facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-azamatsha-kanadany-r-bank-ne-zh-mys-a-t-ruy-zhayly
logo
Қазақстандық азаматша Канаданың ірі банкіне жұмысқа тұруы жайлы

23.02.2018

Қазақстандық азаматша Канаданың ірі банкіне жұмысқа тұруы жайлы

Айгерим Арысбаева, 30 жаста, туған жері — Қарағанды, Канада Корольдік Банкінің қаржы кеңесшісі (Royal Bank of Canada)

Тұратын елі: Калгари, Альберта провинциясы, Канада


Компания және жұмысқа тұру жайлы



Мен Калгариге шамамен алты жыл бұрын көшіп келдім және заңды мәртебе алып, үш айдан кейін жұмыс тауып алдым. Бастапқыда төрт банктегі бос орындарға түйімдемемді ұсындым және үш банктен жауап ұсыныстар алдым. Канада Корольдік банкін — RBC-ті таңдадым, себебі жақсы компанияда жұмыс істегім келді. Осы жерде 2012 жылдан бері.5 жылдай жұмыс істеп келемін.

Royal Bank of Canada — Канаданың ірі банктерінің бірі, ол өзінің активтері бойынша елде бірінші орында тұр және депозиттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ең үздік болып саналады. Royal Bank өзінің қызметкерлеріне сыйақы беру және мансаптық өсу мен алға басу мүмкіндіктері бойынша көшбасшылық ұстанымға ие.

Жұмысқа тұру ұзақ уақытқа созылды, шамамен алты айға. Алдымен мен онлайн-өтінімді толтырып, түйіндемемді жібердім, содан кейін маған телефон арқылы сұхбат берілді. Сол кезде маған қиын кезең болды, өйткені ағылшын тілім өте жақсы деңгейде емес еді. Осыдан кейін мен менеджермен - болашақ басшыммен және соңғы шешімді қабылдайтын адаммен сұхбат болды. Алғашында рекрутер мені позицияға жібермеуге бейім болды, бірақ мен шыдамдылық танытып, біраз уақыт өткен соң, банк ұйымдастырған семинарлардың біріне қайта бардым. Онда біз менеджермен тағы да әңгімелестік. Сол кезде ағылшын тілімнің жақсарғанын және өзіме деген сенімділіктің артқанын байқап жұмысқа қабылдануыма кеңес берді.

Кейінірек компанияға бірнеше жылдан бері жұмыс істегенімнен кейін, менеджер маған, мені жұмысқа қабылдауына сенімді болмағанын айтты, себебі бұл менің Канададағы алғашқы жұмысым болды және ағылшын тілі деңгейінің төмендігінен болды. Сонымен қатар, канадалық білімім болмады. Мен оған мендегі қабілетті көргеніне, маған мүмкіндік бергеніне, көп нәрсе үйреткеніне ризамын.


Жұмыс шарттары туралы


9f3d2146e3fe0df721f39899503effad.jpeg

Канадалық жұмыс берушілер қызметкерлерге құрметпен қарайды. Егер сіз үлкен басшыны кездестірсеңіз, ол сізбен әңгімелесуге уақыт табады, компаниядағы процестер туралы пікіріңізді сұрайды.

Канадалықтар клиенттеріне қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндікті жасайды. Біздің жұмыс күніміз 7,5 сағатқа созылады, ал түскі үзіліс үшін ақысыз сағат бар. Біз 12:00-ден 20:30-ға дейін жұмыс істейміз, ал қалған команда 09:00-дан 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Сондықтан клиенттер таңертең және жұмыстан кейін келе алады. Бұдан басқа, сенбі күні банк жұмыс істейді. Корольдік банкте жұмыс істеген кезенде, мен бәрін де істеуге үйрендім.

Қызметкерлерге үш апта ақылы демалыс беріледі. Егер сіз 10 жылдан артық жұмыс істесеңіз, демалыс — төрт апта, ал егер 25 — 5 апта болады. Сондай-ақ, банк екі апталық стационарлық демалысты төлейді, ал екі аптадан соң сақтандыру компаниясы жалақы мөлшерінде өтемақы төлейді. Сондай-ақ, жұмыс беруші стоматолог пен окулисттік қызметтердің шығындарын жабады, себебі Канадада бәрі қымбат.

