Айгерим Айкумбаева, 27 жаста, туған жері — Абай, кәсіпкер, @aigerim_ae, @plasticsurgery_ist
Қазақстан — Түркия
Мен Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келдім. Білімім бойынша — фармацевтпін.
Түркияға көшіп, фармацевтика саласында жұмыс істеймін деген мақсатым болған. Ол үшін бірнеше емтиханнан өту керек болды. Емтиханға дайындықтан басқа, ол жақта тұру үшін қажетті құжаттар туралы ақпаратты да жинай бастадым. Түрік тілін оқыдым.Түрік тілімнің деңгейі қаншалықты жақсы болса, соншалықты адамдармен жақсы қарым-қатынас құра алатынымды білдім. Сондықтан көшкенге дейін ол тілді меңгеріп алдым.
Түркияға 2018 жылдың қараша айында көштім. Барлығы жоспар бойынша болды. Көшуге бір жыл бойы дайындалғанмын.
Шетелдіктер үшін дипломды растау процедуралары өтетін Түркияның Эскишехир қаласына келдім. Осы жерде қаншалықты дайындықпен келсем де, Түркия азаматтығы жоқ болса, фармацевт болып жұмыс істей алмайтынымды түсіндім.
Қазақстанға қайтқым келмеді, сондықтан өз кәсібімді ашуды ұйғардым.
Қиындықтар мен алғашқы әсері жайлы
Маған қиын болған жоқ. Дайындығым болды. Түрлі ақпараттарды зерттедім, Түркиядағы қазақ блогерлерімен ақылдасып отырдым.
Қазақстан мен Түркия арасында үлкен айырмашылық болды. Бұл жердің халқы мейірімдірек. Тұрмыстық жағдайлардың қарапайым ұйымдастырылғаны ұнады.
Сондай-ақ адамдардың философиясы да ерекше. Олар жұмыс та істеу біледі, демалуды да біледі.
Қазақстан мен Түркия арасында үлкен айырмашылық болды
Бұл жерде өзіңді дамытуға көп жағдай жасалған. Түрлі курстарды табуға болады. Өнер саласы жақсы дамыған.
Түркиядағы өмір жайлы
Әр демалыс сайын түріктер бір жерге барады. Мысалы, отбасылы адамдар табиғатқа шығады.
Тек ерлерге арналған кафе бар. Әйелдер ол жерге кірмейді, ер адамдар ол жерде шәй ішіп, нарды ойнайды. Әйелдердің кешке жақын үйлерінде шәй ішетін дәстүрі бар.
Түріктер асықпайды. Олар барлығын бірқалыпты жасайды. Кешігіп қалса да, ол жағынан уайымдамайды.
Жұмыс жайлы
Түркияда фармацевт болып жұмыс істей алмағандықтан, медициналық туризімді дамыту туралы ой келді.
Эскишехирдан Стамбулға бардым. Докторлармен кеңесіп Түркияда пластикалық оталар жасайтын салада жұмыс істей бастадым. Бұл жерде beauty саласын жақсы дамыған, әсіресе пластика жағы. Түркияның медицинасы жоғары деңгейде, дәрігерлер американдық жүйе бойынша оқиды, емтихандарды тапсыру қиын.
Мен доктор мен пациенттің арасындағы делдалмын
Мен доктор мен пациенттің арасындағы делдалмын. Бұл жердегі пластика — сапалы. Бағасы да Қазақстан мен Ресейге қарағанда арзанырақ.
Мен Instagram, YouTube арқылы жұмыс істеймін. Клиенттер арасында ринопластика, маммопластика, ішті тарту, липосакция, асқазанды кішірейту — үлкен сұранысқа ие. Егер адам ота жасатқысы келсе, маған хабарласады, билет сатып алады. Пациент келгенде менің жауапкершілігіме арттылады. Мен барлық процесті ұйымдастырып, пациенттің жанында боламын. Клиент үйне қайтқаннан кейін де, онлайн қолдау көрсетемін.
Көшу қалай әсер етті
Көп өзгерістер болды. Менің көзқарасым өзгерді. Былтырғы және биылғы мен — екітүрлі адам.
Күшіме деген сенімділік пайда болды. Көп еңбек етіп, бірденеге қол жеткізгенімді түсінемін. Өз ісіңді кез-келген жерде жүзеге асыра аласың деген ой келеді.
Менің көзқарасым өзгерді
Өмірімнен арпалыс кетті. Мұнда дамдар демалып, барлығына үлгереді. Мен бұл философияны қабылдадым.
Адамдармен келісуді үйрендім. Коммуникативтілігімді жақсарттым. Көшу адамды жақсы тәрбиелейді.