2018 жылдың 12-30 маусым аралығында өтеді.

Толығырақ мында.


Халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсын өткізу және құжаттарды қабылдау мерзімі бекітілді

Халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсын өткізу және құжаттарды қабылдау мерзімі:

— құжаттарды қабылдау — 19 наурыз — 31 тамыз

— конкурсты өткізу — 26 наурыз — 20 қазан 2018 жыл.

Сондай-ақ халықаралық «Болашақ» стипендиясының шеңберінде шетелде оқу үшін 2018 жылдың мәндес мамандықтар тізбесі бекітілді

Толығырақ мында.



Қазақстандық ғаламтор сегментінің кеңістігіндегі домендік атауларды бөлу, тіркеу және пайдалану ережелері бекітілді

Домендік атауын тіркеу үшін электронды немесе қазақ түрінде өтінімді ұсыну қажет.

Үш жұмыс күні ішінде тексеріс өтеді:

— ұсынылған ақпараттың дұрыстығы және толықтығы

— домендік атауының қолжетімділігі

— атаудың стандарттарға сәйкестігі

— атаудың резервтелген домендердің тізбесінде болмауы

— домендік атауды пайдалануға тыйым салатын сот шешімінің болмауы

— атаудың мазмұнында тыйым салынған ақпараттың болмауы.

Егер барлық шарттар сақтался, домендік атауды тіркеу туралы келісім жасалып, атау тізілімге енгізіледі.

Тіркелуші барлық өзгерістер жайлы 10 күннен кешіктірмей хабарлауы тиіс. Жаңа анықтамалар үш күн ішінде тізілімге енеді. Атауды басқа тұлғаға берген жағдайда бұл тұлғаға қатысты ақпаратты тіркеушіге ұсыну қажет.

20 күннен кешіктірмей тіркеуші келісім мерзімінің аяқталғаны туралы хабарлауы тиіс. Домендік атауды одан әрі пайдаланудан бас тартқан жағдайда ол тізілімнен өшіріледі.

Толығырақ мында.


Жалпы білім беру ұйым түрлерінің үлгілік қағидалар қызметіне өзгерістер енгізілді

Мектептердің негізгі қызметі:

— оқушылардың сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасау

— білім беру бағдарламалары құзіретті тұлғаны қалыптастыруға бағытталу керек

— оқушылардың ғылым негіздерін алуын қамтамасыз ету

— тұлғаланың шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту

— адамгершілік және салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыру

— азаматтық және патриоттық тәрбие беру

— белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу

— отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне араластыру

— білім алу барлығы үшін бірдей болуды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, сабақ пен үзіліс ұзақтығы анықталды:

— сабақ арасында — бес минуттан кем емес, үлкен үзілісте — отыз минут

— бір үлкен үзілістің орнына он бес минуттық екі үзіліс жіберіледі

— сабақ ұзақтығы қырық минуттан аспайды

— бірінші сыныптарда қыркүйек айында отыз минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап қырық минуттан

— бірінші сынып оқушыларынан қосымша бір апталық демалыс қосылады.

Толығырақ мында.



Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы есептеулеріне өзгерістер енгізілді

Мүғалімдер үшін қосымша ақылар мен үстемақылар нақты жүктемелеріне қарай анықталады:

— дәптер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін

— бейіндік бағыттағы пәндерден сабақ бергені үшін

— жеке пәндерді тыңғылықты оқытуды жүргізетін мектеп қызметкерлері үшін

— инновациялар, зерттеулер бағытында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін

— ауылдық мекендегі жұмыс үшін

— мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс үшін

— кәмілет жасына толмаған бейімдеу орталықтарында және тәрбие беру колонияларындағы балалармен жұмыс үшін

— жетім балалармен жұмыс үшін

— өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін

— біліктілігін арттырған мұғалімдерге

— жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыс үшін

— ұлттық біліктілік тестін өткен мұғалімдерге

Толығырақ мында.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.