Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
black-star-mafia-koncert-zh-ne-expo-2017-biletter-ne-zhe-ld-kter-astana-k-n-nde-bas-ala-a-ne-sh-n-kelu-kerek

Black star mafia концерті және EXPO-2017 билеттеріне жеңілдіктер: Астана күнінде бас қалаға не үшін келу керек
991

05.07.2017

Black star mafia концерті және EXPO-2017 билеттеріне жеңілдіктер: Астана күнінде бас қалаға не үшін келу керек

«Щелкунчик» мұз шоу-ертегісі


20170613105635.jpg


Евгений Плющенко мен Яна Рудковская отбасының барлық мүшесіне арналған сиқыр элементтері бар бірегей «Щелкунчик» мұз шоу-ертегісін көрсетеді. Бұл шоу «Щелкунчик и Мышиный король» ертегісінің желісімен құрылған, Евгений Плющенко өз тобымен бірге теңдессіз қойылым дайындап жатыр және көрермендерге тек үздік мәнерлеп сырғанаушылар мен мұз акробаттарынын бөлек, салтанатты костюмдерімен, видеоконтент пен голограммалардың кереметімен таңғалдыратын болады.


Күні мен уақыты: 6 — 15 шілде, 16:00

Мекен-жайы: Тұран д., 75, «Барыс Арена» МС

Кіру: 1000 тг бастап

Байланыс телефоны: 8 775 722 22 27



«Ежелгі Мысыр ескерткіштері» көрмесі


00.jpg


Көрмеде Тутанхамон топтамасының бұйымдары қойылған: ферғауынның қымбат тасты әшекейлермен безендірілген алтын жалатылған ағаш тәжі, алтын жалатылған ағаш тақ, асыл тастармен безендірілген сыртқы саркофаг, құрбандық қабілеті бар қыздың мүсіні және асыл тастармен безендірілген алтын жаға.


Мысырдың бай тарихы бұйымдарда әулеттік кезеңге дейінгі кезден бастап орта ғасырдың аяғына дейін бейнеленген.


Күні мен уақыты: 3 тамызға дейін, СС-ЖС 10:00 — 18:00

Мекен-жайы: Тәуелсіздік д., 54, ҚР Ұлттық Музейі

Кіру: музейге кіру билеттерінің бағасы — 500 тг, зейнеткерлерге — 300 тг, студенттерге — 300 тг, оқушыларға — 200 тг, көрмеге кіру — 950 тг

Байланыс телефоны: 919 035, 919 036



«Шығыс және Батыс: Мемлекеттік Эрмитаждан ескі қару» көрмесі


20091012swords.jpg


Көрмеге 70-ке жуық әлемдік қару өнерінің бұйымдары қойылған, оның ішінде: Түркия, Иран, Үндістан, Жапония, Франциядан, Италиядан, Германия, Испания және басқа да елдерден әкелінген соғыс, аңшылық және шеру қарулары бар.


Көрме жәдігерлері қару шеберлерінің әлемдік өнерге қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік береді. Техникалық жабдықтаудың дамуы мен безендірудегі жоғары көркемдік деңгей келушілерді таңғалдырады. Қойылған жәдігерлер өз қажеттілігін жойғанымен, олардың жоғары көркемдік безендірілуі қарудың тарихы мен дамуынан, сондай-ақ бұрынғы қару жасаушылардың таланты мен шеберлігінен хабар береді.


Күні мен уақыты: 20 қыркүйекке дейін, СС-ЖС 10:00 — 18:00

Мекен-жайы: Тәуелсіздік д., 54, ҚР Ұлттық музейі

Кіру: музейге кіру билеттерінің бағасы — 500 тг, зейнеткерлерге — 300 тг, студенттерге — 300 тг, оқушыларға — 200 тг, көрмеге кіру — 950 тг

Байланыс телефоны: 919 035, 919 036


Black Star Party с MOT, Kristina Si, L'One және Timati


maxresdefault.jpg


Ресейлік хип-хоп орындаушы, актер, режиссер мен BlackStarWear киім топтамасының негізін құрған Тимати құрамында болған Black Star орындаушыларының концерті өтеді.


Күні мен уақыты: 8 шілде, 18:30

Мекен-жайы: Қабанбай батыр д., 45 А, «Сарыарқа» велотрегі

Кіру: 6000 тг бастап

Байланыс телефоны: 727 109



«Роден» балеті


13031903.jpg


Ұлы француз мүсіншісі Огюст Роден мен оның оқушысы, сүйіктісі әрі музасы Камилла Клодельдің тағдыры туралы балет алғаш рет 2011 жылы Санкт-Петербургтегі Александриялық театрда қойылды, кейін Мәскеудегі Үлкен театрда сахналанған болатын.


Хореограф жұмсақ, біресе қатты, біресе тасты-суық, иілмейтін пластиктер көмегімен адам денесін мүсіндеу процесін көрсете білген. Қойылымда Огюст Роден мен Камилла Клодельдің Париждегі үй-музейінен әкелінген барлық маңызды жұмыстары қойылған. Балеттің қоюшы-хореографы — атақты Борис Эйфман.


Күні мен уақыты: 9 шілде, 18:00

Мекен-жайы: Қонаев к., 1 «Астана Опера» МАОБТ,

Кіру: 500 тг бастап

Байланыс телефоны: 709 600



EXPO-2017 кіру билеттеріне жеңілдіктер


a6519f2986311747c17333f08e1da9f3.jpg


Астана күніне орай 1 шілдеден 10 шілдеге дейін науқан жүріп жатыр:


— еш жеңілдіксіз үш билет сатып алған жағдайда дәл сол күнге төртінші билет сыйға беріледі. Науқан кіру тобының кассаларында және көрмеге бару күніне ғана жарамды


— 18:30-дан 22:30-ға дейін әрекет ететін кешкі билет жұмыс күндері 2000 тг және демалыс күндері 3000 тг тұрады. Оған жеңілдіктер мен атаулы жеңілдіктер бар. Билетті кіретін күні тек ресми билет кассаларынан ғана сатып алуға болады


— 17 жасқа дейінгі тұлғаларға берілетін жастар билеті демалыс күнді қоса алғанда тегін болады. Билетті кіру топтарынан көрмеге кіретін күні туу туралы куәлік немесе жеке куәлікті көрсету арқылы алуға болады.