Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-tar-ytay-a-sh-zh-ne-aza-standa-y-zho-ary-o-u-oryndaryny-erekshel-kter-turaly

Қазақстандықтар Қытай, АҚШ және Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ерекшеліктері туралы
636

10.11.2017

Қазақстандықтар Қытай, АҚШ және Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ерекшеліктері туралы

Назия Турарова, 21 жас, туған қаласы — Павлодар


Нанкин ғылым және технология университеті, ҚХР



Жоғарғы білім беру жүйесі



Қытайдың білім беру жүйесі қазақстандық жүйемен ұқсас. Осында талапкерлер дәл солай мемлекеттік емтиханды тапсыру жолымен жоғарғы оқу орындарына түседі. Талапкерлердің саны көп болған себептен бәсекелестік өте үлкен, сондықтан бюджетке түсу осы жерде үлкен жетістік болып саналады.


WhatsApp Image 2017-11-01 at 15.52.49.jpeg


Шетел студенттері үшін білім алу тілі басты рөлді атқарады. Егер шетелдік студент Қытайға қытай тілінде білім алуға түссе, ол басында тіл бағдарламасына ие университетке,және сол жерде тіл курстарына түседі. Осыдан кейін студент HSK – Hanyu Shuipimg Kaoshi – тіл білімін тексеруге бағытталған стандартты емтиханды тапсырады,ол үлгісі бойынша IELTS емтиханына ұқсас,оның баллдық шкаласы 1-ден 6-ға дейін. Анағұрлым беделді жоғарғы оқу орындарына 5-тен,ал орташа дәрежелі университеттерге – 4-тен кем емес баллмен қабылдайды. Сонымен қоса қазіргі кезде ағылшын тілінде оқу жүргізетін факультеттері бар университеттер саны көбейді.

Студенттерді Қытай университеттерінде 4-баллды GPA жүйесімен бағалайды. Бағаға және нәтижелі емтиханға қосылған сабаққа қатысу барысына ерекше назар аударылады. Сонымен қоса бағаға басқа да белгілер әсер етеді: пікірталастарға белсенді қатысу, топтық жобалардан, тәжірибелерден өту.

Қытайдың жоғары оқу орындарына түсудің бірнеше жолдары бар: Қазақстанның білім Министрлігі арқылы түсуге болады, сонымен қоса студенттерді Қытайға жіберумен айналысатын мамандандырылған компанияларға жолығуға немесе Қытай білім Министрілігінің шәкіртақылық бағдарламаларына құжаттар тапсыруға болады.

Түсу үшін қытай немесе ағылшын тілінің білім дәрежесін дәлелдейтін сертификат, 4,5 баллдан кем емес орташа баллы бар үлгеру табелі, медициналық анықтама, жақсы уәждемелік хат қажет. Университеттің дәрежесі мен шәкіртақылық бағдарламасына байланысты құжаттар тізімі өсуі мүмкін.



Студенттік өмір




WhatsApp Image 2017-11-01 at 16.00.28.jpeg

Қытай университеттері біртұтас кластер қағидасы негізінде жасалған. Бүкіл факультеттердің мектептері, жатақханалар, зертханалар, оқу корпустары, асханалар, стадиондар, кітапханалар, емханалар, супермаркеттер,дүкендер, дәмханалар,тіпті қонақ үйлер бір жерде орналасып, толық өмірмен тұруға қажеттіліктердің бүкіліне ие болған студенттік қалашықты құрайды.

Университетте шетелдіктерге арналған бөлек ванна бөлмелері бар екі орынды бөлмелерді қамтып, бүкіл қажеттіктері бар жаңа жатақханалар салынды. Оқу үшін де бүкіл қажеттіліктер бар: міндетті түрде компьютерлік жабдықтар орнатылған көптеген дәрістік бөлмелер. Мен инженерлік университетте оқыған себептен, біздің кампусымызда өндірістік және ғылыми зертханалар көп. Іс жүзінде Қытайдың бүкіл университеттерінде бір жерде тұрмыстық өмірді, оқуға және бос уақыттық іс-шараларды ыңғайлы қиыстыруға мүмкіндік беретін негіз орнатылған.

