Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
lemd-k-r-franshizalar-men-tmd-ayma-ynda-y-e-b-r-nsh-ehro-k-rmes-so-y-kezde-astanada-anday-r-zger-ster-oryn-aldy

Әлемдік ірі франшизалар мен ТМД аймағындағы ең бірінші ЕХРО көрмесі: соңғы кезде Астанада қандай ірі өзгерістер орын алды
2238

09.07.2017

Әлемдік ірі франшизалар мен ТМД аймағындағы ең бірінші ЕХРО көрмесі: соңғы кезде Астанада қандай ірі өзгерістер орын алды

ТМД аймағындағы алғашқы халықаралық мамандандырылған ЕХРО көрмесі

d2c860ee2431d470703254859714a3bc.jpg

Ірі халықаралық «ЭКСПО» көрмесі биыл ТМД аймағында бірінші рет өткізіліп отыр. Көрме ғылым мен техника саласындағы жаңа жетістіктерді таныстырады, көрмеге қатысушы елдердің мәдениеті мен маманданған саласын көрсетеді, сондай-ақ көрменің басты тақырыбын ашады. Биыл көрме тақырыбы «Болашақ энергиясы» деп алынған, ол энергияның балама көздерін: күн, су, жел энергиясын іздеп, зерттеп, қолдануға ықпал етеді. Одан бөлек көрме елдер арасындағы мәдени, дипломатиялық байланысты нығайтуға бағытталған.


ТМД-дағы ең технологиялық темір жол вокзалы

584c668e1bdc70242af14984c155bdd1.jpg

Жаңа «Нұрлы жол» темір жол вокзалының ТМД елдерінде баламасы жоқ, вокзалды 31 мамыр күні «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің алдында Елбасы ашқан болатын. 1 маусымда вокзалдың белгілі бір бөлігі жұмыс істей бастады. Жаңа вокзалдың өткізу қабілеті күніне 35 000 адамға дейін деп жоспарланған. «Нұрлы жол» қазір әлем бойынша инновациялық технологияларды қолданатын ең заманауи вокзалдардың бірі саналады.



The Ritz-Carlton қонақ үйінің ашылуы

da197f21ae57c0d00640837a07010cdb.jpg

Биылғы жаздың басында «люкс» класының халықаралық The Ritz-Carlton қонақ үйінің ашылуы болып өтті. Ашылуына Федор Бондарчук, Мила Йовович, Анна Чиповская қатысып, Нұрсұлтан Назарбаев өткізді. Ашылу салтанатында Патрисия Каас пен Димаш Құдайберген ән айтты. Елордада мұндай деңгейдегі қонақ үйдің пайда болуы «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында жоғары деңгейдегі қонақтарға шартталған.



Әлемдік франшизалардың қазақстандық нарыққа енуі

2016-09-30 02_42_06 1-min.jpg

McDonald’s. McDonald’s тез тамақтану желісі Астанада 2016 жылдың наурызында ашылып, қалалықтар арасында үлкен ажиотаж туғызғаны белгілі. McDonald’s Сол жағалауда, ірі әкімшілік ғимараттар мен СОСО жақын жерде орналасқан. Келушілерді тек мейрамхананың оргаласқан жері ғана емес, сонымен қоса заманауи дизайн, жайлы интерьер мен кермет қызмет көрсетуі қуантты.

H&M. 2 маусым күні MEGA Silk Way СОСО-да Астанадағы алғашқы H&M дүкені ашылды. H&M елорда тұрғындары мен қонақтарына көп сұрыпталымды, керемет сапа мен қолжетімді бағаны ұсынады. Алғашқы күні-ақ H&M өз тұтынушыларына 50 000, 40 000 жəне 30 000 тг сертификаттарды сыйға тартты.

Starbucks. Starbucks кофеханасы «Хан Шатыр» мен MEGA Silk Way СОСО-да ашылды. Бірінші күннен елордада кофе сүйетіндерді қуантты.

Miniso. Miniso жапон тауарлары дүкені Астанада. Жоғары сапалы өнімдерді жақсы бағамен сатып алуға болатыны жағынан өте жақсы жаңалық болды. Сұрыпталымда тұрмыстық химия, косметика, үй тауарлары, ыдыс жəне тағы басқалары бар.



Электромобильдерге арналған алғашқы жанармай бекеті

5 шілдеде Электромобильдерге арналған алғашқы жанармай бекетінің ашылуы болып өтті. №56 Тері коллонасына қарама-қарсы Ш. Уәлиханов көшесінде орналасқан. Tesla электромобильді маркасының кең таралуымен қуаттағыш бекеттерді орнату қажеттілігі туды. Алматыда былтыр пайда болды. Электромобиль экологиялық таза көлік болып табылады, ал электрожанармай бекеттерінің ашылуы "жасыл экономикаға" көшу бағдарламасының бір бөлігі.


Еліміздегі ірі жабық аквапарк

00480d6159246a94e3b4b611102f2fd7.jpg

Жаңа жабық аквапарк «Думан» орталығының ғимаратында ашылады. Аквапарк ауданы 41 780 ш. м. тек бассейн ғана емес, толқынды хауыз бен «Торнадо» мұнрасы, субұрқақ, орыс моншасы, хамамды сыйдыпды. Аквапаркте мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті жабдықтармен жабдықталған.



Қазақстандағы ең биік шолу дөңгелегі

716facb455783a2a86f0e6d9c0cfa12e.jpg

«Думан» ойын-сауық орталығының жанында орналасқан дөңгелек салтанатты түрде шілдеде ашылады. Биіктігі 65 метр, салмағы – 270 тонна. Конструкция астаналық жел мен төменгі температураны ұстап тұра алады. Аттракцион тəулік бойы жұмыс істейді.