facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-zhas-rezhisserler-men-videograftar-sheteld-alay-ba-yndyr-andary-turaly-syr-sherted
logo
Қазақстандық жас режиссерлер мен видеографтар шетелді қалай бағындырғандары туралы сыр шертеді
Өмір сүру стилі

21.07.2017

Қазақстандық жас режиссерлер мен видеографтар шетелді қалай бағындырғандары туралы сыр шертеді

Аблайхан Кайржанов


21 жаста, туған қаласы — Астана, видеограф


e14e8422bb8e7aab533bafc843173523.jpg


2017 жылдың ақпан айынан бастап мен Мәскеуде тұрамын. Екі апта бұрын Қазақстанға дипломдық жұмысымды қорғау үшін оралдым, Еуразия Ұлттық Университетін аяқтадым, дипломымды үздік деген бағаға қорғап, енді толықтай Мәскеуге көштім.


2016 жылы желтоқсан айында Астанада Тиматидің үлкен концерті өтті. Мен материал жасау мақсатында түсірілім жасауға өттім. Менің жұмысым Тиматиге өте ұнады, ол мені Black Star жұмыс істеу үшін Мәскеуге шақырды. Қаңтар айында мен Мәскеуге келісімшарт жасасуға бардым, бәрі сәтті өтті, мені оператор ретіндежұмысқа қабылдады. Менің қоныс аударуымның басты себебі осы.


Бейне түсіріліммен мен мектеп кезінен, яғни 8 сыныптан бері әуестенемін. Біз телефон камерасына мұғалімдерге арналған бейнебаяндарды, әр түрлі құттықтауларды жиі түсіретінбіз. Қолымызға не түссе соған бейне түсіруге тырысатынбыз, монтаж жасап үйрендік. Ал университеттің бірінші курсынан бұл жұмыспен барымды салып, шындап айналыса бастадым.


ddaade0a6aeafe3a1d5df5b4a52ef04f.jpg


314364461a550a17caf7c66f880dcddc.jpg


Black Star-да мен әртістердің өнерлерін, промо-роликтер, жарнамалық роликтер, концерттер, бейнебаяндар, фотосессиялар түсіремін. Қазір мен Краснодар қаласындамын, бұл жерде біздің әртістердің үлкен концерті өтетін болады.


Өзімнің кейбір жұмыстарымды ең жақсы деп ерекшелеп айта алмаймын, маған олардың көбісі ұнайды. Әр ролигімді алдыңғы түсіргенімнен асып түсіруге тырысамын. Саяхатта жүргенде, Нью-Йорк, Майамиге барғанда түсірілген бейнелерімқатты ұнайды. Оларды менің YouTube каналымнан және Instagram @ablaykairzhanov парақшамнан көре аласыздар, өз жұмыстарымды негізінде сол жерлерге жүктеймін.


0b9ade94560b39445a750184d1f6ae63.jpg


Ресейде тұрып, жұмыс жасаған аз ғана уақыт ішіндегі менің байқағаным, бұл жерде бейнеиндустрия саласы Қазақстанға қарағанда жақсы дамыған. Біз түсірілімге арналған бірнеше ұшақжайларда, арнайы жабдықталған үлкен киностудияларда болдық. Бұл жерде арнайы мамандандырылған техникаларды жалға береді, көптеген жақсы бағдарламалар мен фильмдер түсіреді. Жалпы Ресейде дарынды операторлар өте көп. Мысалы, Қазақстанда мен түсірілім үшін арнайы жабдықталған, мамандандырылған студиялардың аз екенін білемін. Ал Астананың өзінде жалға беретін RED бейнекамерасының бес данасын ғана табуға болады. бұл жерде олардың саны бірнеше жүзге жететіні анық. Менің ойымша бейнеиндустрия саласының дамуы қалада тұратын адамның санына да тәуелді. Мәскеудегі тұрғындар саны Қазақстан халықының санымен тең.


Өзімді қандай да бір жетістікке жеттім деп ойламаймын. Менің Мәскеуде тұрып Black Star-да жұмыс жасағаныма небәрі үш-төрт ай болды, бұл қаладан өз орнымды табуға талпынып жүрмін, жұмыс істеймінн, бір жұмыстарым сәтті шықса, біреулері ойымдағыдай шықпай жатады. Күн сайын өз жұмысымды кеше жасаған жұмысымнан жақсы жасауға тырысамын, көптеген талантты адамдармен танысамын да олардан жаңа тәжірибе аламын. Мен бәрінің әлі алда екеніне сенемін.