Студенттік белсенділік үшін көп мүмкіндік жасалған. Әр семестр сайын түрлі тәртіптер бойынша шәкірттер арасында спорт жарыстары өткізіледі: жеңіл атлетикадан бастап чирлидингке дейін. Дарындылар байқауы, көрмелер ұйымдастырылады,ғылыми конференциялар мен қайырымдылық іс-шараларына қолдау көрсетіледі. Жыл сайын халықаралық жәрмеңкелер мен түрлі мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен концерттер өткізіледі. Қытай мәдениетімен танысу үшін түрлі активити бар: қытай бейнелеу өнері, тайчи,кунг-фу жауынгерлік өнерлеріне үйрету, Қытай дәстүрлері мен мәдениеті бойынша курстар және тағы басқа.


WhatsApp Image 2017-11-01 at 15.52.28.jpeg


Бұдан бөлек, студенттер отандастықтар қауымдастықтарын ұйымдастырады, бұл жерде үйден алыс болған кезде қолдау көрсетуден бөлек, басқаларға олардың туған жерлері жайлы көбірек таныту мақсатымен бірге жұмыс жүргізеді. Қазақстан студенттері де Қытайда KCAK — Kazakhstan’s Students Association in China студенттік қауымдастығын құрды, бұл қауымдастық біздің студенттеріміз оқитын бүкіл Қытай қалаларында жұмыс істейді. Жыл сайын КСАК Наурыз, Тәуелсіздік күні,Құрбан Айт, 8 наурыз және 9 мамыр мерекелері күндерінде іс-шаралар ұйымдастырады.



Оқыту ерекшеліктері



Ең біріншіден, бұл ірі бәсекелестік ортасы. Қытайлықтардың еңбек сүйгіштігі таң қалдырады, бүкіл уақытын және көңілін оқу мен рейтингіне бөледі, сондықтан студенттер үздік болып,позицияларын бекіту үшін көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.

Ағылшын тілінде білім алғанда, сен түрлі елдерден келген студенттер оқитын халықаралық тобының бір бөлігі бола бастайсын, бұл үлкен серіктестік тәжірибесі, сенде түрлі тәсілдер мен көзқарастармен танысуға мүмкіндік пайда болады.




Уан Шоланбаев, 25 жас, туған қаласы — Алматы


University of California San Diego, USA



Жоғары білім беру жүйесі



Орташа есеппен бакалавриатта оқу ұзақтылығы үш жылдан бес жылға дейін созылады. Мен төрт жыл оқыдым. Бүкілі кредиттерінізді қаншалықты тез жапқанынызға байланысты.


IMG_8294.JPG


Біздің жоғарғы оқу орнында басқа елдердің университеттерінде сияқты оқу жылы қазаннан басталады. Бірақ басқа университеттерге қарағанда, оқу жылы семестрлерге емес, триместрлерге (күзгі, қысқы және көктемдік) бөлінеді. Менің университетімнен басқа, бұл академялық күнтізбе жүйесін University of California Los Angeles университеті қолданады.

Бағалау жүйесі біздің жоғарғы оқу орындарында сиқты. А — бұл 5, ал F — бұл 2. Бағаны пайыз бойынша бөледі. Ең қызығы, көп жағдайда сабаққа қатысуды тексерудің ешқандай рөлі жоқ.

Бакалавриатқа түсу үшін ми мен қаражат қажет, себебі АҚШ-та тегін білім беру өте аз. Шәкіртақыға өте сирек жағдайда ие болуға болады, негізі бұл олимпиадаларды жеңген және ғылыми жобаларды қорғаған дарынды балалар. Егер қаражат —шешілетін мәселе болса, ең біріншіден ағылшын тілін тексеруге бағытталған TOEFL және IELTS емтихандарын тапсырып, жақсы балл алу қажет. SAT — артықшылық болады, кей жағдайларда тапсыруға міндетті, SAT subject — артықшылық.

Менің университетімде оқу бағасы жылына 40 мың доллар болды. Бірақ сізде азаматтығыныз немесе green card болса,оқу бағасы арзанырақ болады.



Студенттік өмір



Тұру жағдайы тамаша, бүкілі әлемдік стандарттар бойынша жасалған. Бірақ, шың айтсам, кампуста тұру бағасы қымбат. Бірақ есесіне бұл жерде аптасына бір рет бөлмелерді жинайды. Тамақ үшін өзін төлейсін. Жатақхананың негізгі артықшылығы — жатақханадан университетке дейін 5 минутта жетесін,қалғанында,бұл кампустың жанында пәтер жалдауға жақсырақ болады.


