facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanada-zh-mys-tabudy-3-zholy
logo
Астанада жұмыс табудың 3 жолы

24.04.2017

Астанада жұмыс табудың 3 жолы


«Жұмыспен қамту орталығына» өтініш беру


Өтінім құжаттары:


— жеке куәлік

— еңбек кітапшасы

— білім құжаты (жоғары немесе орта білім туралы диплом)

— ерікті түйіндеме.

«Жұмыспен қамту орталығының» бос жұмыс орындарының ішінен тұрақты жұмыс табуға болады. Жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос жұмыс орындарын мына жерден көруге болады.


Бірақ, Орталық қызметкерлері әр сағат сайын жаңартылатын барлық ұсыныстарды кеңсеге келіп қарастыруға кеңес береді.


Егер сіз қалада тіркеуде тұрған болсаңыз, жұмысқа орналасқыңыз келсе, сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін кәсіби даярлау курстарына алдын ала жазылуға немесе жаңа мамандықты игеру мақсатында қайта даярлаудан өтуге болады. Дәл қазіргі уақытта Орталықта курстар жоқ, бірақ жаңа жобалар жоспарлануда.


Сондай-ақ, өз мамандығыңыз бойынша жастар тәжірибесінен өтуге болады


Бағдарламаға 29 жасқа дейінгі соңғы үш жылдың жұмыссыз түлектері қатыса алады. Практика ұзақтығы — алты ай. Практикадан кейін сізді жұмыс істеген кәсіпорыныңыздың штатына алуы мүмкін немесе «Жұмыспен қамту орталығы» сіз үшін лайықты жұмыс қарастырады.


Және уақытша жұмысқа орналасу. Жұмыс уақытша болғандықтан, орын саны шектелмеген. Бағдарлама ұзақтығы — алты ай.


Ай сайынғы жалақы — кіріс салығы мен зейнетақы аударымын есептемегенде 71 900 теңге


Мекен-жайы: Бейбітшілік к., 25, «Өркен» БО, 201-кеңсе

Байланыс телефоны: call-center: 578 888

курс сұрақтары бойынша: 578 887, 578 895

жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындары сұрақтары бойынша: 578 542, 578 647

жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша: 578 886, 578 894




Мемлекеттік қызметке орналасу


Ең алдымен бос жұмыс орнына жұмыс орны босаған жердегі мемлекеттік органның қызметкерлері үміткер болады. Егер бірінші ағыннан ешкім өтпесе, онда келесі үміткер кез келген мемқызметкер бола алады, тек содан кейін ғана жалпы байқау өткізіледі. Әдетте, жетекші мамандардың қызметіне тестілеуден өткендердің бәрі тапсыра алады.


1. Мем. тіл білімінің және ҚР Заңнамасының тестілеуінен өту

Тестілеу үш бағдарламадан тұрады.


Бәрінен бұрын қазақ тілін білген жөн, алайда тілді білмесеңіз де жұмысқа орналасуға болады


Мемлекеттік қызметке орналаса алмаудың басты себебі — бағдарламаға дұрыс дайындалмау.


Сіз үміткерлікке түсетін қызмет бағдарламаға байланысты.


I санат республикалық тағайындау қызметкерінің қызметіне үміткерлерге сай келеді, II санат облыстарға таратылады. III санат Қазақстанның аудандарындағы қызметтерге таратылады. Бұл бағдарлама басқа екеуіне қарағанда жеңілірек, бірақ III бағдарламадан өткендер I және II санаттағы қызметтерге қатыса алмайды.


Заңнаманы білу тестілеуінің нәтижесі бойынша сертификат беріледі.


2. Жеке қасиеттерді бағалау


Заңдық білім тестінен соң үміткер 20 минут ішінде жеке қасиеттерді бағалаудың автоматтандырылған тестілеуіне жіберіледі.


Көп жағдайда адамдар тестілеудің бұл бөліміне мән бермейді, алайда құжат тапсырған кезде комиссия осыған баса назар аударады. Бағалау аясында үміткердің бастамашылдық, тіл табыса білу, талдай білу, ұйымдастырушылық, этика, сапаға, тұтынушыға бағытталу деңгейі мен жемқорлыққа төзе алмаушылығы анықталады.


Жеке қасиеттерді бағалау нәтижелерінен кейін қорытынды беріледі.


3. Жалпы байқау. Сұхбаттасу


Бұл жұмысқа орналасудың маңызды бөлімі. Комиссияда алдын ала дайындалған сұрақтар да, өзіңізді сипаттап беру сияқты күтпеген сұрақтар да болады. Сіз үміткер болып отырған қызмет саласынан хабардар екендігіңізге комиссияның көзін жеткізуіңіз қажет.


Мемлекеттік қызметтің бос жұмыс орындары облыстар мен аудандар бойынша сағат сайын жаңартылып отырады. Жаңа бос жұмыс орындарын мына жерден қарауыңызға болады.




Ғаламтордан жұмыс табу


hh.kz


HeadHunter жұмыс пен жұмыс берушілерге, жұмыс іздеушілерге құралдарды береді. Сайт іздеушілерінің негізгі аудиториясы — орта және жоғары топ менеджерлері. Қолма-қол модерацияның арқасында жарияланатын түйіндемелердің сапасы қамтамасыз етіледі. Ақпаратсыз түйіндемелер сайтта жарияланбайды.


goJOB.KZ


Бос жұмыс орындары мен түйіндемелердің үлкен базасын сайттың модераторы өз қолымен өңдейді. Бұл қайталанған хабарландырулардың санын мейлінше азайтуға, қажетсізін және күмән тудыратын ұсыныстарды алып тастауға мүмкіндік береді.


hipo.kz


hipo.kz көмегімен кәсіпқойлар Қазақстан мен ТМД компанияларының кәсіби мүмкіндіктерді бақылап, қызықты бос жұмыс орындары туралы білуге мүмкіндік алады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.