Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-zh-rg-zush-ku-l-g-n-alau-alu-a-bolady

Қазақстанда жүргізуші куәлігін қалау алуға болaды
5605

01.11.2017

Қазақстанда жүргізуші куәлігін қалау алуға болaды

Жүргізуші куәлігін алу процесін шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады


— жол қозғалысының ережелерін оқу және көлік құралын жүргізуге үйрену

— емтихан тапсыру

— құжаттарды жинау

— құжаттарды тапсыру және жүргізуші куәлігін алу.


Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баждың құны 2 651 теңгені құрайды.


Жүргізуші куәлігін кім алуы мүмкін


Жүргізуші куәлігі келесі жасқа толған адамдарға берілуі мүмкін:

— «AI» кіші санатының көлік құралдары — он алты жасқа толған адамдарға

— «А», «В» санатының және «B1», «C1» кіші санаттарының көлік құралдары — он сегіз жасқа толған адамдарға

— «С» санаттарының және «D1» кіші санатының көлік құралдары — жиырма бір жасқа толған, үш жылдан кем емес жүргізуші өтілі бар, соның ішінде «С1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бір жылдан кем емес адамдарға

— «D», «Тm» және «Tb» санатты көлік құралдарын — бес жылдан кем емес мерзімде жүргізуші жұмыс өтілі бар жиырма бес жасқа толған, соның ішінже үш жылдан кем емес «D1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға

— «BE», «СЕ», «DE» санатты көлік құралдарының құрамы — он екі айдан кем емес мерзім ішінде «В», «С» немесе «D» санатты көлік құралдапын басқару құқығы бар адамдарға

— «С1E», «D1E» кіші санатты көлік құралдары құрамдары — он екі айдан кем емес мерзімде «С», «D» санаттары немесе «C1», «D1» кіші санаттарымен көлік құралдарын басқару құқығы бар адамдарға.


Ұлттық жүргізуші куәлігін шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар ала алады.


Жүргізуші куәліктің жаңа үлгісі 2015 жылдың 03 наурызынан бастап күшіне енді


Медициналық тексеріп-қарау


Емтиханды тапсыруға дейін болашақ жүргізушілер ең алдымен медициналық тексеріп-қараудан өтуге және одан кейін денсаулық жағдайы туралы 083-у нысанды анықтаманы алуға тиіс. Бұл үшін медициналық мекемеге барып, анықтамалардың бланкісін алып, медициналық мамандардың тексеру қызметтері үшін ақысын төлеу керек.


Медициналық тексеру келесі дәрігерлермен өткізіледі


— терапевт

— невропатолог

— көз дәрігері

— оториноларинголог

— психиатр медициналық психологпен

— нарколог.


Емтихан тапсыру


Автомотомектепте оқу емтиханмен аяқталады. Ішкі емтиханды табысты тапсырғаннан кейін білім алушылар автоинспекция органдарында емтихан тапсыру құқығын алады. Теориялық емтиханға дайындықтан өткен адамдар ҚР ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшесіне барып, теориялық емтиханды тапсыруға тиіс.


Жүргізуші куәлігін алу құқығына емтиханды тапсырар алдын жүргізуші карточкасы толтырылады, осы карточка жеке куәлікпен бірге емтихан комиссиясына ұсынылады. Жүргізуші карточкасында емтихан тапсыратын адамның жеке және байланыс деректері көрсетіледі, сондай-ақ медициналық куәландырудан өту күні мен орны туралы белгі жасалады.


Емтихан компьютерлік тестілеуді өткізу арқылы жүргізіледі. Сұрақтар көлік құралдарының тисті санаттары үшін блоктарға топтастырылған. Блок 40 сұрақты қамтиды. Әрбір сұраққа бірнеше жауап берілген, оның біреуі ғана дұрыс болып табылады. Сұрақтарға жауап беру үшін 40 минут беріледі. «ТАПСЫРДЫ» бағасы жүргізушіге үміткер берілген уақытта кемінде 32 сұраққа дұрыс жауап берген кезде қойылады. Кері жағдайда, жүргізушіге үміткерге «ТАПСЫРМАДЫ» деген баға қойылады. Тестілеу аяқталғаннан кейін нәтижелері көрсетілген емтихан парағы беріледі. Теориялық емтиханды тапсыра алмаған жағдайда, кандидаттың емтиханды қайта тапсыруға құқығы бар.