Оқудан тыс уақытта студенттердің айналыспаған ісі жоқ, таңдау көп. Бос уақыт аз. Күнгей, салқын Калифорнияда кез-келген спортпен айналысуға ыңғайлы. Тағы табиғатта серуендеуге болады: бұл жерде көптеген әдемі жерлер бар, Сан Диегодан 3 сағат жолда орналасқан Big Bear Lake ауданында тау шаңғы курорты бар. Ал бірнеше сағаттық жолда Grand Canyon, Yosemito National Park, Sequoia National Park бар. Тіпті қаланың жанында үнемі әдемі және қызықты жерлерді табуға болады. Әрине, біз Қазақстаннан және басқа елдерден келген студенттермен араластық. Негізінде, біз басқа елдердің басқа университетеріндегі басқа студенттер сияқты дәл сондай істермен айналысып жүрдік.



Оқыту ерекшеліктері




IMG_2552.jpg

Неғұрлым көп сынып жауып, жақсы баға алсан, соғұрлым ертерек келесі тоқсандағы сыныпқа тіркелуге болады,себебі орындар саны әрдайым шектелген. Тағы өз бетімен элективті курстарды таңдауға болады.

Жеке маған бұл жерде үнемі пікірталастардың көп болғаны, TA hours — профессор көмекшісінің сағаттары, Profhours болғаны ұнайтын. Қатысу еркін, және адамдар мүмкіндігі болғанда келіп, білім кемшіліктерін жабатын.

Профессорлармен,мұғалімдермен «сен» деп сөйлейсін, бұл әдеттегі зат және бұл жақындастырады. Және негізгі ерекшелік — интернационалдық. Жиі қытай,испандық және басқа тілдері еститінбіз, тіпті аз-аздап үйренетінбіз.



Виктория Ким, 23 жас, туған қаласы — Астана


Гумилев Л.Н. атындағы Еуразиялық ұлттық университет, Қазақстан



Жоғарғы білім беру жүйесі



Гумилев Л.Н. атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде 2010 жылдан бастап Болондық білім беру жүйесі енгізілген. Оқу жылы 2 семестрге созылады. Тәртіптерді сәтсіз тапсырған жағдайда, студент жазғы семестрге қалып, ақылы негізде қайтадан курсты өтіп, қайтадан емтихан тапсыра алады.


B9kcPk0AUyA.jpg


Мемлекеттік және ұлттық жоғарғы оқу орындарына түсу ережелері Қазақстанның барлық резиденттеріне бірдей. Бакалавриатқа түсу үшін, талапкер ҰБТ, ал егер болашақ студент колледжді бітіргеннен кейін түскісі келсе, ТКТ тапсыруға міндетті. Магистратураға түскен кезде ережелер аздап өзгереді. IELTS сертификатына ие болған жағдайда, талапкер тек бейінді пәндерді ғана тапсырады.



Студенттік өмір



Әр университет жанында басқа қалалық және шетелдік студенттерге арналған жаттақханалар бар. ЕҰУ-да олар алтау және бүкілі факультеттерге бөлінген. Университет ауданында асханалар бар және банкоматтар жұмыс істейді. Сонымен қоса ЕҰУ жанында өзінің студенттік еманасы және «Отырар» ірі кітапханасы бар.

Студенттердің оқудан тыс уақыты оқиғаларға толы,барлығы қызығушылықтарына байланысты. Университеттің негізінде тіл курстары, түрлі қоғамдастықтар бар. ЕҰУ-да пікірталас клубтары үлкен танымалдылыққа ие. Сондай-ақ, Орта Азияның танымал клубтарының бірі — «Парасат» ПК. Клубтың үш тілдік болғаны өте ыңғайлы. Үш лига бар:қазақ, ағылшын және орыс. Осы жерде өзінің шешендік икемдерін әр-бір адам тексере алады. Тағы университет жанында жастар саясатының Орталығы жұмыс істейді, бұл жерде студенттер мәдени-жаппай іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады. Осының барлығы тегін негізде өткізіледі.



Оқыту ерекшеліктері




DKFZezI9XHE.jpg

Жоғарғы оқу орнындағы білім алудың маңызды бөлімі — бұл «оқытушы-студент» байланысы. ЕҰУ-да бұл байланыс ерекше байқалады. Оқытушылар студенттерге олардың бастауларында қолдау көрсетеді, үнемі сұхбат реттеледі және не ол не бұл жағдайларда ұтымды шешімдерді іздеу жүзеге асырылады.