Балаңызды басқа қалаға жібермек болғанда сізді де, жұбайыңызды да жұмыстан жібермейтін болса не істеу керек? Баланы өздігінен, ересектердің бақылауынсыз өзге қалаға немесе елге жіберуге бола ма?
ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЖОЛҒА ШЫҒУ
Баланы ұшаққа мінгізетін болсаңыз
Балаларға өздігінен және ересек адамсыз ұшаққа отыруға болады. Сенімхат дайындап, оны нотариуспен бекіту қажет.
Ішкі рейстерде 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалар ата-анасыз және ересек адамсыз жүре алады. Алайда, ол үшін ата-анасы мен қамқоршысы әуекомпанияға күтіп алатын адамның байланыс нөмірін көрсетіп, баласын ересек адамсыз жіберетіні туралы жазбаша өтініш білдіреді.
6 жасқа дейінгі балаларды тек кәмелет жасқа толған адам ғана алып жүре алады.
15 жастан асқан балалар ел ішінде ересек адамсыз және рұқсат қағаздарынсыз қатынай алады.
Егер баланы пойызға мінгізсеңіз
Ұшаққа қарағанда темір жолда 15 жасқа дейінгі балалардың жалғыз жол жүруіне рұқсат етілмейді. Баланы алып жүретін адам баланың ата-анасы емес болған жағдайда кассаға және отырғызу алдында баланы алып жүруге берілген сенімхатты көрсетуі тиіс.
Егер ел ішінде бала ата-анасының біреуімен жол жүретін болса, екіншісінен сенімхат керек емес.
ШЕТЕЛГЕ ЖОЛ ЖҮРУ
Елден шығатын 16 жасқа дейінгі балалардың деректері ата-аналарының төлқұжатына тіркелуі тиіс. Төлқұжатқа 3 жастан асқан балалардың суреттері жабыстырылады.
Халықаралық рейстерде балалар ересек адамдарсыз 6 жастан 16 жасқа дейін жүруге болады. Бұл жағдайда төлқұжаттан бөлек нотариалды рәсімделген ата-анасының рұқсат қағазы керек, ол жерде елден шығу мерзімі мен баратын мемлекеті көрсетіледі.
Егер бала ата-анасының біреуімен уақытша тұруға елден шығатын болса, екіншісінен рұқсат талап етілмейді.
ТМД елдері мен алыс шетелдерге шекаралық төлқұжатпен ата-анасымен бірге шығатын 18 жасқа дейінгі балаларда ата-анасының тууы туралы растайтын құжат болуы керек. Бұл туу туралы, қамқорлық туралы куәлік, неке куәлігі немесе осы құжаттардың нотариалды расталған көшірмесі болуы мүмкін.
Егер бала мен ата-анасының тегі бірдей болса, туу туралы куәліктің өзі жеткілікті. Туу туралы куәліксіз немесе ата-анасы екенін дәлелдейтін басқа құжатсыз баланың тегі ата-анасыныкімен бірдей болса да баланы елден шығармайды.
Егер бала мен ата-анасының тегі әр түрлі болса, туу туралы куәлікпен бірге неке туралы куәлік аларда тегін ауыстырғанын дәлелдейтін басқа да құжаттар болуы қажет.