Теорияны тапсырғаннан кейін практикалық емтиханды тапсыру қажет. Практикалық емтиханды тапсыру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде емтихан тапсырушы жабық автодромда практикалық жаттығулардың кешенін орындайды кінші кезең жол полициясы органдары бекіткен бағыт бойынша іс жүзінде жол қозғалысы жағдайында өткізіледі және емтихан тапсырушы білуге тиіс негізгі кездерді қамтиды. Екінші кезеңнің ұзақтығы кемінде 20 минут алады, бұл орайда егер емтихан тапсырушы жол жүру ережелерін өрескел бұзған болса немесе керісінше, барлық шарттарды сақтаған жағдайда, емтихан қабылдаушының емтиханды уақытынан бұрын тоқтатуға құқығы бар.


Практикалық емтиханды табысты тапсырғаннан кейін емтихан тапсырушыға нұсқаушының қолы қойылған және ТЕБ қызметкері растаған емтихан парағы беріледі.


Жүргізуші куәлігін алу үшін құжаттар тізбесі


Осы уақытта жүргізуші куәлігін алудың екі әдісі бар: жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімшесіне жүгіну арқылы және мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (Арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ) өтінім беру арқылы.


Арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қазақстанның он екі аудандарында қолжетімді:


— Алматы

— Астана

— Ақтау

— Қарағанды

— Тараз

— Қызылорда

— Петропавловск

— Павлодар

— Талдықорған

— Қостанай

— Ақтөбе

— Шымкент.


Көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізушілікке үміткер келесі құжаттарды тапсырады:


— жүргізуші куәлігін алу үшін толтырылған бланкті

— жеке куәлігін

— медициналық анықтаманы және оның көшірмесін

— курсты тәмамдаған турады куәлік және оның көшірмесі

— мемлекеттік бажды төлеген туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленгенді қоспағанда)

— жүргізуші карточкасы

— теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру нәтижелерімен емтихан парақтарын

— Сыртқы істер Министрлігінің дипломатиялық корпусымен жұмыс жасайтын ұйымнан форма бойынша жолдама (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін).


Жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы баламалы алу не айырбастау

Жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізушілікке үміткер Электрондық үкімет порталы арқылы ескі үлгідегі жүргізуші куәлігін айырбастауға немесе мерзімі бітпестен бұрын оның түрін өзгертугеөтінімді беруге болады. Қазіргі кезде бұл қызмет электронды порталда жоғарыда айтылған аумақтарда қолжетімді.


Алу рәсімі өте оңай. Бұл үшін:


сілтеме бойынша өту

авторизациялану немесе порталда тіркелу

— электрондық өтінімнің алаңдарын толтыру

— фотосуретті және қолтаңбаның сканерленген үлгісін қосу

— төлем карточканың көмегімен онлайн қызметтің ақысын төлеу

— өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбаны қою.


Электрондық сұранысты жібергеннен кейін жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек. Бұл ретте, мынадай құжаттар болу керек: басып шығарылған хабарлама, қызметтегі жүргізуші куәлігі, жеке басты куәландыратын құжат, 083-у нысанды медициналық анықтама және псих- әрі наркодиспансерден анықтамалар.


Мемлекеттік органдардың жұмыс кестесі


Ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөлімшесі

Сс-Жм 09.00 — 18.30, түскі асқа үзіліс 13.00 — 14.30

Сб 08.00 — 16.00, түскі асқа үзіліс 12.00 — 13.00


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Дб-Сб 09.00 — 20.00 түскі асқа үзіліссіз

Құжаттарды қабылдау Дб-Сб 09.00 — 18.00

Құжаттарды беру Дб 09.00 — 20.00


«Электронды үкімет» порталы

Тәулік бойы.



Дереккөзі: egov.kz

Мұқабадағы фотосурет: tengrinews.kz