Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanaly-tar-memlekett-k-ba-darlamamen-al-an-p-terler-nde-alay-t-ryp-zhatyr

Астаналықтар мемлекеттік бағдарламамен алған пәтерлерінде қалай тұрып жатыр
465

19.03.2017

Астаналықтар мемлекеттік бағдарламамен алған пәтерлерінде қалай тұрып жатыр

Ернар Сабденов, 29 жаста, туған қаласы — Шымкент, әскери қызметкер

188 көше, Сейфуллин көшесінің басы


6 домов 9 этажки.jpg


Былтыр жұбайым және екі баламмен «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша пәтер алдық. Жалдамалы тұрғын үйге ең бірінші рет 2010 жылы құжат тапсырғанмын. Содан кейін 2014 жылдың мамырында «Жас отбасы» бағдарламасына қайта құжат тапсыруды ұйғардық және 7-8 айдан кейін бізге хабарласып, жарты жылдан кейін пәтер алатынымызды айтты.


Бұл бағдарламаның арқасында біз 1 шаршы метріне 120 000 теңгеден келетін, жалпы құны 6,5 миллион теңгеге 2-бөлмелі пәтерге қол жеткіздік.


Біз бұл үшін «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде» шот ашып, алғашқы жарнасын төледік. Енді айына 35 000 тг төлеп отырмыз.


DSC_1193.jpg


DSC_1207.jpg


Пәтерді әрленген күйінде берді, алайда өзіміз жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Қыста үйіміз жылы, ауданымыз да керемет, ПИК тәртіпті бақылайды, ал аулада балалр ойнайтын алаң бар.




Аягөз Оразбаева, 27 жаста, үй шаруасындағы әйел

«Сарайшық» ТК, Жұмабаев даңғылы


Күйеуіміз екеуміздің бес баламыз бар және бұрын бар-жоғы 16 шаршы метрлік өте кішкентай бөлмені жалдап тұратынбыз.


жк сарайшык.jpg


2016 жылдың 27 мамырында біз «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша пәтер алдық. Біз 2010 және 2014 жылдары құжат тапсырғанбыз, ал 2015 жылдың қыркүйегінде әкімге хат жаздық.


Біздің 2-бөлмелі пәтеріміз үйдің 9-қабатында орналасқан, жанымызда мектеп, балабақша бар.


DSC_1260.jpg

DSC_1252.jpg

Аудан тыныш, барлығы жақсы. Астана қаласының бұрынғы әкімі Әділбек Жақсыбековке және Тұрғын үй департаментіндегі Руслан Ахметовке алғыс айтқымыз келеді.




Лаура Баймағамбетова, 40 жаста, туған қаласы — Семей, технология пәнінің мұғалімі

С-409 көшесі, Сейфуллин көшесінің соңғы аялдамасы


с 409 1.jpg


Мен былтырғы жылдың 4 желтоқсанында пәтер алдым, Жаңа жылға қарай көшіп келдім. 2016 жылдың мамырында «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бойынша құжат тапсырдым. Бұл бағдарлама бюджеттік сала қызметкерлеріне арналған: дәрігерлер, ұстаздар және басқа да санаттар. Шілде айында маған хабарласып, осы бағдарлама бойынша өткенімді айтты, мен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне» бардым және екі-үш күннен кейін менің онда екі миллионға жуық жинақ ақшам болғандықтан, оң жауап келді. Көптеген құжатты жинап, келісім шартты 19 қарашада қолыма алдым.


Көлемі 50 шаршы метр болатын 2-бөлмелі пәтерім 6,5 миллион теңгеге шықты.


DSC_1285.jpg

DSC_1280.jpg

с 409.jpg

Үй өте жылы, кейде жылыту жүйесін сөндіріп қоямыз, ПИК өте жақсы жұмыс істейді: күн сайын жинап, сыпырып, жуып тұрады. Балам үйдің жанындағы мектепте оқиды, арасы бір ғана аялдама, өз оқу орнына үш-бес минутта жетеді.




Тыным Мұратова, 64 жаста, Ұлытау ауданы, медициналық қызметкер

«Сарайшық» ТК, Жұмабаев даңғылы


Пәтерімізді 2016 жылдың қыркүйегінде алдық, ал өтінімді 2008 жылы бергенбіз. Бізге пәтерді «Сарайшық» ТК-нен әрленген күйінде берді. Алайда, бірінші әрленген күйінде тапсырғаны жақсы еді, себебі пәтердегінің бәрін: түсқағаз, линолеум, есіктер, кафельді ауыстырдық. Жаңа жылға дейін жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бірден орналастық.


DSC_1249.jpg


Жобалауына тағатын ешқандай мін жоқ, бірақ баспананың сапасы ақсап тұр. Мысалы, батареялар нормаға сай емес, басында пәтерде үш-төрт секцияға арналған бастареялар болды, сондықтан қосымша орнатуға тура келді.