Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
expo-k-rmes-n-ashylu-zh-ne-zhabylu-saltanaty-men-avtomattandyryl-an-garderob-zha-a-kongress-ortaly-ta-y-anday-d-nieler-z-rleude

EXPO көрмесінің ашылу және жабылу салтанаты мен автоматтандырылған гардероб: жаңа Конгресс-орталық тағы қандай дүниелер әзірлеуде
3589

13.05.2017

EXPO көрмесінің ашылу және жабылу салтанаты мен автоматтандырылған гардероб: жаңа Конгресс-орталық тағы қандай дүниелер әзірлеуде

БІЗ «Астана EXPO-2017» Сәулет департаментінің директорымен көрме кешенінің аумағында салынып жатқан Конгресс-орталықтан не күтуге болатыны жайлы әңгімелескен болатынбыз.


Зауре Айтаева, «Астана EXPO-2017» Сәулет департаменті АҚ директоры



Орналасқан жерінің ерекшеліктері



Ғимарат EXPO-2017 көрме кешеніне жақын жерде орналасқан және футуристикалық стильді жалғайды. Конгресс-орталық жатын орындары бар қонақ үй кешенімен және Конгресс-кеңсесімен бірге бірыңғай архитектуралық ансамбльді құрайды. Қиын ағынды пішіндердің арқасында ғимарат бүгінгі және келешек жетістіктердің қозғалысын білдіреді.


AstanaExpo_NPARCEL_KatrinaFernandeznova-c01-1154468.jpg


AstanaExpo_NPARCEL_JennieMatusova-SIDEII-zzf-final-1148610.jpg



Конгресс-орталықта не бар



Жалпы аумағы 43 220 шаршы метрді құрайтын Конгресс-орталықтың үш қабаты жер үстінде орналасқан, сондай-ақ жер асты автотұрағы бар.


Ғиамараттың биіктігі 29 метрді құрайды.


Сәулетшілердің ойластырғаны бойынша кешен шаралардың түрлі форматына келетіндей етіп жобаланған. Бұл үшін бірінші және екінші қабат деңгейіндегі бірнеше көрме залы көпфункционалды болып жасалған: EXPO кезінде мұнда тақырыптық конференциялар, панельдік сессиялар мен мәдени шаралар өтеді. Кеңістік зал аумағын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жылжымалы қоршаулардан құрылады.


AstanaExpo_NPARCEL_tedhogan-Dropoff-bs-final-1148261.jpg


AstanaExpo_NPARCEL_JennieMatusova-LYCEUM-final-1217959.jpg


Конгресс-орталықта ауқымды мәдени-көріністік шаралар — көрменің ашылуы мен жабылуы, тақырыптық форумдар мен концерттер өтеді. Ғимаратта бұл үшін барлық жағдай қарастырылған: әрлеу бөлмелері, әртістер, дыбыс операторлары, синхронисттер бөлмесі, пульттік, қоймалық және техникалық бөлмелер бар. Көрермендер залы 2153 орынға есептелген, телескопиялық орындықтар кеңістікті өзгертіп, декорацияны қозғалтуға мүмкіндік береді. Көрермендер залының интерьері кеңістікті құратын акустикалық панельдерді қолдану арқылы табиғи түстер гаммасымен орындалған.


Атриум залының әйнек шатыры ғимаратқа табиғи жарық беріп тұрады


Демалу мен әңгімелесуге арналған жайлы қоғамдық аймақ бар. Қабаттар төрт понарамалы жедел сатылармен және басты атриумды қоршап тұрған екі салтанатты сатымен байланысқан.


9.jpg


0.jpg


Үшінші қабатта көркемдік әкімшіліктің кеңселері мен ресми делегациялардың кездесуіне арналған залдар орналасқан. Сондай-ақ, Конгресс-орталықта электромеханикалық жүйелерді қолдану арқылы берілген нөмірдің киімін әкелетін гардеробтың автоматтандырылған жүйесін құру қарастырылған. Бір оператор 500-ден аса келушілерге қызмет көрсете алады.



Ғимараттың жобалануы мен құрылысы


Нысанның кереметтілігі бастапқы кезеңнің өзінде ғимараттың оңтайлы пішінін жасауға мүмкіндік берген жобалаудың сандық тәсілдерін қолдануда жатыр. Сонымен қатар, қиын қисық сызықты элементтерінің, ғиамарт қасбетінің, шыныпакет пен қасбет панельдерінің есебінен жобалау мен тұрғызу мерзімі қысқарған.

AstanaExpo_NPARCEL_JennieMatusova-side-final-1217965.jpg


Ішкі қабырғалары мен сатыларын әрлеуге сандық әдіспен арнайы гипс панельдері құрылған. Қазір аумақты абаттандыру, қасбетті әрлеу бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып жатыр және бөлмелер әрленіп, жиһазбен жабдықталуда .

Конгресс-орталықтың барлық құрылыс жұмыстары мамырда аяқталады деп жоспарлануда


bfgfgf.jpg


AstanaExpo_NPARCEL_tedhogan-Front-zyy-final-1148580.jpg