facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
17-zhasta-bolasha-zharymen-tanysu-kez-zh-ne-t-rt-balany-t-rbieleu-zhayynda
logo
17 жаста болашақ жарымен танысу кезі және төрт баланы тәрбиелеу жайында

25.04.2019

17 жаста болашақ жарымен танысу кезі және төрт баланы тәрбиелеу жайында

Нұрлыбек Әбілханов, 42 жаста, туған қаласы — Қызылорда, кәсіпкер

Әлия Есбергенова, 32 жаста, туған қаласыҚызылорда, кәсіпкер

Ильсана Рахым, 12 жаста

Адина Рахым, 11 жаста

Мирас Рахым, 7 жаста

Диас Рахым, 4 жаста

DSC_6194.jpg


Біз жайында


Әлия. Мен болашақ жарыммен бірінші курста оқыған кезде таныстым. Демалыс күндері үйге кеттім және кіші інім боулингке баруға көндірді. Біз өмірімізде бірінші рет боулинг ойнадық, сол себепті қалай дұрыс ойнау керектігін білген жоқпыз. Нұрлыбек достарымен көрші жолда ойнап жатты, ол менің жаныма келіп: «Әлия, сен ініңді дұрыс үйретпей жатқаныңды байқадың ба?» деді. Мен таң қалдым, менің есімімді қайдан білетінін түсінген жоқпын. Есімім экранда шығып тұрғанын білген жоқпын. Нұрлыбек мені және інімді боулингті дұрыс ойнауға үйрете бастады, менің телефон нөмірімді алды. Боулингтен шыққаннан кейін, үйге дейін жеткізіп салуды ұсынды, бірақ біз бас тарттық, себебі әкемізді күттік.

Сол кезде мен 17-де едім, ал ол 26 жаста болатын.

Нұрлыбек. Маған Әлияның боулингке інісімен келгені ұнады. Оларды әкесі әкеліп, алып кеткеннен кейін, оның жақсы отбасыдан шыққанын түсіндім.

Әлия. Біз бір жарым жыл кездестік. Мен оны ата-анаммен бірден таныстырдым, себебі ол менің алғашқы жігітім еді. Анам керемет дастархан жайып берді, Нұрлыбек үлкен әпкесімен келді. Олар анам екеуі бірден тіл табысты, себебі екеуі де мұғалім еді. Ата-анам Нұрлыбекке сенім білдіргенін айтты және менің тәрбиелі, жақсы адамға жолыққаныма қуанышты болды.

Мен 19 жаста болған кезде, біз үйлендік. Қазірде маған ана ретінде қыздарымыздың осындай жаста тұрмысқа шыққанын елестету қиын. Бірақ тағдырдың өз жоспарлары бар.

DSC_6230.jpg


Астана жайында


Әлия. Біз Қызылордада тұрдық, бірақ туыстарымыздың көбісі Астанада тұрды. Бізде осында пәтер болатын, барлық халықаралық ұшуларды Астанадан ұйымдастыратынбыз.

Үш жыл бұрын көшіп келуді шештік, себебі балаларымыздың көбірек мүмкіндіктерге ие болғанын қаладық. Астанаға келген кезде, елордағы балалар қаншалықты ерекшеленетінін көретінбіз. Олардың дүниетанымдары, өмірге деген көзқарастары өзгеше.

Нұрлыбек. Балаларға дамып жетілу үшін басқа орта керек. Балаларға кететін инвестициялар – ең жақсы инвестициялар болып табылады. Тәрбиеге, білімге ақша жұмсау маңызды – бұл есесі қайтатын күнделікті жұмыс.

Балаларға кететін инвестициялар – ең жақсы инвестициялар болып табылады


Әлия. Біз бұрыннан бері «Нұрорда» мектебін қарастырып жүрдік, бұл балаларға берілетін тәрбие, білім деңгейі тұрғысынан жақсы мектеп болып табылады. Қазірде төрт баламыздың барлығы сол мектепте оқып жатыр.