Жалақыларға келетін болсам, Канадада өте жоғары салықтарды есептемегенде, менің жалақым жылына 55 мың долларды құрайды. Жалақы әр екі апта сайын төленеді және бұл ыңғайлы, сондықтан бюджетіңізді жоспарлай аласыз.

Біздің банк волонтерлік қызмет саласында өз жұмысын мақтан тұтады. Бос уақытымда осындай жобаларға жиі қатысамын: аумақты тазалап, кедейлерге көмектесеміз. Бұл мансаптық өсу үшін маңызды және басқа филиалдардағы, лауазымдардағы адамдармен танысуға жақсы мүмкіндік.

Бұрын мен волейболмен кәсіби айналысып жүрдім, сондықтан командалық спортты жақсы көремін және Канадада жаңа спорт түрлерін меңгеруге тырысамын. Бұл жазда мен Dragon Boating-ға қатыстымын — өте қызықты байқау және жаңа адамдармен танысудың керемет мүмкіндігі.

10d5ca9035020440386c885951b7b58f.jpeg

dda2ec7c8d1f7ed0571baca20a2afa3d.jpeg


Декреттік демалыс жайлы



Мен декреттік демалысқа шығар алдында сыйақы алдым, бірақ оны мүлде күткен жоқпын. Декреттік демалыстан кейін мен сол қызметте жұмыс істеуге бардым.

Декреттік демалысым бір жылға созылды, бірақ қазір бір жарым жылға кетуге болады. Жүктілікке шыққаннан кейін, алғашқы 6 аптаға жұмыс беруші маған толық жалақы төледі, ал қалған уақытта мемлекет маған негізгі табысымның 60% төледі. Енді мен жұмысқа қайта оралғанымда, апам мен тәтем бізге көмекке келді.

b895a8f3d5274da740e3b24f91576c80.jpeg

Демалысқа шықпас бұрын, әріптестерім Baby shower ұйымдастырды. Бұл кеште болашақ ананы шақырып, болашақ нәрсетеге арналған сыйлықтарды сыйлайды. Әріптестерім көптеген сыйлықтар бергендіктен, бала дүниеге келгенде барлығы дайын болып тұрды.

d82a5a6049d056175c7ec73a47e3e87b.jpeg


Жоспарлар жайлы



Кәсіби өсу үшін екі ықтимал саланы қарастырамын: шағын және орта бизнесті қаржылық жоспарлау немесе қолдау.

Қаржылық жоспарлау ірі активтерге ие және инвестициялармен айналысатын клиенттермен жұмыс жасаудан тұрады. Маман клиентке көптеген жылдар бойы инвестициялық жоспар, шығындар, салық төлемдерін және сақтандыруды қалыптастыруға көмектеседі.

Шағын және орта бизнеспен жұмыс істей отырып, үнемі түрлі кездесулер мен іс-шараларға қатысасыз, бизнесмендермен араласып, олардың бизнестерін дамытуға көмектесесіз.

Табыс жағынан қарасақ маған жоспарлау көбірек ұнайды, бірақ қызығушылық бойынша — шағын және орта бизнес. Біздің компаниямызда сіз өзіңізді қызықтыратын лауазымда жұмыс істейтін адаммен бір күнді өткізе алатын осындай тәжірибе бар. Мұның қалай жұмыс істейтінін көру үшін, оны орындағыңыз келетінін түсініңіз. Сондықтан мен екі бағыт бойынша жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеуді жоспарлап отырмын.

Жалпы алғанда, Канадада жұмыс істеу мен бизнес жүргізу мәдениетін ұнатамын. Барлығына жақсы және жағымсыз жақтары бар, бірақ Канадада жұмыс істегенді ұнатамын, мен бұл процестен ләзат аламын. Өзімді осы компанияда қазір және 15-20 жылдан кейін де көремін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.