facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
anuar-talipov-z-n-60-kompaniyany-abyldama-any-zh-ne-seuldeg-google-ke-ses-ndeg-zh-mysy-zhayly
logo
Ануар Талипов өзін 60 компанияның қабылдамағаны және Сеулдегі Google кеңсесіндегі жұмысы жайлы
Главный (каз)

14.11.2022

Ануар Талипов өзін 60 компанияның қабылдамағаны және Сеулдегі Google кеңсесіндегі жұмысы жайлы

Ануар Талиповтың Сеулдегі өмірі туралы айтамыз.


Ануар Талипов, 23 жаста, қаласы — Сеул, Google-де Software Engineer, @call_me_anchik

Ануар Талипов.jpg

Қоныс аудару туралы


Мен Кореяға алғаш рет 2016 жылы в Korea Advanced Institute of Science and Technology институтына оқуға түскен кезде келдім.
Рейтингісі жақсы әрі қаржылық жағынан қолдайтын университеттерді таңдадым, себебі мен біреуге тәуелді болмауға тырыстым. KAIST – стипендиясы бар грант беретін және ағылшын тілінде оқытатын университеттердің бірі. Шақырту алған кезде мен қуана-қуана жолға шықтым.

Жаңа өмірге бейімделу және қиындықтар туралы


Кореядағы шетелдіктер үшін ең үлкен қиындық – тіл.
Өйткені онсыз кейбір қызметтерді ала алмайсың және күнделікті шаруаларыңды да шешу қиын. Кәріс тілі біз мектептерде оқитын ешбір тілге ұқсамайды. Дегенмен бұл елдің мәдениеті танымал бола бастағандықтан, бұл жаққа келгенге дейін тілді үйреніп алу қиынға соқпайды.

Біріншіден, елде бәрінің де автоматтандырылғанына үйрену керек. Кореяда барлық қызмет түрлері телефон нөміріне тіркелген, сондықтан оны келген кезде бірден сатып алуға кеңес беремін.

Ануар Талипов об адаптации.jpg

Мен жергілікті тамаққа ұзақ уақыт үйрендім. Ол ТМД-дан келген адамдар үшін ерекше болуы мүмкін. Егер сізде диеталық шектеулер болса, абай болған жөн. Айта кету керек, Кореяда тамақ және азық-түлік жеткізу қызметтері көп: тек халал өнімдерін сататын онлайн-дүкендер де бар.

Бәрі қымбат болып көрінуі мүмкін, сондықтан жеткілікті ақшамен келуге кеңес беремін.

Мені инфрақұрылымның дамып кеткені таңғалдырды. Көлік жүйесі минут-минутымен дәл жұмыс істейді. Қоғамдық көліктің барлық түрінде, таксиден бастап пойызға дейін төлем жүйесі біреу ғана.

Сеулде кассирсіз дүкендер және мейрамханада тапсырыс әкелетін роботтар пайда бола бастады.

Жаңа ортада таныстықтар орнатып, басқа адамдармен араласу өте маңызды

Жергілікті халықтың сыпайылығы мен риясыздығы тәнті етті. Мен не істеу керектігін түсінбеген кезде өтіп бара жатқан адамдар әрқашан көмектесетін.

Егер сіз Кореяға көшетін болсаңыз, мен сізге базалық кәріс тілін үйренуге кеңес беремін. Тіпті алфавит пен негізгі сөз тіркестерін үйренсеңіз де, өміріңізді едәуір жеңілдетесіз.

Жаңа ортада таныстықтар орнатып, басқаларымен араласу өте маңызды. Мен Отанда қалған достарым мен туыстарымсыз қаншалықты қиын болатынын білдім, сондықтан келе сала әлеуметтік тұрғыдан белсенді болдым. Менің жолым болды: бастапқы кезде қоныстануға көмектескен таныстарым табыла кетті.

Дамуы және мансабы туралы

Мектепте информатика пәнінен олимпиадаларға белсенді қатысып жүрдім. Университетте ACM ICPC сияқты халықаралық жарыстарда командамен бірге жарыстым. Олимпиадалық есептерді шешу дағдысы сұхбат барысында көмектесті, өйткені көптеген IT-компаниялар үміткерді бағалау үшін алгоритмдік есептер шығартады.

