facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-ua-ytsha-e-bekke-zharamsyzdy-turaly-ne-b-lu-kerek
logo
Қазақстандағы уақытша еңбекке жарамсыздық туралы не білу керек

18.07.2019

Қазақстандағы уақытша еңбекке жарамсыздық туралы не білу керек

Еліміздің заңнамасына сәйкес жұмыс берушіні өз қаржысы есебінен уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны төлеуге міндеттейді. Ол үшін жұмыскер есептеу бөліміне еңбекке жарамсыздық парағын, оны жоғалтып алған жағдайда — көшірмесін ұсынуы қажет.


Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы қандай жағдайларда төленеді?

— Жұмыс беруші өз қаржысы есебінен жұмыскерлерге еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны төлеуге міндетті.

— Еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге арналған негіз денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте берілген еңбекке жарамсыздық парақтары болып табылады.

— Еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскерлерге еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру күніне дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектікті анықтағанға дейін төленеді.


Еңбекке жарамсыздық кезеңі жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына түскен жағдайда:

— уақытша еңбекке жарамсыздық күндері үшін жәрдемақы төленбейді.


Әлеуметтік жәрдемақы мөлшерлері қалай анықталады?


Еңбекақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің онбес есе шамасынан аспайды.

Нақты жұмыскердің жәрдемақы мөлшері уақытша еңбекке жарамсыздық парағына сәйкес төленуге жататын жұмыс күндерінің санына оның орташа күндізгі еңбекақысын* көбейту жолымен анықталады.

Егер уақытша еңбекке жарамсыздық алдыңғы жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталса, онда жәрдемақыны есептеу және оның мөлшерін айлық шектеу тиісті жылдағы айлық есептік көрсеткішті қолданумен, екі тәсіл арқылы жүргізіледі.


Белігілі бір санаттағы адамдарға еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жәрдемақы төлеу


Жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілген адамдарға орташа еңбекақының жүз пайызы мөлшерінде еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап жәрдемақы төленеді.

Жұмыскердің жұмыста мертігуі немесе кәсіби ауруымен байланысты жәрдемақыны жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық орын алған бірінші күннен бастап жұмысқа шыққанға дейін және мүгедектікті анықтағанға дейін төлейді.

Дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж үш жасқа дейінгі балаларға күтімді стационарлық емдеуде анасына (әкесіне) немесе басқа адамға немесе үш жасқа дейінгі дәрігердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж балаларға тікелей күтім көрсеткен анасына (әкесіне) немесе өзге адамға жәрдемақы жұмыскердің уақытша еңбекке жарамсыздығы орын алғандағыдай тәртіпте беріледі.

Дереккөзі: mzsr.gov.kz және egov.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.