facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
google--a-tyyym-shaydy-ornyna-su-sportty-aya-ki-m-aza-standy-tar-shetelde-ne-n-rsege-yrenu-kerekt-g-turaly
logo
Google-ға тыйым, шайдың орнына су, спорттық аяқ киім: қазақстандықтар шетелде не нәрсеге үйрену керектігі туралы

22.04.2018

Google-ға тыйым, шайдың орнына су, спорттық аяқ киім: қазақстандықтар шетелде не нәрсеге үйрену керектігі туралы

Денис Кривоногов (Кук), 26 жаста, туған жері — Петропавловск, спорттық би жаттықтырушысы

Тұрып жатқан мемлекеті — Қытай

26869588_373756446421987_2726441391210102784_n(1).jpg

— бірінші кезекте, егер сенің келбетің еуропалық болса, онда әрдайым суретке түсіретіндікке үйрену керек. Ал егер аққұба болсаң, онда назар екі есе көп болады

— сүтпен шайды ұмытуға болады, оны бұл жерде мүлдем ішпейді. Барлығы ыстық су немесе жасыл шай ішеді

— қытайлықтар жұмысты көп істейді және жұмыстан кейін адамдар демалып, өздерін қинамайды. Кейде үлкен адамдар ағынында бір адам тоқтап, қалғандарын бөгейтін жағдайлар да болады. Жынданып, ұрсудың мәні жоқ, себебі жұмыстан кейін адамдар біреу туралы ойлағылары келмейді

—Қытай — азиялық мемлекет және мұнда керемет тазалық деген түсінік жоқ, ол еш жерде жоқ. Қытайлықтар қоқысты кез келген жерде лақтырады, тіпті кафенің ішінде де кір ыдыс-аяқ болу мүмкін

— қытайлықтар бір-бірімен қатты сөйлеседі, бұл агрессия емес, олар жай ғана өте эмоционалды

— әлеуметтік желілерсіз өмір сүруге үйрену керек, себебі Қытайда Instagram, YouTube және Google-ға тыйым салынған

— ешқашан Қытай азаматы болмайтыныңа да көз жұму керек, тіпті қытай қызына үйленсең де. Бұл жағдайда тек отбасылық виза беріледі

— барлық жерде таяқшалармен тамақтанады, шаңышқы мен пышақты табу қиын

— үлкен қаладағы қытайлықтар әр таң сайын ауаның ластану деңгейін тексереді, осыған байланысты далаға арнайы бетпердемен шығу-шықпауды шешеді

— қытайлықтар ешкімнің артынан сөз сөйлемейді. Бұл өте керемет қасиет, тіпті ойша да ешкімді айыптамайды

— егер сіз мегаполиста тұрсаңыз, кейбір азық-түлік түрлерін табу қиынға соғады. Мысалы, ірімшік, жаз уақытында шоколад, дезодорант, ұстара

— қытайлықтар әтір иісі қатты шыққанын ұнатпайды

— қыста Пекиннен оңтүстікке қарай орналасқан қалаларда жылыту жоқ, сол себепті сіз сыртқы қалың күртемен күні бойы жүресіз, тіпті бөлме ішінде де шешпейсіз.


Динара Сафина, 27 жаста, туған қаласы — Петропавловск, модель

Тұрып жатқан мемлекеті — Италия, Флоренция

29404225_524162761318330_5382939119745761280_n(1).jpg

— итальяндық жұптар шотты көбінесе екіге бөледі, әрқайсысы өзі үшін төлейді

— итальяндықтар көп нәрселерді білмейді, олар үшін бар әлем бұл — Италия. Оларда таптаурын ұғымдар бар, бірақ оларға басқа мемлекеттер туралы деректерді білу қызық емес

— сонымен қатар, мен үшін қызық болғаны ол — Италия шағын мемлекет, алайда аудан бойынша әртүрлі. Жекелеген аудандарда адамдар басқа тілде сөйлейтін ой қалыптасады

— Италияда кәрі адамдар белсенді, олар велосипедпен жүреді, спорт залдарында жаттығады

— итальяндық қыздар ер адамдардан да көп темекі шегетіндеріне үйрену керек

— итальяндықты кездестіріп, оның жасы шамамен 40 деп ойласаң, шын жасы 55 болып шығатын жағдайлар да болады

— Италияда мүгедектерге деген көзқарас басқаша, олар төрт қабырғада отырмай, толыққанды өмір сүреді

— бұл жерде егер шай ішіп отырсаң, сенен денсаулық жағдайыңды сұрайды. Итальяндықтар кофе мен су ішеді, ал түскі ас пен кешкі аста шарап ішкенді ұнатады

— жас шамалары шегерілген. 30-40 жасында адамдар отбасы туралы ойламай, ата-анасымен тұра алады

— қыста Италияда бөлменің ішінде де суық, себебі итальяндықтар жылу таратуда үнемдейді

— күн тәртібіне үйрену керек. Мысалы, эстетика орталықтары дүйсенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді. Мейрамханалар тек белгіленген уақытта ғана жұмыс істейді: таңғы ас, пранзо — түскі ас 12:00-ден 15:00-ге дейін және кешкі ас сағат 18:00-де

— итальяндықтарға жақсы кешкі ас үшін басқа қалаға бару қиын мәселе емес

— Италияда трафик өте үлкен, себебі бір отбасыда бірнеше көліктің болғаны қалыпты жағдай

— итальяндықтар әрдайым спорттық аяқ киіммен жүреді, тіпті мектептегі мұғалімдер де кроссовкимен жүреді

— итальяндықтар архитектураны сақтайды, сондықтан қалаларда әлі күнге дейін кеспе мен ескі жолдар бар. Тіпті Флоренцияда биік өкшемен жүру қауіпті

— Италия көшелері тар, барлығы жақын орналасқан.


Аида Мейрамова, 23 жаста, туған жері — Қарағанды, студент

Тұрып жатқан мемлекеті — АҚШ, Нью-Йорк

29415355_558023344572619_5457058091927339008_n(1).jpg

— АҚШ-та жылқы етін жеуге болмайды және мұнда вегетарианшылдар көп

— американдықтар көбінесе саудаларын онлайн түрде жасайды

— Америкада кітаптар қымбат: бір кітап 200-300 доллар, яғни 60000 тұруы мүмкін

— егер американдыққа сатып алған нәрсесі ұнамаса, ол оны оңай қайтара алады, тіпті ол затты қолданса да

— Америкада тұтынушының құқықтары үлкен маңызға ие, егер сен бір қызмет көрсетудің жұмысына шағым қалдырсаң, онда міндетті түрде залалыңды өтейді

— американдықтардың таңертеңгі міндетті рәсімі — бір шыны кофе

— американдықтар тәуекелге бармауға тырысады, әрдайым тактима мен іс-қимыл стратегияларын әзірлейді

— АҚШ-ғы адамдар қатты сөйлейтіндікке үйрену керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.