facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanada-y-al-ash-y-kapsul-d-ona-y-zh-ne-ony-detteg-ona-yler-nen-ayyrmashyly-y
logo
Астанадағы алғашқы капсульді қонақ үй және оның әдеттегі қонақ үйлерінен айырмашылығы

12.10.2017

Астанадағы алғашқы капсульді қонақ үй және оның әдеттегі қонақ үйлерінен айырмашылығы

Камила Гафурова, 27 жас, туған қаласы – Қостанай, негізін салушы



Kapsula дегені не



Осындай қонақ үйді ашу ойы бұрыннан бері туған. Әрдайым халыққа арнап бірдене қолжетімді ашқым келетін: студенттерге, шағын қаладан келген саяхатшыларға. Себебі қаламызда жайланып тұруға болатын қонақ үйлер тым қымбат.


109852466.jpg


Біздің логотипімізде панда бейнеленген, себебі ол көп ұйықтайды. Басында біз ленивецті таңдағанбыз, оның суретін салдық және сол суретте қандай жануар бейнеленгені жайлы таныстарымызды және қызметкерлерімізді сұрастырдық. Көбісі түсінбей, бұл ит немесе аю деп ойлап қалды, Қазақстанда ленивец – көпшілікке танымал емес жануар. Сондықтан біз сүйкімді және бүкіліне танымал пандада тоқталдық.



Қонақ үй қалай жасалған



Біздің қонақ үйіміздің әдеттегі конақ үйлерден негізігі айырмашылығының бірі – біздің қонақ үйімізде тоқталған қонағымыз артық аудан үшін төлеуге мәжбүр болмайды. Бірақ бүкіл жағдайлар жасалған және үлкен емес жеке кеңістік бар. Бізде дәретхана мен душ бөлмесі ортақ,бірақ Kapsula- да біз лайықты жағдай ұсынамыз. Мысалы, біз қонақтарымыз үшін халықаралық деңгейдегі қонақ үйлердегідей қымбат майлық пен қағаз сатып аламыз. Әрине, біздің сантехникамыз, жиһазымыз,фурнитурамыз қымбат. Біз осындай заттарда ақшаны үнемдемедік,себебі өзіміз осындайға үйреніп қалдық. Біз матрастарға көп ақша салдық. Біздің техникалық қызметкерлеріміз күні бойы жұмыс істейді,алайда осындай шағын ауданды күні бойы жинаудың қажеті жоқ. Бірақ біз ісіміздегі барлығының мінсіз болғанын қажет етеміз,сондықтан бүкілі 20 минут сайын сүртіледі және жиналады.


IMG_6386.jpg


IMG_6382.jpg


Әдетте хостелдерде белгілі ережелер бар, мысалы, сағат 11-де шам сөндіріледі, 12-ден кейін кіру мүмкін емес. Бізде осындай жоқ, өз капсуланызда сіз шамынызды қоса аласыз және,ешкімге кедергі жасамай,өз ісінізбен айналысып,кітап оқып,кинонызды көре аласыз.


Бірақ қауіпсіздік ережелін және тәртіпті біз қатал сақтаймыз. Бүкіл жерде камералар орнатылған, қонақтарда арнайы чиптер бар,сондықтан бөтен адам кіре алмайды.


109861932.jpg


IMG_6492.jpg


Қонақ үйдің төбесі биік,сол себептен біз фойеде екінші қабат орнаттық,сол жерде бізде топчан орналасқан. Шетелден келген қонақтарымыз біздің мәдениетімізге батуы үшін, біз сол жерді ұлттық стильде безендіруді жоспарлаймыз. Дастархан,көрпелер,ұлттық кәдесыйлар – адамдар жайғасып,әңгімелесе алатын бұрыш болады деп ойлаймыз.


IMG_6430.jpg


Біздің қонақ үйімізде бір тәулік бойы ортақ бөлмеде тұру 5000 теңге,ал екі адамға есептелген бөлмеде – 10 000 теңге. Осы бағаға ас үйде болғанның бүкілі кіреді: печенье, шоколадтар,шай, кофе, қант,сүт, осыдан бөлек, орамал,жолжүкті сақтау,интернет. Егер қажет болса,қосымша ванналық керек-жарақтар сатылады. Қажетті уақытында қонақты оята аламыз, қажет болса такси шақыртып немесе әуежайда,вокзалда қарсы аламыз.



Заманауи бизнестің қиыншылықтары




IMG_6481.jpg

Капсуланы қалай жасайтынын ойлап табу біздің негізгі қиыншылығымыз болды. Басында біз жапон капсулаларына тапсырыс жасауды ойластырдық. Бірақ кейін оларды осы жақта жасауға шештік. Сонда да біз жапон капсуласын үлгі түрінде қолдандық, бірақ көлемін үлкейттік. Жапондықтар қазақтардан кіші ғой. Біздің капсулаларымыздың ені 110 сантиметр, ал ұзындығы 230 сантиметр. Басында біз бір тестілік капсула жасадық: металды каңқасын жасадық,жан-жағын әдіптедік, содан соң өзіміз капсулаға кіріп, ішінде өрмелеп жүрдік,нәтижесі бізге ұнады.Тағы біз былғарыдан жасалған артқы арқаулығын қостық. Егер адам ,мысалы,көп уақыт бойы капсулада отырып,компьютерде жұмыс істегісі келсе,бұл өте ыңғайлы. Сол жерде жайғасуға болады,себебі капсуланың іші кең.


