facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
balalaryn-yden-o-ytu-a-auystyr-an-ata-analardy-o-i-asy
logo
Балаларын үйден оқытуға ауыстырған ата-аналардың оқиғасы

15.07.2017

Балаларын үйден оқытуға ауыстырған ата-аналардың оқиғасы

Валихан Утегенов, 41 жаста, кәсіпкер


Қыздарым Сабина мен Алсу 12 және 10 жаста, олар екі жылдан бері үйде оқиды. Заманауи жағдайда мектептің пайдасынан гөрі зияны көп. Мысалы, негізінен мектептің мақсаты — емтиханды жақсы тапсыратын адам шығару. Менің оқыту технологиясына қатысты білімім мен қабілетім бар, тіпті менің мамандығыма жатпайтын пәндерден сабақ бере аламын.


Өкінішке орай, Қазақстанда оқытудың мұндай формасы жоқ, сондықтан қыздарым ресми түрде Мәскеу қаласындағы мектепте оқиды. Оқу бағдарламасына сәйкес әр оқу жылының соңында Мәскеуге барып, сонда емтихан тапсырамыз. Сенбі мен жксенбі күндерден басқа күндері үйде, шамамен сағат 10-да сабаққа отырады, 4-5 сағат сабақ оқиды. Бастысы — күніне мақсатты орындау. Олар онлайн оқиды, тапсырмаларды interneturok.ru сайтынан аламыз, оны өзіміз таңдаған болатынбыз.


6907e2d4fb10d1ea8953ff2e0873c8a6.jpg


Жалпы оқу үдерісін мен жүргіземін, оларды ынталандырамын, бағыт-бағдар беремін, мақсат қоямын, қиындықтар болса, көмектесемін.


Оқудан бос уақыттарында Сабина мен Алсу би және гимнастика секцияларына қатысады.


Үйден оқытуға көшу туралы шешім қабылдаған кезде жақындарымыздың тарапынан түсінбеушіліктің болғаны рас. Оның себебі біздің қоғам инерттілік сипатқа ие деп ойлаймын. Басқалары шешімімізді тамсана қабылдады.


6de512d01f21f6dd4afe173987736742.jpg


Үйден оқытудың кемшіліктері де бар — баланың күн тәртібіне қатал бақылау қажет. Мәскеуге бару үшін шығын шығады, ал бәрінде бірдей ақша жоқ. Тарихи тұрғыда үйден оқыту ақсүйектерде болған, ал мектеп қарапайым адамдарға арналған, себебі қаржы жағынан қолжетімді болып келеді.


Оқытудың мұндай форматының артықшылықтары көп. Академиялық мағынсында бұл — жоғарғы тиімділік. Сонымен қатар бала көп уақытын өзі жақсы көретін пәндерге бөледі. Оны күштеп оқытудың қажеті жоқ және сабағын бар ынтасымен оқитын болады. Өз бетімен оқуға қалай үйренісетіні өте маңызды.




Юрий Кузин, 33 жаста, сәулеттік жобалау


Светлана Кузина, 32 жаста, құрылыстағы сарапшы қызметі


Біздің бес баламыз бар: Радомира 10 жаста, Вераслава — 9-да, Лучезара — 5-те, Лев — 3-те, Добромира 1 жаста. Мен де, жұбайым да Павлодар қаласындағы С. Торайғыров атындағы Машина құру факультетін біртіргенбіз. Светлана педагогика бойынша магистр дәрежесін алды.


Біз балаларды үйден оқытуға ауыстырған жоқпыз, олар бірден дәл осы форматпен оқи бастады. Радомира 1 сыныптан бері үйден оқиды, қазір 3 сыныпты аяқтап жатыр. Вераслава 2 сыныпты бітіріп жатыр және соңғы жарты жылда мектепке барып жүр. Себебі, ол мектепке барып көргісі келді. Біз ол үшін шешім қабылдамаймыз — өзі оқудың қай форматын таңдаса, солай оқитын болады.


94a9ebc3155cf0b79426c90ed8584432.jpg


Алғашқы себеп, үлкен қызым мектепке барған жоқ, Радомираға уақыт жетпейтін еді. Ол бірінші сыныпқа барғанда одан бұрын музыка, сурет мектебіне, акробатика секциясы мен бисер тоқу үйірмесіне барып жүрді. Кейін үйден оқығанда театр студиясы мен әскери техниканы модельдеу мектебіне барып жүрді. Егер бізді мектепке барып оқуға көндірген немесе мәжбүрлеген болса, ол өзі қызығатын нәрселердің басым бөлігін тастап кететін еді.


