facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
atyrauda-t-r-anda-ansha-a-sha-zh-msalady
logo
Атырауда тұрғанда, қанша ақша жұмсалады
Таңғажайып Қазақстан

12.11.2017

Атырауда тұрғанда, қанша ақша жұмсалады

Атырауда бір ай бойы өмір сүру үшін қанша ақша қажет? Біз кәсіпкермен, студентпен, мемлекеттік қызметкермен және шетелдік компанияның қызметкерімен олардың Атырауда қанша табыс табатыны және неге жұмсайтыны жайлы сұрастырдық.


Данияр, 28 жас, кәсіпкер

Айлық қаржысы — 400 000 теңге


IMG_0914.jpg


Тұрғын үй

Мен тәтеммен бірге тұрамын және тек тұрмыстық қызметтер үшін ғана ақша төлеймін,бұл айына шамамен 30 000 теңге.

Көлік

Әдетте мен қалада таксимен қозғаламын. Күніне таксиге шамамен 1500-2000 теңге жұмсай аламын, ал кейде күні бойы офиста отырып, мүлде ақша жұмсаймын — офисім үйімнін жанында орналасқан. Жалпы айына шамамен 40 000 теңге жұмсалады.

Тамақ

Мен үйге азық-түлік сатып аламын, ал тәтем тамақ әзірлейді. Осыған мен 40 000 теңге жұмсаймын. Кейде қызыммен не тәтемен бірге дәмханада немесе мейрамханада ас ішеміз,осындай шығуларға да айына шамамен 40 000 теңге жұмсалады.

Ойын-сауық

Ойын-сауыққа аса уақыт жоқ. Қызыммен бірге айына шамамен 2 рет киноға барамыз. Осыған 10 000-15 000 теңге жеткілікті.

Жинақтар

Қазір мен үйлену тойына ақша жинаймын,ай сайын 150 000-200 000 теңге бөлемін. Сонымен қоса несие төлеймін — 60 000 теңге.




Алмаз, 30 жас, шетелдік компанияның қызметкері

Айлық қаржысы — 800 000 теңге


IMG_0877.jpg


Тұрғын үй

Біз Атырауда 170 000 теңгеге 3-бөлмелі пәтер жалдаймыз, орташа классты пәтер. Бұл сома тұрмыстық қызметті санағанда.

Көлік

Біз көлікпен жүріп,такси қызметтерімен қолданамыз. Жалпы осыған айына шамамен 30 000 жұмсалады.

Тамақ

Негізі біз тамақты үйде ішеміз, кейде айына екі рет отбасымызбен бүкіліміз (бізде 2 баламыз бар) мейрамханаға түскі не кешкі ас ішуге баруымыз мүмкін. Жалпы біз тамаққа 60 000 теңге жұмсаймыз.

Ойын-сауық

Біз Атырауда ойын-сауыққа ақша аса жұмсамаймыз. Балалардың дамуына ақша жұмсаймыз,балабақша мен басқа түрлі дамытатын мекемелерге айына 100 000 теңге жұмсалады. Екі айда бір рет біз Қазақстанның басқа қалаларына туысқандарымызға ұшамыз — бұл бізде ойын-сауық орнына. Осындай бір сапарға шамамен 400 000 теңге жұмсалады.

Жинақтар

Біз ай сайын 1000 $ бөлуге тырысамыз, пәтерге ақша жинаймыз.




Руслан, 44 жас, мемлекеттік қызметкер

Айлық қаржысы — 200 000 теңге


IMG_0910.jpg


Тұрғын үй

Біздің өз үйіміз бар, оны күтуге және тұрмыстық қызметке айына 10 000 теңге жұмсалады.

Көлік

Біз қала ішінде жеке көлігімізбен және автобуспен жүреміз, сирек жағдайда таксимен қолданамыз.

Тамақ

Біз үнемі үйде тамақтанамыз, азық-түлікке айына 100 000 теңге жұмсалады.

Ойын-сауық

Ойын-сауыққа біз ақша аса жұмсамаймыз. Тек әуестенуге ғана, музыкалық аспаптар, балық аулау және сапарларға ғана. Нәтижесінде жалпы шамамен 20 000 теңге жұмсаймыз.

Жинақтар

Өкінішке орай, ақша жинауға әзірше мүмкіндік жоқ. Үлкен қызымыз басқа қалада оқиды, ай сайын оған 20 000 теңге жібереміз.




Самал, 19 жас, студент

Айлық қаржысы — 120 000 теңге


IMG_0922.jpg


Тұрғын үй

Біз ата-аналарымызбен бірге өз пәтерімізде тұрамыз. Мен интернет үшін төлеймін — айына 5000 теңге.

Көлік

Колледжге немесе қала бойымен мен әдетте таксимен немесе автобуспен жүремін. Жалпы айына 30 000 теңге шығады.

Тамақ

Мен түскі асты колледже ішемін, кейде дәмханаға барамын, осыған 15 000 теңге жұмсалады. Үйге айына 20 000 теңгеге азық-түлік сатып аламын.

Ойын-сауық

Айына шамамен 15 000 теңгені мен киноға, боулингке, достарыммен дәмханалардағы отырыстарға жұмсаймын. Сонымен қоса ағылшын тілі курсына барамын, оның бағасы айына 20 000 теңге. 7000 теңгені сұлулық салоны қызметтері мен маникюрге жұмсаймын.

Жинақтар

Мен Алматыдағы пәтерге ақша жинаймын, болашақта сол жерде тұрғым келеді. Ай сайын 30 000 теңгеден ақша бөлемін.



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.