Маған Мәскеу ұнайды және жұмыс жағынан бәрі менің көңілімнен шығады, сол себептен Қазақстанға қашан оралатыным әлі белгісіз. Бірақ мен міндетті түрде ораламын, Отанымда бейне түсірілімдер саласында өз ісімді ашқым келеді.




Диас Азимжанов


29 жас, туғ,ан қаласы — Аягөз, режиссер, сценарист


92959939fce28838f41f9c1bb21c547e.jpg


Мен соңғы екі жылда АҚШ-та тұрамын және оқимын. Бұрын мен Lifejournal.com және Yourvision.kz блог-парақшаларын жүргіздім. Ол жерде мен өз ойларыммен және толғаныстарыммен бөлісетінмін, әңгімелер мен өзімнің бақылағандарымды жариялайтынмын. Бір күні маған өз әңгімелеріммен неге бейнелер арқылы бөліспеске деген ой келді. Ол үшін маған сценарий өнері саласында және жалпы кино саласында білім жетпеді. Сол себепті мен New York Film Academy түсемін деп шешім қабылдадым.


Мен киноиндустрия саласын құрылғыларынан бастап режиссерлік пенпродюсерлік жұмысқа дейін толықтай ішінен үйренгім келді. Сол себепті мен Filmmaking мамандығын таңдадым. Ол жерде бізді сценарий өнеріне, режиссураға, продюсерлік жұмысқа, операторлық жұмысқа, актерлік шеберлікке оқытады. Оқуды аяқтаған мезгілде түлектердің өзіне қай мамандық жақын болса соны таңдауға мүмкіндігі бар.


Өмірімнің қазіргі кезеңінде мен режиссура және актерлік мамандықтарына бет бұрдым. Мен жас режиссер болғандықтан, менің өз жұмыстарым көп емес. Қазіргі таңда мен үш қысқа метраждыды кино түсірдім. Олардың екеуі дайын, үшінші кино монтаждалуда.


da1051de5fce00e49edb0e600b335694.jpg


Екінші жұмысымды ерекшелеп айта аламын – қысқа метражды Ultio деп аталатын фильм. Бұл фильмді біз осы жылдың наурыз айында шығардық және Францияда Канна кинофестивалінде Short Film Corner секциясында таныстырылды. Фильм қазір басқа да кинофестивальдерде қаралып жатыр, сол себептен біз оны желіге жүктей алмаймыз. Дегенмен, мен күз айында оны отандық көрермендерімізге көрсетеміз деп үміттенемін. Әрине қысқа метражды фильм болғандықтан олпрокаттық көрсетілім болмайды. Біздің қазақстандық кинотеатрлар желісінен ұсыныстар бар, сол себепті жақында біз оны Астана және Алматы да көрсетеміз.


Менің қазіргі жетісіктерім үш нәрсенің нәтижесі. Бірінші — өзіңмен үздіксіз жұмыс, өз біліктілігіңді, парасатыңды жетілдірумен жұмыс. Екіншісі — өз жұмысыңа деген шексіз махаббат, өз ісіңе адалдық. Үшіншісі — арман, мақсаттарыңа деген сенімділік.


Голливуд, жалпы Лос-Анжелес кино индустриясының қазақстандық индустриядан ең үлкен айырмашылығы, ол жақта бұл сала жүйеленген. Әр адам өз ісін біледі, әр орында өз мамандары, өз кадрлері бар. Қазақстанда бір адам бірнеше қызметтік міндеттерді атқарады. Әрине бұл продакшн сапасына сөзсіз әсер етеді.


208a4efe44f75112019b58dfee6f5eee.jpg


Әрине, АҚШ киноиндустриясының дамуына ғасырдан астам уақыт кеткенін ескеру керек. Ол жерде өз дәстүрі қалыптасты, маман даярлығы жақсы жолға қойылған, маркетинг, теле- және киноиндустрия өнімдерін жарнамалау жоғарғы деңгейде. Бізге де уақыт керек. Мен біздің кинематографияның болашағына сенемін, және әрине мен де оған өз үлесімді қосқым келеді.


