facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
liili-alay-6-zhasynda-rt-s-boludy-y-ar-any-zh-ne-hot-treg-hit-paradtar-chartyna-alay-shy-any-turaly
logo
Liili қалай 6 жасында әртіс болуды ұйғарғаны және Hot трегі хит-парадтар чартына қалай шыққаны туралы
Главный (каз)

29.12.2022

Liili қалай 6 жасында әртіс болуды ұйғарғаны және Hot трегі хит-парадтар чартына қалай шыққаны туралы

Біз Liili деген атпен танымал Лейламен кездесіп, ол үшін шығармашылықтың не екенін және неден шабыт алатынын сұрап білдік.

Лейла Коджахметова, 25 жаста, қаласы — Алматы, музыкант, @lili_liili

Лейла Коджахметова

Өзім туралы

Мен Жаркент қаласында туып-өстім. Алматыда, Астанада, Қытайда және Солтүстік Кипрде тұрдым. Бір жарым жыл бұрын Алматыға оралдым.

Мен бала кезімнен өлең жазамын, музыканы жақсы көремін. Музыка арқылы тіл үйренуді ұнатамын. Кәріс, қытай, ағылшын тілдерін осылай үйрендім.

Шығармашылыққа қалай келгені туралы

лейла коджахметова.jpg


Алты жасымда-ақ әнші болатынымды білдім.
Сол шақтарда немере әпкем үйге Шакира мен Бритни Спирстің таспаларын әкелген болатын. Осылайша мен музыкаға ғашық болып, сахнада ән айтуды армандадым. Сөйтіп мектепте өлең жаза бастадым. Алғашында оларды әуезді етуді білмедім, сондықтан рэп шығардым.

Алты жасымда-ақ әнші болатынымды білдім

Менің ата-анам — медиа тұлғалар: анам — жүргізуші, журналист, актриса және телехикаялар продюсері. Әкем де осы салада, сахна сыртында жұмыс істейді. Бірақ олар маған ешқашан шығармашылықпен айналысуға рұқсат бермеді. «Мына қыз жұлдыз болады» дейтіндей керемет дауыс, айқын талантым жоқ еді. Сол себепті вокалмен айналыспадым. Бірақ анам өлеңдерімді оқып шыққан соң маған сенетінін, қолдайтынын айтты. Әкем менің атымды жаңалықтардан көрген соң барып қана қолдай бастады.

Қиындықтар туралы

Бірінші курста мен Рианна мен Адельдің әндеріне жазылған каверлерді айта алмайтынымды түсіндім. Сондықтан дауысыма, тембріме, мүмкіндігіме қарай ән жазуды жөн көрдім. Сондай сәттердің бірінде трек жазып алып, онымен не істерімді білмей қалдым. Ақпаратты зерделеп, шығармашылық қызметтің барлық қиын сәттеріне тап болдым. Агрегаторлардың не екенін және стримингілік алаңдарда әнді қалай шығаруға болатыны жайлы ақпараттар оқыдым. Кейінірек лейблдармен, дистрибьюторлармен таныстым.

лейла коджахметова

Қаржы — ең үлкен проблема. Бастапқыда музыкадан ақша табу мүмкін емес. Ал егер жақын адамдарыңыздан қолдау болмаса, сүйікті ісіңізден бас тартуға тура келеді.

Шығармашылығы туралы


Бүгінгі таңда мен өзім немесе AlvinToday-мен бірлесіп жазамын.
Биттерді маған көбінесе украиналық досым жазады. Содан кейін мұның бәрін досым Андрейге, содан кейін барып менің менеджеріме жіберіледі. Оның мені әртіс ретінде танытумен айналысатын өз командасы бар.

Менің бір әдетім бар: ән жазғанда демо нұсқасын жазу. Сосын оны бар дауысына қосып қоямын да, билеймін. Бұл керемет бақытты сәт. Кез келген музыкант мұндай сәттерде өзін ештеңе алаңдатпайтынын айтады.

лейла коджахметова

10 жыл бұрын маған бір жігіт ұнады. Осы жылдар бойы әртүрлі кештерде бір-бірімізді сырттай ұнатып жүргенімізбен, әрі қарай еш әрекет жасамады. Бірде мен Кипрге ұшып кеттім де, бір жылдан кейін құрбымның үйлену тойына оралдым. Ол кезде жігіттер жайлы, әсіресе ол туралы ойламадым. Бірақ ол тағы да өмір жолымда пайда болды. Мен бұл жолы бірдеңе шығар деп үміттендім, алайда үмітім ақталмады. Мен ашуландым. Студияға келдім де, AlvinToday-мен бірге бір ырғақ тауып, барлық сезімдерімді жазып алдық. Осылайша 2021 жылдың шілдесінде Hot әні пайда болды.

Менің ерекше әндерім әлі шыққан жоқ


Ән Instagram рилсінде қолданылуына байланысты Ресейде танымал болып кетті.
Дәл сол кезде «Танцы на TNT» бағдарламасында бишілер менің әніме би орындады. Осылайша ән хит-парадтарға шыға келді.

Менің ерекше әндерім әлі шыққан жоқ. Ал шыққандардың ішінде маған «Дуешь» трегі ұнайды. Ол күлкілі, бірақ мұңды ән. Мені ұнатпаған, менен бас тартқан кезде шыққан ән еді. Алайда жігіт шынымен мені жақсы көреді әрі ол менімен бірге болғысы келеді деп өзімді алдап, керісінше, мен одан бас тартамын дегенді ойдан құрап алдым.

Шабыты туралы


Шабытты адамдардан, олардың бір-біріне деген қарым-қатынасынан аламын.

лейла коджахметова

Мен барлығын жүрегіме жақын қабылдаймын. Мен бұл қасиетімді ән шығару үшін қолданамын. Өмірімдегі жағдайларды жиі асыра сілтеп жіберемін. Егер такси жүргізушісі маған жақсы немесе жағымсыз нәрсе айтса, егер біз үйленсек не болар еді деп елестетемін.

Сүйікті әртістерім:

— Jhené Aiko.

— Snoh Aalegra.

— Sabrina Claudio.

Қазақ әрітстерінен маған R&B орындаушысы, рэпер Дидар, менің жақын құрбым Райхана Мухлис ұнайды. «Закрытый клубтағы» Ayau-дың ән шырқағаны да ұнайды.

Жоспарлары жайлы

Жоспарымда — көбірек өнер көрсетіп, алты әннен тұратын мини-альбом шығару, әлемдік хит-парадқа кіру.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.