facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
k-rmen-aya-taluyna-dey-n-k-r-p-lgeru-kerek-14-expo-s-sharalary
logo
Көрменің аяқталуына дейін көріп үлгеру керек 14 EXPO іс-шаралары
Қайда барған тиімді

03.08.2017

Көрменің аяқталуына дейін көріп үлгеру керек 14 EXPO іс-шаралары

«Травиата» операсы

1, 3 тамыз, сағат 19:00


травиата.jpg


EXPO-2017 аясында «Астана Опера» сахнасында «Травиата» операсы жұлдыздарының өнер көрсетуі болады. Басты рөлдерде: Пласидо Доминго, Марина Ребека, Сандра Пламенац, Юджин Кон.


«Травиата» операсының сюжеті кіші Александр Дюманың «Дама с камелиями» романынан алынған. Либреттоның авторы — Франческо Мария Пиаве.


Билеттердің бағасы: 500 тг бастап 20 000 тг дейін

Мекенжай: Қонаев көшесі, 1, «Астана Опера» театры

Байланыс телефоны: 709 600; 709 612




«Алып бұрқақтар шоуы. Таңғажайып қала»

6 тамызға дейін, сағат 16:00 және 19:00


фонтаны.jpg


Цирк бағдарламасы әртүрлі жанрлардағы акробаттардың, гимнасттардың, эквилибристердің және үйретілген жануарлардың нөмірлерінен тұратын болады. «Алып бұрқақтар шоуы» бағдарламасы келушілер саны бойынша Еуропадағы бұрынғы рекордынан асып кетті. Әртістер ауада шарықтап, қауіпті трюктерді және таңғажайып ырғақтылықты көрсететін болады. Бұрқақтар музыка үніне қосыла отырып, жоғары, төмен әуелей және көптеген көмескі жарықтардың әсерінен бояуын ауыстырып жүріп тұратын болады.


Билеттердің бағасы: 2000 тг бастап

Мекенжай: Қабанбай батыр даңғылы, 5, Астаналық цирк

Байланыс телефоны: 244 061




Limp Bizkit концерті

12 тамыз сағат 20:00


lb.jpg


Музыканттар 90-жылдарда өз әндерінің тақырыптарымен, Фред Дерсттің әнді агрессивті орындау мәнерімен, дыбыстық тәжірибелермен және Уэс Борландтың қайталанбас сахналық бейнесімен, сондай-ақ, толық құрастырылған және қызықтырарлық концерттік өнер көрсетулерімен танымал болған.


Билеттердің бағасы: 6000 тг бастап 28 000 тг дейін

Мекенжай: Қабанбай Батыр даңғылы 45 A, «Сарыарқа» велотрегі

Байланыс телефоны: 727 109




Заманауи Лондондық оркестрдің өнер көрсетуі

12 тамыз сағат 19:00


lco.jpg


2008 жылы негізі қаланған Заманауи Лондондық оркестр Ұлыбританияның ең инновацияланған және қадірлі музыкалық ұжымдарының бірі болып саналады. Заманауи және дәстүрлі стильдерді, сондай-ақ, музыка мен киноны үйлестіруімен белгілі оркестр танымал қазақстандық музыканттармен бірлесе отырып, Under the Skin атты концертімен өнер көрсетеді.


Билеттердің бағасы: 2000 тг бастап 5000 тг дейін

Мекенжай: Мәңгілік Ел даіғылы, 10/1, ОКЗ «Қазақстан»

Байланыс телефоны: 8 778 347 88 01, 8 778 544 27 62




«Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» көрмесі

30 тамызға дейін, 10:00 — 20:00, дүйсенбіден басқа күндері


ҚР Ұлттық мұражайында Мысыр мен Сириядағы мамлюктер сұлтаны — Сұлтан Бейбарыстың өмірі мен басқару тарихы туралы сыр шертетін Каирдағы ислам өнері мұражайының жиынтығынан алынған заттар ұсынылған.


