facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanada-nail-salon-ashyp-b-r-zhyl-a-da-zhetpey-klientter-sanyn-aptasyna-400-adam-a-dey-n-alay-arttyru-a-bolady
logo
Астанада Nail салон ашып, бір жылға да жетпей клиенттер санын аптасына 400 адамға дейін қалай арттыруға болады

18.01.2018

Астанада Nail салон ашып, бір жылға да жетпей клиенттер санын аптасына 400 адамға дейін қалай арттыруға болады

Адина Ногоспаева, 23 жаста, туған жері — Қарағанды, негізін қалаушы


Қалай басталды



DSC_4008.jpg


Малайзияда «Халықаралық бизнес» мамандығы бойынша оқысам да, өмірімді бизнеспен байланыстырамын деп ойлаған жоқпын. Кейін Лондонға «Болашак» бағдарламасы арқылы магистратураға түсіп, адам ресурстарын басқаруды оқыдым.

Қазақстанға келгенімде бір нәрсемен айналысуға қатты құлшындым. Сол кезде, тұрмыс құрайын деп жатқан едім, ата-анама қыз ұзату тойын жасамай, сол ақшаға бизнесімді қолдауларын сұрадым.

Алғашқы капиталым 10 000 доллар болды


Бастапқыда, тамақтану саласында жаңа орын ашқым келді. Бірде күйеуім мені сұлулық салонынан алып кеткен еді, үйге бара жатқан жолда Nail салонының қаншалықты тиімді екенін санап көруге шештік. Сол кезде осы бизнесті ашу идеясы келді. Одан кейін, орын тауып, жалға алуды бірнеше айға алдын ала төлеп қойып, жөндеу жұмыстарын жасадық.

Мен студиямыздың өз қызметтерімен пайдалы болғанын қаладым. Адамдар бір уақытта бірнеше қызмет ала алатындай болуы керек. Осылайша, 2017 жылдың мамыр айында алғашқы The Nail Kitchen London студиямыз ашылды.


The Nail Kitchen желісі жайлы


Осы жарты жылдың ішінде мен серіктестеріммен үш студия аштым. Көбісі, біз франшиза арқылы жұмыс істейміз деп ойлайды, бірақ олай емес. Мен бұл бизнесімнің отбасымда қалғанын қатты қаладым, сондықтан менің серіктестерім анам мен күйеуімнің апасы болды.

DSC_4011.jpg

DSC_4016.jpg

Біздің қағидаларымыз бен дәстүрлеріміз, жұмысқа деген көзқарастарымыз — бір, бірақ әр студияныі стилі әлемдегі әйгілі қалалардың біріне жасалған. Алғашқы The Nail Kitchen London — бір жарым сағатта екі қызымет көрсетіп, уақытыңызды үнемдеуге көмектесетін экспресс-маникюр мен педикюр студиясы. Екіншісі — Paris, оның жетекшісі — күйеуімнің апасы. Үшінші студия — The Nail Kitchen Marrakesh. Бұл студияның жетекшісі менің анам. Оған бұл іспен айналысуды ұсынған кезімде, ол күмәнмен қарады, бірақ қазір зі қызығып кетті. Ол маникюр туралы мастерлардан да көп біледі. Жаңа қызметтерді дамытумен айналысады.

Біздің ұстанымымыз — клиент әрқашан дұрыс айтады. Мен мастерларға жұмыста бастысы клиенттермен дұрыс қарым-қатынас құру екенін түсіндіремін. Әйел адам процедураларға келгенде демалғысы келеді. Яғни, біз клиентке тек сапалы жұмысты ғана емес, сонымен қатар жақсы көңіл күй, жақсы әуен сыйлауымыз керек.

Басты ұстанымдарымыздың бірі — қызметтеріміздің тазалығы


Біздің салонда инструменттер төртдеңгейлі тазалаудан өтеді. Бұл біздің артықшылықтарымыздың бірі, өйткені біз құралдардың жүзпайыздық тазалығына кепілдік береміз.

