facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
hiro-shy-armashyly-zholy-zha-a-aza-standy-leybl-rukh-zh-ne-alda-y-relizder-zhayly
logo
HIRO шығармашылық жолы, жаңа қазақстандық лейбл RUKH және алдағы релиздер жайлы
Главный (каз)

24.04.2023

HIRO шығармашылық жолы, жаңа қазақстандық лейбл RUKH және алдағы релиздер жайлы

HIRO ретінде танымал Бекболатпен кездесіп, әртістің шығармашылық жолы, жаңа RUKH лейблінің жоспарлары және рэпердің келешектегі релиздері туралы сұрап-білдік.


Бекболат Кайдаров, 30 жаста, қаласы — Алматы, рэпер, әндер авторы, битмейкер, гострайтер, @h1rosima

HIRO

Бәрі қалай басталды

Мен Сарыағаш қаласында туып-өстім, ал 17 жасымда Алматыға қоныс аудардым келдім. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқыдым, бірақ екінші курста МАБ-қа ауыстым, алайда оқуымды аяқтамадым. Үйленбегенмін. Қазір басым бос, бірақ қызым бар.

Біздің отбасымызда ешкім шығармашылықпен айналыспаған. Анам бала кезімде Андрей Губиннің әндерін жақсы көретінімді айтатын. Сым темір тауып алып, оны микрофон деп елестетіп ән айтатынмын.

Шығармашылық жолым жасөспірім кезімнен басталды. Мектепте танымал болуды, басқалардан үздік болуды қалайтынмын. Сондықтан YouTube-тен тректерді қалай жазуға болатынын қарайтынмын, арнайы бағдарламаларды зерттеп, бірдеңе жазуға тырысатынмын. Сегізінші сыныпта мен «Біздің мектеп» әнін шығардым, бұл маған алғашқы танымалдылық әкелді. Маған басқа мектептердің жоғары сынып оқушылары олар туралы бірдеңе жазуымды сұрап келетін. Тіпті Оңтүстік Қазақстан облысының Леңгір, Түркістан және басқа да қалаларынан келген. Алғашқы ақшамды осылай тауып жүрдім. Ол кезде бір әнім үшін 15 000 теңге алатынмын.

Мектепте танымал болуды, басқалардан үздік болуды қалайтынмын

Табысымның көп бөлігін ата-анама бердім. Бала кезімде олардың мақұлдауын алу мен үшін маңызды болды. Әкем қатал, ескі ұстанымдағы адам еді. Отбасымыз үлкен болғандықтан, үнемі жұмыс істеп, бізді киіндіріп, тамақтандыру үшін қолдан келгенінің бәрін жасады. Ал қалғанына анам жауапты еді. Ата-анамның қолы үнемі босамайтындықтан, мен көшедегі үлкеннің рөлінде болдым. Көшедегі бандит емес едім, бірақ қатарластарымның арасында беделге ие болдым.

11-сыныпта Шымкентке демалуға бардым. Достарыммен бірге клубтық шаралар ұйымдастырдық. Мұнда мен Emir Frans, Antrax, Proxxx, Black Cost, KICHA сынды сол кезеңнің танымал орындаушыларымен таныстым. Біз бірлесіп бірнеше трек жаздық.

11-сыныптан кейін Алматыға көшіп келдім. Мансабымда әлеуметтік желілер ерекше рөл атқарды, себебі онда мен танымал болатынмын. «Мой мир» желісінде шамамен 360 000 досым болды. Күн сайын маған 500-ге жуық адам қосылып отыратын. Мен тіпті барлығын қабылдау үшін арнайы бағдарламаны жүктеп алдым. Содан кейін «ВКонтакте» танымал бола бастады, ол жақта да аудиториям үлкен болды. Сол кезде өзімді әртіс ретінде сезіндім деп айта алмаймын, бірақ осы салада жұмыс істейтінімді әрқашан білетінмін.

Өзінің шығармашылығы жайлы

Мен өзімді әлі күнге дейін кәсіби музыкантпын деп санамаймын. Бұл салада көп нәрсені түсінемін, талғамым бар, бірақ ноталарды білмеймін, аспаптарда ойнай алмаймын, тек электронды музыка жасаймын.

Менің алғашқы «Новый уровень» дейтін микстейпім 14 әннен тұрды. Содан кейін 25 тректен тұратын «Восхождение», 30 синглден тұратын «Саундтреки к жизни» шықты. Ал кейінірек мен көп жұмыс істеген соңғы микстейп «Город на небе» шықты. Ол маған Алматыда үлкен серпіліс берді. Бұған көпшіліктің есінде қалған танымал тректер: «Шапалақ», «Люби» және басқа да жақсы әндерім кірді. Оларды қайта-қайта тыңдай беруден жалықпаймын, өйткені бұл әндерде жастық шағым бар.

музыкант

Алматыға көшкеннен кейін жақсы ақша табуға болатын концерттерге шақыра бастады. Мысалы, студенттік шараларда өнер көрстеу бір кешке 50 000 теңге тұрды. Көбінесе бағаны түсіріңізші, оның орнына дастархан жайып береміз дейтін, сөйтіп 30 000 теңгеге шығып жүрдім.