DSC_6258.jpg

Біз елордағы өмірге үйреніп қалдық. Астана – әрдайым өсіп тұратын серпінді қала. Біз күйеуімізбен кәсібімізді осында дамытып жатырмыз және көшіп келгенімізге өкінбейміз.

Жалғыз кемшілік – ауа-райы, бірақ бұл мәселе оңай шешіледі, тек жылы киініп жүру керек.


Отбасы жайында


Әлия. Нұрлыбектің отбасы – өзінің белгілі отбасылық құндылықтары, ережелері бар дәстүрлі отбасы. Мен бұндай отбасыға түскеніме ризамын. Барлық дәстүрлерді енді өз отбасымда ұстанамын.

Біздің төрт баламыз бар: екі қыз және екі ұл бала. Қыздардың да, ұлдардың да әлемдері өзгеше. Үлкен қыздарымыз өзара жасты және бір-біріне өте жақын болып келеді, барлығын бірге істейді, тіпті шаш үлгілерін бірдей жасайды. Мен рұқсат бермеуім мүмкін, бірақ кейін олар әкесімен бір жерге кетіп, жаңа шаш үлгілерімен келеді.

Күндіз біз жеке шаруаларымызбен айналысамыз, ал кешке бірге жиналамыз. Кешкі ас әрдайым үйде өтеді. Нұрлыбек шаруаларын кешкі уақытқа дейін бітіруге тырысады немесе кездесулерді кешкі астан кейінгі уақытқа қалдыруға тырысады. Айналамыздағы адамдар кештерді отбасымызбен өткізетінімізді біледі.

Айналамыздағы адамдар кештерді отбасымызбен өткізетінімізді біледі


DSC_6219.jpg

Аптасына бірнеше рет кешке жиналып, фильмдер қараймыз. Қыздар дәмді жеміс десертін әзірлейді, сол себепті біз күйеуімізбен жемістерді алдын-ала сатып аламыз, балаларымызбен қандай фильмді көретінмізді талқылаймыз.

Сенбі сайын отбасымызбен бассейнге барып тұрамыз. Қыздар демалыс күндеріне жеке жоспарларды құруды қалайды, бірақ әзірге бізбен бірге жүреді.

Нұрлыбек пен үлкен ұлымыз Мирастың арасында ерекше байланыс бар – ол әкесі келмегенше, ешқашан ұйықтауға жатпайды. Сол себепті біз балаларымызды бірге жатқызамыз.

Біз әрқашан отбасымызбен бірге саяхаттаймыз. Екеуін, кейін үшеуін алып жүрдік, төртеуміз ешқайда бармаймыз деп ойладық, бірақ бірге баруға болады екен. Жылына төрт рет шығуға тырысамыз: екі рет Қазақстан бойынша және екі рет шетелге барып саяхаттаймыз. Францияда болған кезде, көшелерде балаларды көрмедік. Жергілікті метроға барып көруді шештік және отбасымызбен вагонның ішіне кірген кезде, барлығы бізге орын бере бастады – қызық болды.

DSC_6245.jpg

Нұрлыбек. Қазірде қыздарымыз есейді, олар өздігінен әрекет ете бастады. Мен уақытымның басым бөлігін үлкен ұлыммен өткіземін – ол жеті жаста және оған әлі қарау керек. Әлия уақытының басым бөлігін кенже баламызбен өткізеді.

Отбасымызда әрбір баланың белгілі міндеттері бар. Мысалы, Адина толықтай кір жууға жауап береді, Ильсана ас үйге қатысты міндеттерді атқарады. Үлдардың да үйге қатысты міндеттері бар. Біз оларды жақсы, әдепті қылып тәрбиелеуді қалаймыз.

Әлия. Біз оларға жанына жақын келетін мамандықты таңдауға кеңес береміз. Олардың шетелде оқығанын қалаймыз. Мысалы, Ильсана кондитер болуды және Францияда оқуды қалайды.

DSC_6274.jpg


Қазіргі сәттегі рухтың күйі


Әлия. Біздің жоспарларымыз ауқымды. Біз барлығын балаларымыз үшін жасаймыз, оларға бар күш-жігерімізді салып, ең жақсы нәрселерді беруге тырысамыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.