facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
et-zheuge-aytyp-kelgen-3-vegetariandar-bayandamasy
logo
Ет жеуге қайтып келген 3 вегетариандар баяндамасы

09.11.2017

Ет жеуге қайтып келген 3 вегетариандар баяндамасы

Гуль Курманбаева, туған қаласы – Астана, қаржы қызметкері


Мен шамамен бес жылдай вегетариан болдым. Бұл бір түрлі кенеттен болып қалды. Бір күні демалыс кезінде мен ағама бардым, және ол маған кәуап жасап берді. Мүмкін ол етті жаман маринадтап алған себептен ,мен ұшынып қалдым. Осы оқиғадан кейін мен ет жеуді тоқтаттым,ал уақыт өте жұмыртқаны да, тіпті жануардан алынған өнімдерді де жемей қалдым.


IMG_0457.jpg


Сүт пен майды да мен жемедім және әлі күнге дейін жемеймін. Мен көкөністер,жемістерді көбірек ұнатамын,кейде өзіме паста әзірлей аламын. Ал сүтпен мен бала кезімнен дос емеспін.


Басында бұл кәуаппен ұшынудан қалған психологиялық зақым болған деп айтуға болады, бірақ содан соң мен жануарлар жайлы ойлана бастадым, мақалаларды оқып,вегетариан болуға шештім. Етке қайтуға жоспарламадым, менің тамақтануым мені қанағаттандыратын. Содан соң мен ауруханаға түсіп қалдым да,маған тез уақытта операция қажет болды. Менен қан ала бастағанда,қан ала алмай қалды, себебі ағзамда қан аз болды. Дәрігер менің тамақтануым жайлы сұрастыра бастағанда, мен менің вегетариан болғанын және ет жемейтінім жайлы айтып бердім. Көп ашу көтерілді, осыдан кейін тәтем ет әкеліп берді. Мені ет жеуге мәжбүр етті,себебі қан қажет болды. Ағзам жақсы әсер көрсетті, жанама әсер болған жоқ. Мен көп уақыт бойы ет жемеген себептен,басында аз-аз дап жедім,ет мөлшері өспелі түрде көбейе бастады.


IMG_0467.jpg


Содан соң мен бір жылдай Англияда оқыдым, және сол жерде тауық пен басқа етті жеуге тырыстым, себебі климаттың өзгеруі мен ағзаға салмақ болды. Жақсы тамақтануға қажет болды, бірақ сол жердегі ет дәмді емес болды, еттері маған ұнамады. Осылай мен ақуызды қабылдау үшін етті саңырауқұлаққа ауыстырдым.


Ал Қазақстанға қайта оралғанда, анам үйде бешбармқ дайындап берді. Және мен оны дәл бірніші күні жеп алдым, бірақ келесі күні өзімді нашар сезіндім,ауырдым,сол себептен мен етті аз жеуге тырысамын. Бір-екі тілім жеймін де,маған жеткілікті. Мен етсіз өмір сүруге үйреніп қалдым. Сондықтан қазір ет бар ма,жоқ па,маған бәрі бір. Мен толығымен тәп-тәуір болып етсіз өмір сүре аламын. Қазір мен ет жесем де,өте сирек жеймін, шамамен айына бір рет. Ол да тек тауық қана.




Таир Таренов, 42 жас, туған қаласы – Астана, «Мамашвили» мейрамханасының және Burger Shop бургерханасының бірге иемденушісі


Мен ет жеуден 11 жыл бұрын бас тарттым. Бұл денсаулықпен байланысты жеке пікірлер себебінен болды: басында сиыр етінен,ал біраздан соң тауық еті мен басқа да еттен бас тарттым. Ең қиыны,есімде қалғаны бойынша, бұл жылқы етінен жасаған бешбармақтан бас тарту болды.