Менің шығармашылығыма Bro Upgrade, Proxxx, Antrax ықпал етті. Олардың көмегімен мен тәуелсіз бола бастадым және стилімді шыңдадым. Сондай-ақ батыстық рэп орындаушылардың шығармашылығы да әсер етті. Әрбір өмір кезеңімде белгілі бір әртіс болды: Lil Wayne, Wiz Khalifa, B.o.B.

Децлды тыңдайтынмын. Менде тіпті оның мұқабасы әртүрлі бір альбомының жинағы да болды. Соңғы бес-алты жыл ішінде Young Thug және атланталық өнер маған қатты әсер етті. Маған олардың музыкасы, рэпі, флоуы ұнайды. Бес жыл бұрын сүйіп тыңдайтын әндерімді әлі күнге дейін тыңдаймын және олар ескірген жоқ деп ойлаймын.

Бір уақыттарда маған Zheka Fatbelly көмектесті және онымен шығармашылық жолымды байланыстырдым. Жеңіс — табанды, өзіндік сенімі бар, мінезі мықты, сыйлайтын адамым. Біз Жека музыкаға әлі араласпаған кезінде, яғни бар уақытын блог пен мейрамхана желісін дамытып жүрген уақытта араласып, достасып кеттік. Сол кезде мен қиын кезеңді бастан өткеріп жүрген болатынмын: сүйікті қызым жүкті болып қалып, менің тұратын жерім болмады. Сөйтіп Жекаға әндерімді сатып алуын ұсындым. Біз тіпті бірге тұрдық, сөйтіп мен оған музыка жазуды үйреттім.

Қиындықтар туралы

Өмір жолымдағы ең басты қиындық бір кездері жаман әдеттерге бой алдыруым болды. Өте көп жаздым, бірақ ештеңе шығармадым. Өйткені жетістік 50% талант және 50% тәртіптен тұрады. Тәртіп болмаса, ұанша жерден талантты болсаң да, ештеңе өнбейді.

Бұл азапты кезең болды. Бірақ шығармашылық жағынан жақсы өстім. Көп жұмыс жасадым, жақсы жаққа өзгеруге тырыстым.

Шабыт туралы

Музыка — дыбыстар мен ноталар тізбегі. Бәрі қарапайым.

Музыка — энергия. Шетелдік тректерді тыңдаған кезде автордың қуатын сезінемін.

казахстан

Шығармашылығымның өз миссиясы бар. Менің музыкам әндердің мазмұнына қарамастан, адамдардың жүрегінде нұрлы, мейірімді сезімдерді оятса деймін.

Менің миссиям — өтірік айтпау және өз қалпымды сақтап қалу. Ойдан шығармай, өмірден алу. Ақша үшін жасамау.

Қазақстандағы музыка индустриясының дамуы туралы

Қазақстанда музыка жақсы дамып келеді. Той бизнесі — бұрыннан қалыптасқан нәрсе, ол қашанда бола бермек. Бірақ ұрпақ өзгереді. Мені бірнеше рет үйлену тойына шақырды. Мен тойларда өнер көрсете аламын және бұл қалыпты жағдай деп санаймын.

Бізде индустрияны дамытып жатқан көптеген керемет музыкалық лейбл бар. Бұл қиындау, себебі Қазақстан халқы аз.

Қазақстандық музыканың әлемге танымал болуына барлық мүмкіндігі бар

Қазақстандық музыканың әлемге танымал болуына барлық мүмкіндігі бар. Тек сену керек және ұмтылу керек. Мысалы, The Limba-ны бүкіл ТМД елдері тыңдайды, ал Tanir мен Tyomcha Германияда концерт берді.

Әр адамның музыкаға деген қарым-қатынасы әртүрлі. Бірақ бізді шығармашылыққа деген ұмтылыс біріктіреді.

Ағымдағы жұмыстары мен жоспарлары туралы

Біздің RUKH лейбліміз — достар бірлестігі. Мұнда барлығы да кәсіби мамандар. Бізге енді ғана бір жыл толды, бұл кезең біздің қалыптасу кезеңіміз болды. Біз әлі қандай биіктерден көріне алатынымызды көрсете қойған жоқпыз.

Жоспарымызда жас әртістерді қолдап, таныту және өз шығармашылығымды қатар алып жүру. Біз кәсіби деңгейде іс-шаралар мен концерттер ұйымдастырып, сұхбаттар жүргізіп, барлық медиа бағытта табысты болғымыз келеді. Шетелдік орындаушыларды Қазақстанға шақырып, елдегі музыканы дамытуды жоспарлап отырмыз.

Хиро

17 наурызда Dose екеуміздің бірлескен «Бай-Бай» трегіміз шықты. «Ирина Кайратовна» тобымен бірлескен альбом да дайын. Маусым-шілде айларына дейін менің жеке EP-альбомым және «Особо крутая», «Врываемся», Adjara gudju тректеріне арналған бейнебаяндарым шығады.

Жаңадан бастап келе жатқан әртістерге кеңес

Қазір жалғыз әнмен де жұлдыз болып кетуің мүмкін. Ерте ме, кеш пе, солай болады. Бастысы, бәріне қолыңды бір сілтеп, әрқашан солай болады деп ойламау керек. Тек жұмыс істей беріңдер. Өзіңді дұрыс ұстап, жақсы адамдармен араласқаның жөн.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.