facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
expo-2017-k-rme-pavil-ondarynda-y-9-bos-zh-mys-orny
logo
EXPO-2017 көрме павильондарындағы 9 бос жұмыс орны

21.04.2017

EXPO-2017 көрме павильондарындағы 9 бос жұмыс орны

БІЗ сіз үшін халықаралық көрме кезінде EXPO-2017 көрме павильондарындағы бос жұмыс орындарын таптық.


Жапония павильоны


Стендист (таныстырушы көрме қызметкері)


Жұмыс мерзімі: 3,5 ай


Талаптары мен міндеттері: жапон тілін білу, ұқыпты сырт келбет, жауапкершілік пен байланысқа бейімділік


Өз өтінімдеріңізді мына поштаға жолдаңыздар: astanaexpo-japan@ozma.co.jp



Монако павильоны


монако.jpg

Бармен


Жұмыс мерзімі: 3,5 ай


Талаптары мен міндеттері: жұмыс тәжірибесі, сыпайылық пен уақытында орындаушылық, ұқыпты сырт келбет, VIP-қонақтарға қызмет көрсетуге дайын болу, қажетті құрылғымен жұмыс істей білу, орыс және ағылшын тілдерін білу.




Байланыс бойынша көмекші


Жұмыс мерзімі: 4,5 ай


Талаптары мен міндеттері: әлеуметтік желілерге арнап контент аша білу, сұхбат ұйымдастыру, шығармашылық қабілеті болу, мақалаларды ағылшын тілінен аудара білу, ағылшын немесе француз, орыс, қазақ тілдерін және тағы бір қосымша тілді білу.




Әкімшілер


Жұмыс мерзімі: 3,5 ай


Талаптары мен міндеттері: ұқыпты сырт келбет пен топпен жұмыс істей білу, павильонды таныстыруға, қонақтарға Монако жайында ақпарат беруге дайын болу, кіргізу пунктінде қонақтарды күтіп алуды ұйымдастыруға көмектесу, орыс және ағылшын тілдерін білу.




Әкімшілерді басқарушы


Жұмыс мерзімі: 3,5 ай


Талаптары мен міндеттері: ұқыпты сырт келбет, павильон менеджменті және күзетімен күнделікті қарым-қатынаста болу, жағдайға тез бейімделе білу және келушілердің агрессиясын жеңу, топпен жұмыс істей білу, қонақтарды күту, ағылшын немесе француз, қазақ, орыс тілдерін білу.




Уәкілетті тұлғалардың жеке көмекшісі


Жұмыс мерзімі: 4 ай


Талаптары мен міндеттері: күнделікті міндеттерді орындауда уәкілетті тұлғаларға көмектесу, жұрт алдында сөйлейтін сөз бен аудармаларды дайындау, ресми кездесулерде бірге жүру, ыңғайлы жұмыс уақыты, орыс және ағылшын тілдерін білу (француз тілін білсеңіз тіпті жақсы).




Орындаушы


Жұмыс мерзімі: 4,5 ай


Талаптары мен міндеттері: павильонның VIP-қонақтар келетін орнын ұйымдастыру, тез тіл табыса білу, ағылшын немесе француз, орыс, қазақ тілдерінде және тағы бір қосымша тілде экскурсия жүргізе алу, мәліметтер базасын құру әрі басқара білу, PR-менеджерлермен байланыс орнатуға дайын болу.




Хатшы


Жұмыс мерзімі: 4 ай


Талаптары мен міндеттері: павильон жұмысына күнделікті көмектесу, қаржы есебіне машықтану, 1С бағдарламасын, орыс және ағылшын тілдерін білу.




Кассирлер мен көмекшілер


Жұмыс мерзімі: 3,5 ай


Талаптары мен міндеттері: сауда саласында жұмыс тәжірибесі болу, мобильділік пен ұқыпты сырт келбет, орыс және ағылшын тілдерін білу.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.