Билеттердің бағасы: 700 тг — мұражайға кіру, 1000 тг —көрме

Мекен-жай: Тәуелсіздік даңғылы, 54, ҚР Ұлттық мұражайы

Байланыс телефоны: 8 777 733 53 53, 919 035




Astana Ballet Expo Gala

18, 19 тамыз, сағат 18:00 және 19:00


балет гала.jpg


Astana Ballet Expo Gala бағдарламасына отандық және шетелдік хареографтармен шығарылған театр репертуарындағы ең жақсы нөмірлер кірді. Бұл Джордж Балантиннің «Серенада» атты бір актілі балеті – бүкіл әлемге танылған неоклассикалық бидің ең үздік туындысы. Сондай-ақ, A fuego lento— Л. Шифриннің, А. Пьяццоллдың, К. Гарделдің, С. Косуганың музыкасына жазылған бір актілі балеті. Қоюшы-хореограф — Рикардо Амаранте.


Билеттердің бағасы: 500 тг бастап 4000 тг дейін

Мекенжай: Ұлы Дала даңғылы, 9, «Астана Балет» театры

Байланыс телефоны: 621 212




«Париж Құдай Ана шіркеуі» спектаклі

20 тамыз сағат 18:00


спб.jpg


«Астана Опера» «Ролан Петидің балеттері» француз Қорымен бірлесе отырып, «Париж Құдай Ана шіркеуі» балетін ұсынады. Спектакльдің тұсаукесері 1965 жылдың 11 желтоқсанында Париждік Операда өтті. Спектакльдің ортасында сұлу- сыған бикеш емес Квазимодо болады. Сахнада Квазимодоның — өзінің «қожайыны» Клод Фроллоға иттей адалдығынан бастап бейкүнә Эсмеральданы құтқаруға ерлік әрекетін мен оның өлімі үшін кек алуға дейінгі шынайы бейнесі көрсетілген.


Билеттердің бағасы: 500 тг бастап 7000 тг дейін

Мекенжай: Қонаев көшесі, 1, «Астана Опера» театры

Байланыс телефоны: 709 600, 709 612




Forever Pavarotti концерті

3 қыркүйек сағат 19:00


Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесі аясында Қазақстандағы Италия елшілігінің көмегімен Лучано Паваротти атындағы қор ұлы опералық әртіс Forever Pavarottiдің естелігіне бірегей жоба ұсынады. Концертте аты әйгілі опералық ариялар мен Дж. Россини, Дж. Верди және Э. де Куртистің операларынан алынған дуэттер, сондай-ақ аспаптық фрагменттер мен флейта және фортепианоға арналған опералық тақырыптарға фантазиялар орындалады.


Билеттердің бағасы: 2000 тг

Мекенжай: Қонаев көшесі, 1, «Астана Опера» театры

Байланыс телефоны: 709 600, 709 612




Fashion Show Pierre Cardin көрсетілімі

1 — 3 қыркүйек сағат 16:00 және 19:00


cardin.jpg


Әлемге әйгілі кутюрье төрт күн бойы арнайы қазақстандық сәнді бағалаушыларға арнайы дайындаған өзінің соңғы киім үлгілерінің топтамасымен жеке таныстырады. EXPO-2017 үшін Карлен мырза өзінің жеке жетекшілігімен осы оқиғаға және «Дориан Грейдің портреті» опералық спектакліне арнайы дайындаған киім үлгілерінің топтамасынан тұратын бағдарлама қалыптасырды. Осы спектакльдің екі тұсаукесері Венециядағы «Ла Финиче» опералық театрдің сахнасында сәтті өтті.


Билеттердің бағасы: 5000 тг бастап

Мекенжай: Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1, ОКЗ «Қазақстан»

Байланыс телефоны: 8 707 444 57 21, 8 707 976 07 23




«Ходячий замок» концерті

5 қыркүйек сағат 19:00


ходячий замок.jpg


Ең әйгілі жапондық композиторлардың бірі Джо Хисаисидің «Гибли» студиясында Хаяо Миядзакидің туындылары үшін жазылған сүйікті музыкасы Астанада орындалатын болады. «Ходячий замок» концерті көрерменді бүкіл әлемде білетін және жақсы көретін жапондық кинорежиссердің әйгілі фильмдері атмосферасына алып кетеді. Ал музыка бұл фильмдерде ерекше орынға ие.


