facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
google-de-zh-mys-step-zh-rgen-otandastarymyz-lihan-o-as-s-hbat-a-alay-dayyndalu-kerekt-g-zh-ne-irlandiyada-zh-mys-steu-turaly
logo
Google-де жұмыс істеп жүрген отандастарымыз. Әлихан Оқас сұхбатқа қалай дайындалу керектігі және Ирландияда жұмыс істеу туралы
Главный (каз)

11.11.2022

Google-де жұмыс істеп жүрген отандастарымыз. Әлихан Оқас сұхбатқа қалай дайындалу керектігі және Ирландияда жұмыс істеу туралы

Әлихан Оқас Google сұхбатқа қалай дайындалу керектігі және Ирландияда жұмыс істеу туралы бізбен бөлесті.


Әлихан Оқас, 23 жаста, қаласы — Дублин, Site reliability engineer в Google, @dr.alikhan

Алихан Окас.png

Қоныс аудару жайлы

Мен Алматы облысында туып-өстім. Мектеп жылдарында математикадан республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері болатынмын. Кейінірек ҚБТУ-ға оқуға түсіп, ақпараттық технологиялар факультетін бітірдім. Университетте бағдарламалау бойынша жарыстарға қатысып жүретінмін. Оқып жүрген кезімде көптеген достарым ірі компаниялардан түрлі ұсыныс алған еді, менің де солар сияқты болғым келді.

2020 жылы бакалавриатты бітіргеннен кейін мені Google-дің ирландиялық кеңсесіне Site reliability engineer ретінде қабылдады.

Жаңа өмірге бейімделу және қиындықтар туралы

Дублинде Google, Meta және Amazon сияқты ірі IT компанияларының кеңсесі көп.

Бұл жақта тұрудың да кемшін тұстары бар — жалға берілетін мүліктің бағасы өте жоғары. Дегенмен компания алғашқыда қоныс аударуға көмектеседі, бірінші айға баспана береді, ұшақ билетін және тіл курстарын төлейді. Тұрғын үй мен ұшу ақысын төлеудің орнына қолма-қол ақша алуды жөн көрдім. Себебі достарыммен бірге тұрамын деп келісіп қойған едім.

Мұнда ауа райы өте құбылмалы, күніне бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Ең таңғалдырғаны, күртеше киіп тоңып жүрген кезімде жергілікті тұрғындардың теңізде шомылып жүргені болды.

Жұмысы және мансабы жайлы

Дублин кеңсесінде мен шамамен 40 күндей жұмыс істедім. Пандемияға байланысты маған Қазақстаннан қашықтан жұмыс істеуге рұқсат бері. Содан бері мен Google-да Алматыда отырып жұмыс істеймін. Ирландияға наурыз айының басында оралуды жоспарлап отырмын.

Алихан Окас о работе.jpg

Бағдарламалау жарыстарындағы тәжірибе маған үлкен компаниялардағы техникалық сұхбаттарға дайындалуға көмектесті, өйткені олар негізінен алгоритмдік тапсырмалар береді.

Жақсы дайындалу үшін мен leetcode.com платформасын ұсынамын, мұнда код жазу дағдыларын шыңдай аласыз. Ал ең маңыздысы, сұхбаттасуға дайындалып жүрген басқа да адамдардың ортасында болу.

Ең маңыздысы, сұхбаттасуға дайындалып жүрген басқа да адамдардың ортасында болу

Мен site reliability engineer болып жұмыс істеймін, SRE мақсаты — қызметтердің сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету. Маған Search SRE командасының бір мүшесі болу бақыты бұйырыпты. Интернеттен бір нәрсе іздеу — миллиардтаған адам пайдаланатын әлемдегі ең көп салмақ түсетін жүйелердің бірі. Біздің Search Fulfilment командасы іздеу сұрауын өңдеудің ортасында орналасқан бірнеше қызметке жауап береді.

Уақыттың 80%-ы жобаларға жұмсалады, яғни бағдарламашының әдеттегі жұмысы деуге болады. Алғашқыда дизайн-құжат жасалады, онда біз жоба және шешілуі тиіс мәселе туралы айтамыз. Құжат мақұлданғаннан кейін біз жобаны жүзеге асырумен айналысамыз.

Ал қалған уақытта — кезекшілік. Кезекші сервистерде орын алуы мүмкін оқыс жағдайларға жауапты. Мұндай жағдайларда телефонға хабарлама келеді және туындаған мәселені тез арада шешуіңіз керек болады.

Алихан Окас .jpg

Бас кезінде мен күйзеліске ұшырадым. Кезекшілікте әйтеуір бір оқыс жағдай орын алатын сияқты көрінетін. Алайда тәжірибе көрсеткендей, бұл біздің командада тыныш өтеді. Әріптестерім көмектеседі, яғни мәселелерді бірге шешеміз. Бірде футбол және крикет жарыстарына байланысты сервистерге жүктеме түсті. Сол кезде мен Еуропа мен Азиядағы қосымша RAM/CPU ресурстарын қоса қойдым, ал әріптестер қанша ресурс қосу керектігін айтып, кеңес берді.

Google жұмыс істеуге жағдай жасайды. Компанияда жақсы life-work balance бар. Мен бірге жұмыс істегендердің бәрі де көмектесуге әзір жанашыр жандар болды.

Қоныс аудару қалай әсер етті

Мен жауапкершілікті сезіндім, 21 жасымда алғаш рет тамақ дайындауды үйрендім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.