DSC_4013.jpg

Үшінші ұстанымымыз — қызметкерлерімізді студия жұмыскерлері емес, біздің серіктестеріміз ретінде қабылдап, көрсету. Біз мақсаттарымызды талқылау үшін жиі жиналыстар өткізіп тұрамыз. Және ірдайым өз қызметкерліріміздің пікірін ескереміз. Қызметкерлерді таңдауға өте мұқият қараймыз, олардан жауапкершілікті талап етеміз.

Nail студия ретінде, біз тек стандартты қызметтерді ғана емес, сонымен қатар көп уақыт тұратын гельді, қол мен аяқтың күту процедураларын ұсынамыз. Бізде Астнааның ешбір студиясында көрсетілмейтің қызметтер бар. Мысалға: япондық маникюрь, Halal маникюрь, коллаген арқылы жасалатын жасартатын маникюрь, Mavala швейцариялық өнім арқылы жасалатын маникюрь және SPA-процедураларын ұсынамыз.

Қазір тағы бірнеше қосымша қызметтеріміз пайда болды.


Жарнама туралы



DSC_4037.jpg


Жарнаманың басты түрі — Instagram желісіндегі парақшамыз. Бастысы клиентке не ұнайтының түсініп, посттарды уақытылы салу. Әр фотоның астында біз мастердің аты мен қызметтің бағасын жазамыз. Қызықты, пайдалы, ақпартты нәрселерді салуға тырысамыз. Сонымен қатар, «мастермен танысу» деген бөліміміз бар.

Бәрінен гөрі «Сарафанное радио» жақсы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, менің улкен аудиториялары бар құрбыларым көп, олар біздің салонды ұнататындықтан өз парашаларында бізді жарнамалайды.

Қазір біз аптасына үш салонда 400 адамға дейін және айына 1000 астам адамды қабылдаймыз


Біз клиенттермен қарым-қатынаста болуға тырысамыз, түрлі конкурстар өткіземіз. Көбінесе сертификаттар ойнатамыз. Жаңа Жылдың алдында лотерея ойнаттық.

Қазір аптасына үш салонда 400 адамға дейін және айына 1000 астам адамды қабылдаймыз.

Жоспарымзда адам санын аптасына 600-700 адамға дейін көбейту.


Қиындықтар жайлы


DSC_4024.jpg


Ең басты қиындық қызметкерлерді таңдауда болды. Бастапқыда, енді ашылғанда, жұмыс орындарына үміткерлер кезекпен тұрады деп ойлағанмын. Алайда, олай болмай шықты. Барлығы қызметкерлерге байланысты, өйткені бір ғана жалғыз теріс пікір 10 немесе 20 адамның ойын өзгерте салуы мүмкін, ал бір жақсы пікір тек 2 адамды алып келеді. Бастапқыда, сыни пікірлер көп болатын, бірақ бұл жақсы, өйткені жігерлендіре түсесің. Біз әрдайым жаңа процедураларды енгізуге, қызметкерлерімізді дамытуға тырысамыз.

Тек қызметкерлерді ғана емес, әкімшілікті де таңдау өте маңызды. Өйткені біздің қызмет көрсетуіміз клиенттің босағаны аттағанынан басталады. Клиентті жылы қарсы алып, шай, кофе, тәттілер ұсыну керек. Бұнын барлығы жақсы бонус ретінде есептеледі.

Екінші қиындық — өнімдер. Біз түрлі өнімдерді қолдандық, нәтижесінде қазір Германияда өндірілетін, Александра Лебедеваның өнімдерінде тоқтадық. Сонымен қатар, голландық Oniq және Diva өнімін қолданамыз.


Жоспарлар жайлы


Біз клиенттердің қалауын ескереміз, және қазір бізге сол жағалау жақта Мәңгілік ел ауданында студия жетіспейтінін түсінеміз. Сондықтан орын мен инвестиция іздеудеміз, көктемде төртінші студиямызды ашуды жоспарлап отырмыз.

Көбісі бізге франшиза сатуға кеңес береді, бірақ біздің стандарттар әлі нақты қрйылмаған, және қазіргі кезеңде өзінің ісінді басқа біреуге сеніп тапсырғым келмейді. Әзірше асықпаймыз, біраө болшақта жоспрамызда бар. Қазір көрсетілетін қызметтер түрін арттыруды және сервисті дамытудамыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.