Қазір мен толық метражды киноға сценарий жазу үстіндемін, сонымен қатар, Режиссер Алишер Сүлейменовтің «Облако на крыше» фильмінде басты рольді сомдап жүрмін. Бұл фильм урбан фэнтези жанрында. Ол айналымға осы жылдың күзінде шығады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, мені музыка индустриясы және музыкалық бейнебаяндар әлемі де қызықтырады, мен Лос-Анжелесте түсірілген бір бейне баянға режиссер болдым. Қазір дамып келе жатқан Q-Pop жанрын ерекше атап өткім келеді, өнер адамы ретінде мен олардың композициясын визуалдау арқылы біздің әртістерді қолдағым келеді.


Мен Қазақстанда тұрып, еліміздің кино — және телеиндустриясына өз үлесімді қосуды жоспарлаймын.




Медет Шаяхметов


23 жаста, туған қаласы — Астана, режиссер


47e98014f40acfa11914c352679034eb.jpg


Мен New York Film Academy, Нью-Йортегі жылдық бағдарламаны және Лос-Анджелесте режиссер мамандығы бойынша бакалаврды бітірдім. Шетелдік оқу орнына түсу туралы менің шешімім, менің таңдаған мамандығым АҚШ-та жақсы дамыған деген ойыммен байланысты.


Мен өзімді бейнемен бұрыннан байланыстырдым. Бастапқыда мен өз достарыма шағын love story түсірумен бастадым. Сол уақытта біз ол бейнелеріңнің солай аталатынын да білмедік, өйткені Астанада ондай түсінік болған жоқ. Қазір мен музыкалық бейнебаяндар мен жарнамаларға режиссерлік етемін. Әрине толық метражды кино түсіру арманым бар, және мен сол бағытта жұмыс жасап жатырмын, әзірге менің музыкалық жұмыстарым дүниеге келді.


f2b9a1abfb560ed6258916e3ed2199cc.jpg


Менің бірнеше сүйікті жұмыстарым бар. Олардың бірі Владимир Золотухиннің «Сверчки» композициясына арналған музыкалық бейнебаян. Бұл еңбектің маған ерекше ұнайтыны ол жерде мен өзімнің режиссерлік эмоцияларымды көремін және сол жерде жұмыс жасаған топтың мінезін аңғарамын. Қаражат жұмсалған жоқ, біз бәрін өз қолымызбен, продюсердің көмегінсіз атқардық. Менің екінші сүйікті еңбегім — бұл «Сон» L'One және Monatik бейнебаяны. Бұл мен түсірген осындай көлемдегі ең тез жоба болды. Маған тректі түсірілімге үш күн қалғанда жіберді, бір күн ішінде мен сценарий жаздым, дайындалуға бізге екі күн қажет болды. Одан кейін Мәскеуге ұшып кеттім, төртінші күні түсірілім басталды. Түсірілім Мәскеуде, Киевте, Ақтауда және Алматыда өтті, ал үш күн ішінде бейнебаян жұмысын аяқтадық.


Шетелде жұмыс істеп жүріп, жақсы продюсерлерді жолықтырдым, олардың әр қайсысы өз істерінің мамандары, өз жұмыстарын, тіпті менің жұмысымды егжей-тегжелі біледі. Біздерде олармен өте жақсы коллаборация тәжірибесі болды. Шетелде өз істеріне үлкен жауапкершілікпен және асқан шеберлікпен қарайды. Ал кинода және түсірілімдерде басқасы — әмбебап дүние, және сіз қайда болсаңызда жұмыста ұқсастықтар кездеседі. Егер АҚШ және Қазақстан киноиндустриясы несімен ерекшеленеді десек, айырмашылық үлкен және ол барлық жағынан байқалады.


472e58fc18637fe63afc099f41b451c2.jpg


0f3d0444d2c1ceefb0cda9632cd1c50a.jpg


Мен үлкен жетістікке жеттім деп есептемеймін. Бірақ қазіргі тәжірибеге мен еңбектің және үлкен ынтаның арқысында қол жеткіздім. Бұл қаражат немесе таныстардың арқасында емес. Бәлкім менің еңбегімнің нәтижесінде танысқан таныстарымның да көмектесуі мүмкін.


Жақын арада біздер Алматыда Владимир Золотухиннің тағы бір бейнебаянын түсіретін боламыз, сонымен қатар, шетелдік әртістермен бірнеше жобалар бар, бірақ кіммен екенін айта алмаймын, өйткені ол жобалар әлі бастапқы дәрежеде. Толық метражды кино әрине жоспарда бар, ол жақын арада болмайды, дегенмен мен оған қызу дайындық үстіндемін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.