IMG_2216-04-11-17-10-51.JPG


Ал бірнеше ай бұрын біз бургерхана, ал содан соң грузин мейрамханасын аштық,бұл жерде мен жиі ет тағамдарының дәмін татуға,жеткізіп берілген еттің сапасын бақылауын жүргізуге мәжбүр болдым. Ал мәзірді жасаған кездегі тағамдардың істеп тексеру барысындағы жеген ет мөлшері жайлы мүлде еске алмау жөн.


Яғни жай күнделікті өмірде мен тек көкөністер ғана жесем, жұмыста мен бүкіл әзірленген тағамдардың,соның ішінде ет қосылған тағамдардың да дәмін татуына қатысамын.


Вегетариндыққа бағыт ретінде менің көзқарасым осындай: адам өзінің түйсіктеріне, сенімдеріне, ие болған тәжірибесіне немесе тағы басқа ықпалдарға сай өзіне диета таңдай алады. Бірақ тек оның осы таңдаумен өзі соқтығысқан себебінен ғана оның бұл таңдауды басқаларға зорлап міндеттеуге құқығы жоқ. Айтқанымды нәтижелесек, егер біздің нақ бургерхананы ашқанымыздың себебіне келсек, егер адамдар ет тағамдарын ұнатса, біз оларға ең үздігін ұсына аламыз.


IMG_2217-04-11-17-10-51.JPG


Егер менің жүгіріп жүргенім кезінде бургер жегім келсе, мен біздің вегетариан бургерін жеймін. Бөлкелерге арналған қамырды жайған кезде біз жұмыртқа мен жануардан алынған өнімдерді қолданбаймыз. Яғни біздің «нерыба/немясо» бургеріміз — бөлкеден бөлкеге дейін толығымен вегетариандық.


Не ол не бұл тағам тексерулерінде мен ет жеуді жалғастырамын, себебі бізге біздің мекемелерімізде орнатылған сапа стандартын бақылауымыз қажет.




Алексей Романов, 34 жас, туған қаласы – Алматы, NL int. жүйелік компаниясының топ-жетекшісі


Мен екі жыл бойы вегетариан болдым. Әдетте, осындай шешімдер қабылданғанда, бұл жинақтық әсерге ие, менде дәл осылай болды. Бұл түрлі сезімдерден, түрлі пікірлерден, достар мен айналадан,белгілі бір фильмдерден пайда болған жинақтық әсер болды. Менің ойымша, әр адам өзгерістерге, бірдене жаңа істеп көруге тән, сол кезде менде өмірімнің осындай кезеңі болды. Менің вегетариан болғым келді.


IMG_3334.JPG


Вегетариандық жайлы айтсақ,маған ұнады, физикалық тұрғыда мен ешқандай кемшіліктер көрмедім. Керісінше, вегетариандық кезінде мен өзімнің физикалық күйімнің ең шыңында болдым. Мен Ionman жарысына дайындалдым, және вегетариан болған кезде мен бұл жарысқа дайындала алдым. Мен Ironman қашықтығының жартысын өте алдым: басында сен 2 км жүзесін, содан соң 90 км бойы велосипедпен жүресін ,ал соңында 21 км бойы жүгіресін.


Бірақ маған көрінгендей, мен тым жұмсақ, нәзік болып қалдым, бизнес тұрғысында сәтсіздікті сезе бастадым,және маған белгілі бір қаталдық, алғырлық жеткіліксіз деп шештім,сол себептен мен қайтадан ет жей бастадым.


IMG_3332.JPG


Мен қайтадан еттің дәмін көргенде,менің ағзам қуанышпен жауап берді. Себебі екі жылғы вегетариандық кезінде мен,дегенмен,еттен ұстанғанымды сездім, және қайта ет жей бастағанда, бұл шыңымен дәмді болды.


Кез-келген жағдайда вегетариандық мен үшін бұл аскеза болды. Иә,ұстану керек және бұл жеңіл емес және ыңғайсыз, ал кей жағдай далада,дәмханаларда тамақ ішу кезінде қиыншылық туады.Дегенмен,бұл аскезаға қайта оралу мүмкіндігін жоймаймын, және сосың ,егер қаласам, мен қайтадан ет жеуге қайта орала аламын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.