Үздік компанияларда жұмыс істегісі келетіндерге осындай есептерді шешуге кеңес беремін. Кез келген уақытта – мектепте, университетте немесе жұмыс істеп жүріп те дайындалу кеш емес. Менің достарым мен таныстарым соңғы курстарда дайындалып, Amazon, Yelp, Google және Facebook сияқты компаниялардан жақсы ұсыныстар алды.

Ануар Талипов о работе.jpg

Университетте өзімнің қай бағытта дамығым келетінін білмедім. Сондай күндердің бірінде мен бағдарламашы боламын деп шештім, алайда түйіндемемде ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе жоғын түсіндім. Жұмысқа тұру мүмкіндігін арттыру үшін бірнеше тағылымдамадан өту қажет еді. Алғашқы тағылымдамам үшін мен түйіндемені барлық жерге жібердім. Тіпті рекрутерлерге тапсыру үшін оларды job fairs-те басып шығардым. Көбісі қабылдамады, алайда досымның ұсынысы бойынша бір компанияға орналастым. IT саласында ұсыныстар жақсы көмектеседі, өйткені түйіндеме көп жағдайда жұмыс берушіге жетпеуі мүмкін. Бірінші тағылымдамадан кейін басқаларды табу оңайырақ болды.

Еңбек жолын IT саласымен байланыстырғысы келетіндерге жаңа нәрселерге шабыттандыратын, ынталандыратын және үйрететін энтузиастармен араласуға кеңес беремін. Осы мақсатта мен KAIST-те студенттер клубын құрдым, онда студенттер өз тәжірибелерімен бөлісетін.

Google-де тағылымдамадан өту үшін мен тоғыз рет өтініш беріп, оныншысында қабылдандым

Сондай-ақ қабылдамады деп мойымаңыз, одан да бірден бірнеше компанияға өтініш беріңіз. Еңбек нарығында жұмысқа тұрғысы келетіндер өте көп, сондықтан компаниялар өтініштер ағынын жеңе алмайды. Үшінші курста екі тағылымдамадан өтсем де, 60-тан астам компания мені қабылдамады. Google-де тағылымдамадан өту үшін мен тоғыз рет өтініш беріп, оныншысында қабылдандым.

Жұмыс табу үшін сұхбаттасу дағдыларын дамытып, сұранысқа ие бағдарламалау тілін үйреніңіз. Soft skills, коммуникация дағдылары туралы да ұмытпаңыз. Мен америкалық командалармен жұмыс істеймін және олармен email арқылы мүмкіндігінше анық және түсінікті болатындай хабарласып отыруым керек.

Ануар Талипов о работе .jpg

Мен Google-дің Сеул кеңсесінде бағдарламашымын. Біз Machine Learning үшін платформа жасап жатырмыз. Оның көмегімен біз инженерлер мен зерттеушілердің машиналық оқыту алгоритмдерін құру процестерін жеңілдеткіміз келеді.

Machine Learning – компьютерлік ғылымдар саласы. Мақсаты – машинаны деректерге негізделген адам ретінде әрекет етуге үйрету. Бұл сала қазір өте танымал. Көптеген компаниялар осы бағытта дамып келеді.

Google-дың мәдениеті баршаға ашық. Компания бақытты қызметкерлердің өнімділігі де жоғары болатынын біледі. Сондықтан олар тек бағдарламалау дағдыларына ғана емес, ұжыммен қандай қарым-қатынаста болатыныңа да қарайды. Google жұмысқа өтініш беруден бастап кеңсе кампусындағы тамақтануға дейінгі процестерді орындау арқылы қызметкерлерді артық міндеттемелерден босатады. Басшылық адамдармен және қоршаған ортамен ашық қарым-қатынас жасайды және оларға қамқорлық етеді.

Қоныс аудару қалай әсер етті

Мен ашық-жарқын бола бастадым, көп нәрсеге түсіністікпен қарайтын болдым. Әртүрлі елден келген көптеген достар таптым.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.