facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/cde/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/cde100c8df5ba4ec1053a555c2b3f221.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
jump2mars-kez-kelgen-zhasta-y-paydalanushylar-zha-sy-k-ret-n-tiktok-ta-y-b-l-m-beru-zhobasy-turaly
logo
Jump2mars. Кез келген жастағы пайдаланушылар жақсы көретін TikTok-тағы білім беру жобасы туралы

05.01.2023

Jump2mars. Кез келген жастағы пайдаланушылар жақсы көретін TikTok-тағы білім беру жобасы туралы

TikTok желісінде білім беру бейнелерін жариялайтын @jump2mars жобасының мүшесімен сұхбат.

Бауыржан Тілеуханов, 20 жаста, қаласы — Алматы, биолог, @jump2mars

Бауыржан


Жоба жайлы


Мен Назарбаев Университетінің студентімін және @jump2mars білім беру жобасының мүшесімін. Ол туралы TikTok-тан естіп-білдім де, кейінірек кастингтен өттім. Ал 2021 жылдың қазанында сол команданың бір бөлігіне айналдым.

Jump2mars — коммерциялыққа жатпайтын білім беру жобасы. Біз жасөспірімдердің де, ересектердің де ғылым мен білімге деген қызығушылығын оятуға көмектесетін бейнероликтер жасаймыз. Сондықтан білім беру контентін шығармашылық форматта түсіреміз. Біз оқытудың стандарттан тыс тәсілін табамыз. Біз ғылымды қиындатпай, керісінше, оның қызықты әрі пайдалы екенін көрсетеміз.

Командада қазірдің өзінде алты адам бар. Біз бірнеше саланы көрсетеміз: биология, химия, география, математика, физика және Қазақстан тарихы.

TikTok-тағы шығармашылық туралы


Командамызда контент жасауды білетін, өзіндік ерекше көзқарасы бар креативті адамдар жиналған. Бейнероликтеріміздің стилі шамамен бірдей болғанымен, әр автор өз бетінше сценарий жазып, оны өз стилінде көрсетеді және постпродакшнға жауапты болады.

Біз арасында «брейнштормингке» жиналамыз. Одан бұрын өз идеяларымызды алдын ала дайындап, оларды бірге әрі қарай дамытамыз. Бейнероликтер түсіруге идеялар аяқасты туындайды, сондықтан оларды ұмытып қалмас үшін бірден өзіме түртіп алып отырамын.

Контент жасау кезінде мен әрқашан мұқият зерттеу жүргіземін, сарапшылық бөлігін құрамын, фактілерді жинаймын және осының айналасында сюжет құрастырамын. Алғашқыда өзіме қызықты тақырыптарды таңдадым. Ал қазір адамдардың өтініштерінен шабыттанып, пікірлерді мұқият қадағалап, жазылушылардың сұрақтарына жауап береміз.

Аудиториямыздың дені жасөспірімдер мен 24 жасқа дейінгі жастар. Бірақ аға буын да бар. Олар көбінесе мектепте оқып жүргендерінде тақырыптарды ешкім бұлай оңай түсіндірмегенін айтып, пікір қалдырып жатады.

Жобадан соң өмірі қалай өзгерді


Кейде адамдар мені көшеде танып жатады. Олардың арасында жасөспірімдер де, егде жастағы адамдар да бар. Жақындап келіп, контентіме алғыс айтады, сұрақтар қояды. Адамдарға шығармашылығыммен көмектесе алатыныма қуаныштымын.

Маған сондай-ақ басқа мұғалімдерді оқу процесіне креативті, шығармашылық тұрғыдан қарауға шабыттандыратынымыз ұнайды. Балаларды өз пәніңізге қызықтыруды үйреніңіз.

Ұсыныстары


Ұзақ видеолар түсірмеңіз. Адамдар 20-30 секундтан асатын бейнежазбаларды қарамайды.

Әзіл қолданыңыз. Онсыз болмайды. Әсіресе TikTok сияқты платформада.

Трендтерді пайдаланыңыз. Оларды қашанда сіздің контентіңізбен үйлестіруге болады.

Өзіңізді суретке түсіруден қорықпауға кеңес беремін. «Кринжге» бой алдырмаңыз. Бұл дамуға кедергі келтіреді.

Жылдам нәтиже күтпеңіз. Күн сайын жұмыс істеп, мақсатыңызға бір қадам болсын жақындай беруіңіз керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.