Білім беру саласы — ауқымды, өзекті тақырып. Бұл тақырып аясында өзекті ой қозғап жүрген жандар жетерлік. Біз сіздерге олардың бірқатарын ұсынуды жөн көрдік.
Мәди Фазыл, @madee.fazl
jetil.kz ағылшын және түрік тілдері курсының негізін қалаушы.
Марғұлан Сейсембай, @margulan_seissembai
Margulan.info білім беру платформасының негізін қалаушы. Инвестор, қоғам қайраткері, бизнесмен.
Дана, @dana_invest
Инвестор, АҚШ және Қазақстан қор нарығында 10 жылдық тәжірбиесі бар қаржыгер.
Қуаныш Шонбай, @kuantr
Бизнесмен, ресторатор, snonbay.online білім беру платформасының негізін қалаушы.
Мейірбек Бердібайұлы, @zhmeirbek
Маркетинг, жеке бренд, инфобизнес жайында сөз қозғайды, жеке коучинг курстарын өткізеді.
Нұрқожа Ерсайын, @nurqojadua
derekkoz.kz жобасының авторы, танымал тикток блогер, қазақ тарихы жайында ерекше контент жасап жүр.
Шах-Назар, @ubt.akademiyasy.fizika
Физика пәнінен ҰБТ-ға дайындалушыларға және де физикаға қызығушылық танытатындар үшін таптырмас парақша.
Ернар Қуаныш, @yernar_kuanysh
Америкадағы магистратура, әлемдік топ университеттерге гранттар, Болашақ, Fulbright және т.б бағдарламар бойынша кеңестер осы парақшада.
Диас Жорабеков, @dias_zhorabek
АҚШ және Ұлыбритания университеттерінде Болашақ бағдарламасы арқылы тағылымдамадан өтуге бағыт-бағдар береді.
Мейрман Заркенов, @tarih_marih
Төл тарихымызға арналған қызықты парақша, ютуб арнасында қазақ және орыс тілдерінде шығарылымдары бар.