Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-azamatsha-n-yu-yorke-k-shu-zh-ne-medicinaly-universitetke-t-su-turaly

Қазақстандық азаматша Нью-Йорке көшу және медициналық университетке түсу туралы
1722

06.01.2018

Қазақстандық азаматша Нью-Йорке көшу және медициналық университетке түсу туралы

Аида Мейрамова, 23 жаста, туған жері — Қарағанды, студент


АҚШ-на көшу жайлы

Мен АҚШ-на баруды армандайтынмын. Мектеп бітіргеннен кеін баруды жоспарлағанмын, бірақ ата-анам қарсы болды. Сондықтан, мен ҚарМУ-не түсіп, оқуымды АҚШ-на жалғастыруды шештім. Мүмкін бұл шешіміме фильмдер мен YouTube әсер еткен шығар. Маған ол жақтағы адамдардың тұрмысы, мәдениеті, көзқарасы қызық болды.



Медициналық білім туралы



1.jpg


Мен ЖОО іздей бастадым. Мені әрқашан медицина қызықтыратын, ғылыми мақалалар оқуды жақсы көремін. Содан, неге дәрігер оқуына түспеске деген ой туды. Бірақ, дәрігер болу үшін, алдымен бакалавр дәрежесін алу керек, одан кейін арнайы медицина мектебінде және белгілі бір бағыт бойынша оқу керек. Бұл Қазақстанның жүйесіне ұқсас. Медицина мектебіне түсу өте қиын.

Мен медбике болғым келеді


Мен медбике болғым келеді. Бұл туралы екінің бірі армандайды. Nursing — медбикеге түсу өте қиын процесс.


Түсу процессі


Түсуді жоспарласаңыз, құжаттарды неғұрлым ертерек тапсырсаңыз, соғұрлым жақсы. Құжаттарды бір жыл бұрын тапсырған жөн. Эссе мен ұсыныс хат үлкен рөл атқарады. Мен практиканы әлемдегі ең таңымал заңгерлік компанияда өттім. Менде олардың ұсыныс хаты болған еді. Ұсыныс хатты мұғалімдер, мектеп директоры бере алады. Құжаттар міндетті түрде ағылшынша және нотариалды куәландырылған болу керек.

Медбикеге түсу үшін арнайы емтихандар тапсырру керек. Бастапқыда сұхбаттасуға Сиэтлге бара жатқанмын. IELTS немесе TOEFL және математика бойынша тест тапсыру қажет болды. Мен курстардан өттім, бірақ олар халықаралық студенттерді қабылдамайды екен. Осындай жағдай басқа университеттерде де болған.

Мен көп уақыт созбай, мені қабылдайтын басқа штаттардағы университеттерді іздей бастадым. Егер әрекет етпесен, сені елден шығарып жіберуі мүмкін еді. Бұл тұрғыдан Нью-Йорк қолайлы қала болды, бұл жерде оқуға түсу оңай болды. Өзім қалаған бағдарламамен оқитыныма ризамын.


Ережелер



2.jpg


Медициналық білім кредиттік жүйе бойынша оқытылады. Қазір менде химия, математика, бтология пәндері бар. Мысалы, анатомияны алардан бұрын, маған үш сабақ бойынша емтихан тапсыру керек. Осы семестрде міндетті болып саналатын, психологияны, өнер тарихын және communications пәндерін алдым.

Ең қызығы, бұл жерде ағылшын міндетті пән болып саналады. Бұл пән бойынша туынды оқып, ол туралы эссе жазасын. Дұрыс, әрі түсінікті жазу міндетті.


Емтихандар


Емтихандардың алдында, кітаптың төрт тақырыптарындағы барлық анықтамаларды жазуға беруі мүмкін. Бұл жерде кітаптар өте қымбат және олар барлық студенттерде жоқ. Кітапханалар кітапты тегін бермейді, оларды сатып алу керек. Бір кітап ең аз дегенде 100 доллар тұрады. Amazon-да кітапты 3 айға алуға болады, ол 70 доллардай тұрады.

Емтихан тапсырмалары бұл жерде қызықты. Мысалы, психологиядан белгілі бір тақырыпқа эссе жазу керексің. Одан кейін оны плагиатқа тексереді. Егер бір жерден ақпартты алып оның дерек көзін жазбасаң, эссені қабылдамайды. Семестр бойы сабаққа барғанын, баға алғанын мүлдем әсер етпейді. Авторық құқықты бұзсаң тіпті шығарып жіберуі мүмкін.


3.jpg

Сонымен қатар, емтихан тапсырмасы мынадай болуы мүмкін: белгілі бір ғылыми мақаланы оқып, ол бойынша эссе жазу керек немесе барып лекция тыңдап, сұрақстарға жауап беру керек.

Өнер тарихында мұражайға барып, көрген туындың туралы пікір жазу керек.

Мұғалімдер ақпараттың тек 25%-ын береді, қалған 75%-ын өзің табу керексің. Таңымайтын сұрақтардың болуына дайын болу керек. Мұғалім сенің күні-түні оқитыныңды күтеді.

Төрт жылдық білім біткеннен кейін лицензия алу үшін емтихан тапсырамын. Жұмысты тек лицензия арқылы істеуге болады.



Тәжірибие


Екі жыл оқып, бір жыл практика алуға болады. Әрине, науқастарға сізді ешкім жақындатпайды, ол үшін алдымен рұқсат алу керек. Практика ақылы, бірақ салық төлеуіңіз керек болады.



Медициналық қызметкердің статусы


Бұл жерде медбике дәрігермен тең. Олардың жалақысы көп, сол себептен көбісі медбикеге оқығысы келеді. Бұл жақта дәрігерлер мен заңгерлер қатты бағаланады. Кәсіби заңгер болу үшін кемінде сегіз жыл оқу керек.



Жоспарлар туралы


Мен бұнымен тоқтамаймын, медбике болып жұмыс істеп, әрі қарай дәрігерге оқығым келеді. Мен эндокринолог немесе педиатр болғым келеді.

Әлі үш жыл оқуым бар. Қаақстанға оралам ба, жоқ па — әлі белгісіз. Маған осы жерде ұнайды.