facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanada-y-3-dos-picca-zhetk-zu-zh-mysyn-alay-bastady-olardy-da-darystan-ne-t-ardy-zh-ne-ala-t-r-yndaryna-anday-zha-a-akciya-oylap-tap-andary-turaly
logo
Астанадағы 3 дос пицца жеткізу жұмысын қалай бастады, оларды дағдарыстан не құтқарды және қала тұрғындарына қандай жаңа акция ойлап тапқандары туралы

10.12.2017

Астанадағы 3 дос пицца жеткізу жұмысын қалай бастады, оларды дағдарыстан не құтқарды және қала тұрғындарына қандай жаңа акция ойлап тапқандары туралы

Аблай Газизов, 26 жаста, туған жері — Көкшетау

Бахтияр Каюпов, 26 жаста, Зеренда ауылы

Данияр Калдыбаев, 26 жаста, туған жері — Шымкент



Барлығы қалай басталды



Абылай. Бизнес бастау идеясы бұрын пайда болды.


1.jpg


Бахтияр. Абылай екеуміз АҚШ-на барып келдік. Бұл ел көптеген нәрселерге көзімізді ашты. АҚШ-та біз ең дәмді пиццаның дәмін көрдік. Ол жақта қоғамдық тамақтану жерлерінде жұмыс істеп, осы саланың әлеуетін бағалай алдық. Біз қайтып келгенде, пиццерия ашу идеясы болған еді, бірақ ол кезде әлі оқушы едік, ақшамыз да жоқ еді.

Абылай. Данияр мен Бақтиярдың жеке және бірлескен бизнесте тәжірибелері бар. Ал, мен қарапайым жұмыста істейтін адаммын.


2.jpg


Данияр. Мен университеттің екінші курсында оқығанымда пицца жеткізуді бастаған едім. Бірақ, жалғыз болғандықтан тез жабылдым.

Жалпы, біз Астанада қызмет пен бәсекенің жоқтығын түсіндік. Айына бір рет ақша төлейтін шартпен істеп тұрған пиццерияны қолымызға алдық.



Amigo pizza деген не



Данияр. Біз үшін Amigo pizza өміріміздің бір бөлігі. Біздің пиццерия — екінші үйіміз, өйткені мұнда көп уақытымызды өткіземіз.


3.jpg


Абылай. Бұрын мен сегіз сағаттық жұмыста істейтінмін, жұмыстан босаған кезде үйге барып, өз шаруаларыммен айналысатынмын, отбасыммен және достарыммен бірге өткізетінмін. Мен жұмыстан басқа, бәрін ойладым. Өз ісіміз көзқарасымда өзгертті. Қазір біз көп жұмыс істейміз. Жұмыстан шыққанның өзінде жұмыс туралы ойлауды жалғастырамыз. Бұл біз үшін ақша табу ғана емес. Біз күнделікті жұмысымыздан рахат аламыз, қызықты әрі, жаңа нәрселерді білеміз.

Бахтияр. «Жақсы сапа қол жетімді бағамен» — бұл біздің басты мақсатымыз. Біз немен айналысатынымыз туралы айтудан ұялмаймыз, өйткені оны адал атқарамыз.

Абылай. Amigo pizza - достарға арналған пицца, бұл ұран арқылы клиенттерге деген көзқарасымыз бен пиццамыздың қалай жасалатынын түінуге болады.



Пицца туралы



Бахтияр. Сапа мен баға бойынша біздің пицца — Астанадағы ең жақсы пиццалардың бірі. Яғни, біз қойған бағаға сіз жақсы, дәмді пиццаны сатып ала аласыз. Біз пиццаны жаңа, сапалы ингредиенттерден дайындаймыз. Мысалы, ірімшіктен жасалған өнімді емес, ірімшіктің өзің пайдаланамыз. Бұл міндетті түрде моцарелла.


4.jpg

Абылай. Бізде пиццаның 22 түрі бар. Олардың он жетісі 1600 теңгеден, ал бесеуі қымбаттырақ.


Данияр. Бір күнде тапсырыстың орташа саны - 500 пицца. Бұл бизнесте бүгінгі қанша тапсырыс берілетінін болжау қиын. Жұмыс күндері демалыс күндеріне қарағанда аздап аз тапсырыс беріп отырғаны анық. Бірақ кейде дүйсенбіде де үлкен тапсырыстар жасайды.



Тапсырыстарды қабылдау және жеткізу туралы



5.jpg

Абылай. Тапсырыстарды өзіміз қабылдаймыз. Біз бұнын қалай жұмыс істейтінін, клиенттерді сезінгіміз келді. Біз қабылдауды ұзақ жасайтынымызды түсінеміз. Ол уақытта басқа клиенттер қоңырау шалуы мүмкін, бірақ біз бір клиентімізге бәрін түсіндірмейінше, тапсырыс қабылдай алмаймыз. Әңгімелесу барысында біз курьердің қате жібермеуі үшін көптеген мәліметтерді сұраймыз. Біз курьерге жаман қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейміз. Кейде біз маршруттың өзін жоспарлап береміз. Клиенттен екі ұялы телефон сұраймыз. Біз қанша ақша қайтару екендігін де сұраймыз. Бұның бәрін клиенттің тапсырысты мүмкіндігінше жылдам алуы үшін жасаймыз.

