Қазақстан, Нұр-Сұлтандағы Монтессори-мектебі
Монтессори жүйесінде бірінші орында — балалар. Монтессори-балалары – туғаннан абыройлы тұлғалар болып табылады және тәрбие жүзінде бұл құндылық сақталады.
Бұл мектепте баланы күйзелістік күйге жеткізбейтін, игілікті орта қоршайды және ережелер арқылы реттелетін тәртіп орнаған, балалар үлкендер арқылы ережелер шығарып, оларды өздігінен сақтайды.
Монтессори мектебінде балалардың әлемді зерттеу табиғи ұмтылысы қолдау табады. Сабақтар еркіндік атмосферасында, баланың жеке басын құрметтеу негізінде өтеді.
Қазақстан, Орал қаласындағы Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясы
Мектепте баланы оқыту мен тәрбиелеуде тұлғалық-бағдарлы тәсілдеме қолданылады. Тәрбиелеу және оқыту екі басты міндеті тығыз байланысты. Жұмыстың қағидасы – адамдарға ашық болу, әрбір оқушыға, ата-анаға көңіл бөлу, даралығының даму заңдылығын түсінуге тырысу.
Сурет, кескіндеме, мүсіндеу, өлеңдерді оқу, драмалық қойылымдар, сыбызғыда ойнау, хорда ән айту сияқты өнер түрлері мектептегі тәрбиелеуші ортаны құрайды.
Қазақстан, Алматыдағы Bilimkana мектебі
Мектеп өзін-өзі реттеу тұжырымдамасына негізделген. Педагог, оқушы және ата-ана баланың оқып, жеке қызығушылықтары бойынша қосымша сабақтарды таңдай алатын кеңістікті бірге жасайды. Нені оқуды қалайтынын мектеп емес, оқушының өзі айтады.
Мектепте жалпы білім беретін мемлекеттік бағдарламаны кеңейтіп, оған деген тәсілдемені өзгертуге тырысады. Тарих сабағы Орталық мұражайда, өзін-өзі тану сабағы алаңда, ағылшын тілі көшедегі амфитеатрда өтеді.
Қазақстан, Алматыдағы NGS жаңа ұрпақ мектебі
Басты мақсаты — баланың бойына оқуға деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты сіңіру. NGS шығармашылық тұрғыдан ойлауға және қалыптан тыс шешімдерді іздеуге көмектеседі.
Мектеп 08:00-ден 20:00-ге дейін — 12 сағат жұмыс істейді. Әрбір оқушының жеке маршруттық қағазы бар. Бұл кесте бойынша күннің жарты бөлігі негізгі сабақтарға, ал екінші жартысы баланың қажеттілігіне орай мектеп ішінде қосымша сабақтарға бару мүмкіндігін береді.
Қазақстан, Алматыдағы Galaxy International School
Мектеп халықаралық мәртебеге ие, бүгінде әлемнің 160 елінде, 10 000 мектебінде қолданылатын Кембридж халықаралық бағдарламасы енгізілген. Бұның өзінде Қазақстанның жалпы білім беретін мемлекеттік стандарттарын жүзеге асырады.
Оқыту 13 жылды қамтиды: 0+12. Нөлдік сынып бірінші сынып ретінде саналады. Оқыту төменгі сыныптан бастап толықтай ағылшын тілінде жүргізіледі.
Қазақстан, Алматыдағы TAMOS Education мектебі
TAMOS Education — математиканы, физиканы және ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектеп.
Екі TAMOS мектебі жұмыс істейді: Бастауыш физика-математикалық мектеп пен Жаңа физика-математикалық және лингвистикалық мектеп
Мектепте TAMOS Education ерекше рухын тудыру және сақтауға көңіл бөлінеді. Негізгі идеясы – оқу – ұят емес, оқу – бұл спортпен, ғылыми зерттеулермен және байқауларда қатысумен қатар жүргізуге болатын қызықты процесс.