Алғаш рет білім департаментіне барып, үйден оқыту форматы туралы сұрастырғанда бізге алдарында өзге ғаламшарлықтар тұрғандай кейіппен қарады да, оның мүмкін еместігін айтты. Біз әлемнің көптеген елдерінде бұл қалыпты тәжірибе екенін айттық. Егер баланың ата-анасы бар болса, олар оны өздігінен оқыта алады, оны қандай да бір мекемеге беріп не керек? Дамуында ерекшелігі бар балаларға ата-анасы көрсете алмайтын ерекше күтім керек, бұл тіпті өзгеше жағдай. Алайда, егер сау бала болса, оған неге үйден оқуға болмайды? Біздің барлық дәлелімізге Департаментте бұлай істеуге болмайды деп жауап берді. Сонда біз өтініш жазған болатынбыз, бұл мүмкін емес деген жауап алдық. Осыған қарамастан, баламыз мектепке барған жоқ.


Бәрі сот ісімен аяқталды, ол жерде біз мына келісімге келдік — баланы мектепке жаздырдық, бірақ күн сайын баруға міндетті емес болды. Басында айында бір рет барып жүрді, кейін аптасына бір рет. Қазір аптасына бір рет барып, барлық тапсырамны тапсырып, мектеп бағдарламасына үлгеріп жүр. Сонымен қоса ол өз үйірмелеріне де қатысады, көлемді ертегі жинақтарын оқиды, бәріне үлгереді.


Өзге ата-аналар біздің шешімімізге түрліше қарады. Біреулері бізді қолдаса, басқалары мектеп — міндетті түрде баратын орын деген өз пікірлерінде қалды.


f86e3cc3015b412f972f0316e3c40699.JPG


Бұлардан бөлек, заманауи мектеп жүйесі моральдық тұрғыдан ескірді, ол көп жылдар бұрын жасалған еді. Осы уақыт аралығында көптеген ашылулар болды, басқа ғасырға ендік, алайда мектебіміз сол күйінде қала берді: бәрі тыңдайтын қатал мұғалім бар, жаңа парақ концепциясы бойынша қабылданатын оқушылар бар. Әлемде өте көп заманауи оқыту жүйесі бар.


Сонымен қатар балаларын үйден оқытатын ата-аналарды білемін, олардың мектепке ешқандай қарсылығы жоқ, тек барлық талапқа сай келетін мектепті таппағандықтан үйден оқытады.


Мектеп жүйесі бойынша бала күні бойы партада отыруы керек. Адам тұруы, жүруі, отыруы және жатуы керек. Яғни, қозғалыста болып, белсенді өмір салтын ұстануы керек. Баланың өсіп, қалыптасатын негізгі жылдарында ол сағаттар бойы бір орында отырады. Соңында ол мектепке сау болып келіп, сколиоз, майтабан және басқа да тірек-қимыл аппаратының ауруларымен кетеді. Үнемі отыра бергендіктен, ағзадағы қан айналымы нашарлайды. Мысалы, біздің балаларымыз үйде көп уақыттарында тұрып жүреді: тұрып тамақ ішеді және сабақ оқиды.


Үйден оқытудың өз қиындықтары бар. Ресми түрде мектепте есепте тұрғандықтан, бағдарламаға сай жүріп, тпсырманы мерзімінде тапсыруға тура келеді. Әдетте, біз бағдарламаны қажет деп тапқан жылдамдықта және көлемде ертерек бітіреміз.


Тағы бір қиындығы — тәртіп. Бала ата-анасын мұғалім сияқты қабылдамайтын кездері болады, себебі ана мен әкенің қолында өсті. Басқа адамдары бар мектепке келгенде ол қандай жағдайда да тыңдайды.


Үйден оқытудың кемшіліктеріне қарағанда артықшылықтары көп. Үйде оқыту үдерісі жақсы атмосферада өтеді, ал мектепте бақталастық пен бәсекелестік бар. Бірақ, ең басты артықшылығы бала отбасында тәрбие алады және үйренеді. Ал, отбасы осы үшін де керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.