Данияр. Астананың барлық жерлерінен тапсырыс береді. Сіз пицца жеткізетін мекен-жайда сіздің бәсекелестеріңіз болса да, клиенттер сізден тапсырыс бергендері қатты қуантады.


6.jpg


Біз кері байланысты қадағалаймыз. Өз клиенттерімізбен үнемі байланыста болуға тырысамыз, жеткізу сапасы туралы пікірлерін сұраймыз. Көп тапсырыстар болған күндерден кейін кері байланыс алу өте маңызды. Өйткені, мұндай өндіріс ағымымен бір нәрсе жіберіп алуымыз мүмкін. Біз үшін 750 пицца сатқанымыз емес, тапсырыстың сапалы болуы маңызды. Сондықтан ескертулерді әрқашан ескереміз және оларды тез шешуге тырысамыз.



Қалай тез танымал болдық



Данияр. Біздің танымал болуымызға маркетинг, бірнеше байланыс арналарын максималды түрде қолдану және сапалы қызмет көрсету көмектесті. Сонымен қатар, біз әртүрлі тәсілдермен клиенттеріміздің көңілінен шығып, оларды сақтап қалуға тырысамыз.

Абылай. Қаржылық қиындықтар қалада танымал болуымызға көмектесті. Дағдарыс жақсы идеяларды тудыруға көмектесті. «3500 теңгеге 3 пицца» жарнамасы үлкен сұранысқа ие болды және банкроттың шегіне жеткен кезде бізді түбінен көтерді. Бұл жарнама әлі күнге дейін жұмыс істеп жатыр.



Жас кәсіпкерліктің қиындықтары



7.jpg


Абылай. Бірінші қиындық - бұл істі дамыту үшін бюджеттің болуы, екіншісі - уақыт, ал үшінші - кадрлар.

Данияр. Штатымызда 20-дан астам адам бар. Бізде курьерлік серіктестер де бар. Тапсырыстар тым көп болғанда өз курьерлеріміз үлгермесе, олар бізге көмектеседі.

Бахтияр. Шеф-аспаптармен біраз қиындау, курьерлерді оқыту және табу оңай. Бірде курьерлеріміз немесе аспаздарымыз болмаған күндер де болған. Сонда біз, үшеуіміз, ас үйге кіріп, барлығын өзіміз пісіріп, тапсырысты жеткізетінбіз. Бұл жұмысқа жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде жақсы көмектеседі. Бұл тәжірибе бүкіл процесті ішінен көруге мүмкіндік берді және енді сұрақтарды теориядан емес, тәжірибеден сұрай аламыз. Дегенмен, қызметкер жұмысқа келмеген кезде, басында уайымдап, оны іздейтінбіз. Ал қазір ондай адам ешқашан болған емес деп ойлап, жұмысымызды жалғастыра береміз.



Amigo pizza артықшылықтары




8.jpg

Данияр. Қазір жеткізу уақыты бір жарым сағатқа созылу мүмкін екенін ескере отырып, біз өте жылдам жеткіземіз. Біз клиенттерімізбен адал жұмыс істейміз және біз оларға жеткізілетін уақытты хабарлаған сәттен бастап, уақытылы жеткізіетініне кепілдік береміз.

Бахтияр. Сондай-ақ, пиццаның ыстық күйіне жететініне көз жеткіземіз. Менің ойымша, тұтынушыларға ыстық пиццаны алу ұнайды. Бұл үшін бірнеше кезеңнен өттік. Бастапқыда қарапайым қытай термопакеттері мен термосеттерді қолданатынбыз. Енді біз екі қабатты қорғанысы бар кәсіби деңгейдегі сөмкелер сатып алдық.

Абылай. Сондай-ақ, біздің қорапты әдемі болып, клиенттерімізді қуанту керек екенін бірден түсіндік. Сондықтан әр жарты жыл сайын біз қораптың дизайнын өзгертеміз. Жаңа жыл қарсаңында біздің қораптарымызда тамаша бұғы пайда болды. Бұған біраз уақыт қажет, бірақ біздің клиенттерімізді осы еңбегіміз қаншама эмоцияға бөлейді.



Жоспарларымыз жайлы



9.jpg

Абылай. 1 желтоқсаннан бастап біз әлі Қазақстанда болмаған жаңа акцияны бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл бірегей нәрсе болады. Онда 3 пиццаның бағасы бойынша сіз 6 түрлі дәмді сатып ала аласыз. Яғни, бір пиццада екі дәм болады.

Данияр. Біз жергілікті ойыншылар болғымыз келмейді. Мақсатымыз тек ақша табу емес, біз бәсекелесуге, күресуге дайынбыз. Желі құрғымыз келеді, Ресей нарығына шығамыз. Әрбір қалада достарымыздың болғанын, франчайзингті сатуды жоспарлап отырмыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.