Билеттердің бағасы: от 4000 тг

Мекенжай: Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа Орталығы»

Байланыс телефоны: 8 778 347 88 01



«Людвиг Ван Бетховен. Симфония №9» концерті

7, 9 қыркүйек сағат 20:00


Симфониялық оркестр, хор және «Ла Скала» театрының жеке орындаушылары «Астана Опера» театрының көрермендеріне алғаш рет Венада 1824 жылғы 7 мамырда автордың басқаруымен орындалған Бетховенның Тоғызыншы симфониясын ұсынады. «Ла Скала» театрының симфониялық оркестрінің дирижерлық пультінде әлемге ең атақты және үйірімпаз музыканттардың бірі – Зубин Мета тұратын болады. Ірі және терең симфониялық туындылардың шебері, музыка тарихындағы ең танымал концерттердің дирижері ретінде танылған.


Билеттердің бағасы: 500 тг бастап 20 000 тг дейін

Мекенжай: Қонаев көшесі, 1, «Астана Опера» театры

Байланыс телефоны: 709 600, 709 612




Гагарина мен Егор Кридтің концерті

5 тамыз сағат 18:00


Полина Гагарина басты музыкалық премиялар мен марапаттаулардың бірнеше дүркін иегері. Астаналық көрермендерді жаңа хореографиялық қойылым, алдын ала ойластырылған сюжеттік желі, еліктірер арнайыәзірленген әсерлер, миллиондаған көрермен мойындаған өлеңдер мен хиттер күтіп тұр.


Егор Крид қазіргі уақытта өз жанкүйерлерінің алдына екінші альбомын ұсынуға дайындық үстінде. Астаналық тұрғындар мен қонақтар әншінің жүрекке жаққан хиттерін естіп, жарқын шоуды көре алады.


Билеттердің бағасы: 6000 тг бастап 23 000 тг дейін

Мекенжай: Қабанбай батыр даңғылы 45 A, «Сарыарқа» велотрегі

Байланыс телефоны: 727 109




«Музыка қуаты» - A'Studio тобының мюзиклы

15 — 20 тамыз сағат 18:00 және 21:00


A`Studio тобы EXPO-2017 қонақтарына жарқын және біртума шоу-бағдарламаны ұсынатын болады, онда көрменің басты тақырыбы «Болашақ энергиясы» ерекшеленетін болады.


A`Studio сүйікті әндер мен жалынды хиттерді жанды дауыспен орындайтын болады. Топпен анимацияланған эпизодтар, билер мен ерекше дыбыстық және бейнелік әсерлері бар арнайы бағдарлама дайындалды.


Билеттердің бағасы: 3000 тг бастап 6000 тг дейін

Мекенжай: Мәңгілік Ел, 144/7, Конгресс-Центр «Астана»

Байланыс телефоны: 727 109




Эроса Рамазоттидің концерті

19 тамыз сағат 20:00


ramaz.jpg


Эрос Рамазотти — өз альбомдарының көбісін италян және испан тілдерінде шығарғандықтан Еуропаның ағылшын тілді елдерінде ғана емес, сонымен қатар испантілді елдерінде де атақты, танымал италяндық әншілердің бірі. Орындаушы Шер, Тина Тёрнер, Андреа Бочелли, Пэтси Кенсит, Адриано Челентано, Джо Кокер, Анастейша, Ани Лорак, Лучано Павароттижәне Рики Мартин сияқты әртістермен дуэт құрып ән айтқан.



Билеттердің бағасы: 6000 тг бастап 28 000 тг дейін

Мекенжай: Қабанбай батыр даңғылы 45 A, «Сарыарка» велотрегі

Байланыс телефоны: 727 109

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.