Біз осы жылдың шілде айында ашылдық, және Қазақстан үшін осындай формат – бұл жаңалық


Тағы бір қиыншылық – әр жаңа клиентке капсульді қонақ үй дегені не екенін түсіндіруге мәжбүр боламыз. Біз осы жылдың шілде айында ашылдық, және Қазақстан үшін осындай формат – бұл жаңалық.



Kapsula қонақ үйіне келушілер




IMG_6454.jpg

Қазіргі кезде сараптама бойынша біздің қонақтарымыздың шамамен жартысы – бұл іссапарға келгендер мен студенттер,ал екінші жартысы – туристтер.


Бізде бір рет қызықты жағдай болды: бізге университетте лектор болып жұмыс істейтін жасы үлкен әйел келді. Ол кешке қарай келді, ал қонақ үйді оған университеттің өкілеттері броньдап қойды. Ол абыржып қалды, бізде қалғысы келмеді,бірақ бір кешкі шараға асығып тұрған себебінен,оның басқа амалы болмады. Ол бізде өз киімдерін кетті ,ал қайтқанда,уақыт кеш болған соң қала салды. Таңертен оянып,бізге ұйықысын тамаша қандырғаны туралы айтып берді. Оның айтуынша,бізде тыныш,көліктердің гүрілі жоқ,ешкім мазаламады, оған өте ұнады. Сонымен қоса адам көп жағдайда күн сәулесінен оянады, ал бізде күн сәулелері кедергі жасамайды. Тағы біздің гипоаллергенді және жайлы матрастарымызды мақтады.


Капсулді қонақ үйлерде көп жағдайда іссапарға келген немесе бір-бірлеп саяхаттайтын жалғыз-жарым жолаушылар тоқталады. Олар осы жаққа келген себебі,осы жерде бүкілінен жабылып, жұмыс істеп,кино көріп,ұйықтай алады немесе өз-өзімен оңаша қала алады. Ал жалғыздықтан жалығып қалғанда,олар ортақ залға шығады және басқа қонақтарымызбен сөз алмаса бастайды.


Бізде 15 жыл бойы нон-стоп саяхаттайтын әйел тоқталады, осыған дейін ол Қазақстанға 3 рет келді


Бізде 15 жыл бойы нон-соп саяхаттайтын әйел тоқталады, осыған дейін ол Қазақстанға 3 рет келді. Өткен аптада бізде ақшасыз саяхаттайтын Испаниялық ер адам мен италиялық әйел тұрды. Оларда камера,ұялы телефон, ноутбук және өз сайты бар. Олар алдын-ала қонақ үйлермен,дәмханалармен және олардың барғысы келген жерлермен байланысады. Келіп,тегін тұрады,ал содан соң сол қонақ үйлер мен мекемелер жайлы өз сайтында жазады. Олардың айтуынша,олар қажетті заттарына айына тек 30-40 евро жұмсайды.


IMG_6476.jpg


Біздің ең үлкен қонағымыз шамамен 75 жаста болды, ол қызымен бірге келді. Біз таңқалдық,ал оған бүкілі ұнады.



Қызмет көрсету жайлы



Kapsula қызметкерлері ағылшын тілінің жоғары деңгейіне ие, сондықтан шетелден келгендерге бізде тоқталу ұнайды. Өкінішке орай, көбісі келіп,Астанада ағылшын тілі қатты дамымағанына зарланады. Көп адамдар шетелдіктерді түсінбейді. Сондықтан оларда қалада бір түсініксіз қиын жағдайлар туған кезде,олар бізге қоңырау шалады.


Бізге қонақтарымызға көмек көрсетуге қиын емес


Бізге қонақтарымызға көмек көрсетуге қиын емес. Бір рет Голландиядан келген әйел бізге келіп,кейін таксимен Бурабайға кетті. Ол сол жақтан қайтқанда,тас жолда көлік сынып қалды. Ол маған қоңырау шалды ,алмен күйеуіммен бірге артынан барып,оны алып кеттім.



Жоспарларымыз жайлы



Қазақстандағы адамдар үшін қонақ үйде ең бастысы – бұл ұйықтау. Ал Еуропада немесе Оңтүстік-Шығыс Азияда адамдар туризм мәдениетін тану үшін саяхаттайды. Келесін, танысасын,ал кейін осы адамдар тобымен бірге сол ел жаңалықтарымен танысуға аттанасын. Олар қонақ үй айналасында комьюнити жасайды. Көптеген қонақ үйлер сол жерде тамаша комьюнитинің болғандығымен бағаланады. Маған дәл осындайды Қазақстанда жасағым келеді.


Бізге басқа облыстардағы отандастарымыз үшін Астанаға бюджеттік турларды ұйымдастырғымыз келеді. Себебі ішкі туризм міндетті түрде дамуы керек,өйткені әр қалада,өңірде,тіпті шағын ауылда өзінің қызықты мәдениеті бар. Ал Астанада қазір біздің отандастарымызға ең бірінші болып көруге міндетті көптеген жерлер бар. Адам демалысқа келгенде,оның тамағы,тұруы,экскурсиясы және жолы 30-35 000 теңгеден аспайтындай. Бұл жай адамға арзан емес,бірақ сонда да осындай соманы жинап алуға болады.



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.