Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
lem-chemiponyny-astanada-shahmat-oynau-a-yretu

ӘЛЕМ ЧЕМИПОНЫНЫҢ АСТАНАДА ШАХМАТ ОЙНАУҒА ҮЙРЕТУІ
387

09.08.2017

ӘЛЕМ ЧЕМИПОНЫНЫҢ АСТАНАДА ШАХМАТ ОЙНАУҒА ҮЙРЕТУІ

Айнұр Өтешова, 28 жаста, туған қаласы — Целиноград, атқарушы директор

Біздің Академияның басты мақсаты – сапалы шахматтық білім беріп, болашақ чемпиондар мен мемлекеттің ұлттық құрама мүшелерін тәрбиелеу. Біз өз әдістемемізді жасап, балаларды оқытуға кешенді кірістік.



Шахматтық Академияға қалай түсуге болады



1227f9edf77dda63841e7401822ac270.JPG



Бізге жазылу үшін қоңырау шалуға немесе келуге болады. Топқа әлеуметтік желілер арқылы жазылуға болады: Facebook және Instagram. Егер бір немесе бірнеше бала жазылған болса, біз топтың қалыптасқанын күтпейміз, сабақты сол сәттен бастай береміз.

Оқытуды бастамас бұрын баланы тренер тестілеуден өткізеді. Біз баланың дайындық деңгейін тексеріп, оның психологиялық ерекшелігін, жасын ескереміз. Осы ретте, біз балаларды төрт жасынан бастап қабылдай береміз. Содан кейін балалар өздеріне ыңғайлы уақытты таңдайды: Академия дүйсенбіден жексенбі аралығында, таңертеңнен түстен кейінге дейін жұмыс істейді.



Балаларға арналған топ



af3d4afc3dd253b00cb9077394e594b8.JPG


Топтар төрт санатқа бөлінген:

—​ Жаңадан шұғылданып жүрген шахматшылар, біз оларды дебютанттар дейміз. Бұл әлі ойнай алмайтын балалар.

—​ болашақ кандидаттар — бұл төртінші дәрежедегі шахматшылар немесе оны алатындар

—​ болашақ шеберлер — бұл үшінші және төртінші дәрежедегі балалар

​ болашақ гроссмейстерлер — бірінші дәрежедегілер.


Сыныпта бес балаға дейін айналысады


65262693ef9bc79632fc0c532106ffed.JPG


Бұл тренердің сабақтың бір сағаты ішінде әр балаға көңіл бөліп, тақырыпты түсіндіріп, мысалдарды көрсетуі үшін қажет. Әрине, материалды бекіту үшін үй тапсырмасын орындаудың маңызы зор.



Ересектерге арналған топтар



c24a20aae67b87ab71e3d14f0f24ccd4.JPG



Қазір, балаларын әкеліп өздері күндізгі уақытта сабаққа келетін бірнеше ата-ана бар. Балалармен бір тренер айналысса, төрт ата-ана басқасында оқытылады. Соңғы уақыттарда шахмат ойнауды үйренгісі келетін ересектерден көптеген өтініштер түсуде. Сондықтан осы аптада сейсенбіден бейсенбі аралығында кешкі сағат сегізге дейін сабақтар өтетін ересектерге арналған топты ашамыз.


Сабақтар қайда өтеді



Жалпы залда екінші және үшінші дәрежелері бар жасы үлкен балаларға арналған топтық сабақтар және жексенбіде ойын күндері өтеді.


865f1afd7a593d7494843ec345d4127f.JPG


0493631384a4390797bfed11e8151302.JPG


Кіші бөлмелерде де жаңадан ойнап жүрген шахматшылармен топтық сабақтар өтеді.


4b9c5b20ba79f88395d4232fa72e34ad.JPG


86c2102e051b0c59712e1ddb03a00cc9.JPG


Жасыл бөлме дәрістер өткізуге арналған, бұл жерде балалар белгілі гроссмейстерлердің, дүниежүзілік ірі жарыстардағы, турнирлердегі ойындардың онлайн-трансляцияларын көре алады. Экран тапсырмаларды шешіп, бағыттарды таңдауға мүмкіндік береді. Бұл бөлмені балалар бәрінен де артық жақсы көреді, бұл жерде оқытудың еркін форматы орнатылған, кейбір жүрістер мен бағыттарға басқаша қарауға мүмкіндік береді. Өйткені балалар мектептегі жеті сағаттық оқудан кейін партада отырудан жалығады, ал бұл жерде оны істеудің қажеті жоқ.



Академияда өтетін іс-шаралар



Демалыс күндері біздің Академияның ішінде турнирлер өтеді және осындай күндері біз өз серіктестерімізді, басқа шахмат мектептерін шақырамыз. Бізде жоғарғы және төменгі лигалар бар.



Жоғарғы лигада шеберлер, күштірек балалар, ал екіншісінде шамалы әлсіздеу балалар ойнайды


Үш айдан кейін егер жақсы ойнап, үйренетін болса бала келесі лигаға өте алады. Олар үшін бұл даму мен күштірек қарсыластарын жеңу мүмкіндігіне ынталандырады.


25d229287f42d96fa3df68622b91d1e2.JPG


Әрине, біз турнирлерді дәреже алу үшін өткіземіз.


2016 жылғы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік Күніне орай біз балалармен, ересектерді қосқанда барлық шахмат әуесқойларын біріктіріп, қалалық турнир өткіздік. Әдетте қалалық турнирлерге тек балалар қатысады, ал ересек буындар, зейнеткерлер, ардагерлердің қатысуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біз шахмат ойнау үшін 5-70 жас аралығындағы шахматшыларды шақырдық.


Ал Жаңа жыл қарсаңында біздің Шахмат Академиямызда шығармашылық байқауы өтті, өйткені біз балалардың тек шахматпен ғана емес, басқа да хоббилері мен қызығушылықтарының болғанын қалаймыз. Балалардың кейбірі тігін тіксе, кейбірі ермексазбен пішіндер жасады, ал кейбірі –сурет салды. Біз барлығын бағалап, әрқайсысына қызығушылықтарына қарай жеке сыйлық жасадық: энциклопедия, бояулар, дамытатын ойыншықтар.


Демалыс күндері біз балалармен қалаға шығуды тәжірибеге енгіздік. Мысалы, біз «Алау» Мұз айдыны Сарайына бардық, әдетте сырғанай алатын және сырғанауды үйренгісі келетіндер барады. Қазір Драма театрымен балалардың барлығының бірге барып, көрулері үшін белгілі бір қойылымдарға келісудеміз.



Жоспарлар туралы



Тілек білдірушілердің көптігінен биыл Астанада тағы екі филиал ашуды жоспарлаудамыз


Кейбіріне солтүстік жағалауға бару ыңғайсыз, ал кейбірінің балалары оң жағалауда оқиды.

Сонымен қатар, кеңейтілген ересек топтар мен жексенбіге кешкі топтар ұйымдастырылады.


Биыл біз Қазақстанның барлық университеттерінен студенттерді шақырып шахмат бойынша республикалық универсиаданы өткізуді жоспарлаудамыз.

f0aa5b912e9db011b61fbf1a36dca72b.JPG


«Динара Сәдуақасованың Шахмат Академиясы»

Мекенжайы:Октябрдің 70 жылдығы көш., 54

Байланыстары: 8 702 541 51 51