Кремний алқабында жаңа цифрлық жібек жолы жобасы пайда болды.
Бұл Орталық Еуразия елдері үшін маңызды. Онда еліміз бен Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия мемлекеттерінің жобалары бар. Орталық Еуразия елдері TechCrunch Disrupt 2023 көрмесінде инвесторларға 14 стартап ұсынды, оның ішінде алтауы — қазақстандық. Халықаралық конференцияда сарапшылар өңірлер арасындағы технологиялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ ғасырлар бойы тауар айналымын іске асырған Ұлы Жібек жолы туралы айтты. Енді оның цифрлық нұсқасы Еуразияның дамып келе жатқан IT кәсіпкерлерін, құрылтайшыларды және стартаптарды байланыстырады.
Дереккөз: 24.kz