facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
amerikandy-azamatsha-skemendeg-m-r-zhayly-nege-ol-ytaydy-alalaryna-saydy-zh-ne-ony-avtobusaryn-ne-sh-n-zha-sy-k-red
logo
Американдық азаматша Өскемендегі өмірі жайлы: неге ол Қытайдың қалаларына ұқсайды және оның автобусарын не үшін жақсы көреді

Xingyue Sarah He (Щингюе Сара Хи)

27 жаста, туған жері — Кэри, Солтүстік Каролина, ағылшын тілінің оқытушысы

18.03.2018

Американдық азаматша Өскемендегі өмірі жайлы: неге ол Қытайдың қалаларына ұқсайды және оның автобусарын не үшін жақсы көреді


Өмірі жайлы


umbrella.JPG

Мен Қазақстанға Fullbright бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штаттарынан келдім. Қазіргі таңда Өскеменде ағылшын тілін оқытып жүрмін.

Қазақстанды таңдауымның бірнеше себебі болды. Мен университетте орыс тілін оқыдым, сондықтан адамдары орыс тілінде сөйлейтін елге барғым келді. Одан басқа, Қазақстан — Қытаймен байланысы бар бірден бір мемлекет. Бұл мен үшін аса маңызды. Өйткені, шыққан тегім — қытайлық. Қазақстанды таңдауымның тағы бір себебі: сіздердің мемлекеттеріңіз болашақта үлкен жаһандық әсерге ие болады, сондықтан осы трансформацияның басында менің де болғым келді. Қазір үлкен әлеуеті бар, жас мемлекет, Қазақстан үшін ғажайып кезең.

Қазақстанға келер алдында мен сараптама жүргіздім және Өскемен қаласының облыстың өнеркәсіптік орталығы және астанасы екенін жақсы білдім. Сондай-ақ бұл қала Қытайдағы ата-анамның туған қаласын есіме түсіреді. Кеңестік, коммунистік қала, бетондық блоктарға толы және ескі дүкендері де бар. Мұнда адамдар мен күткеннен әлдеқайда космополит. Мені бұл таңқалдырды.

Қиындықтар әрине тілге байланысты болды. Менің орысшам керемет емес. Азық-түлік немесе қысқы етік сатып алар кезде бұл үлкен қиындық туғызатын.

library.jpg

Мен үлкен азық-түлік сататын дүкендерден алыс тұрамын, сондықтан керек жарағымды әдетте кішкентай дүкендерде немесе орталық базарда сатып аламын. Маған бұл базар ұнайды, ол апта бойы ашық және онда тамақтан бастап киімге дейін барлығын таба аласын. Біздің елде мұндай базаарлар тек демалыс күндері істейді.

Маған театрға, киноға барған ұнайды, бірақ тілді жақсы білмегендіктен, маған барлығын түсіну қиын. Мен үйдің жанындағы кинотеатрдан «Звездные войны» фильмін, сондай-ақ жаңа театрда қойылған қазақша пьесаны да көрдім. Көбінесе жаңа мейрамханаларға барамын.

Штатқа мен басқа адам болып ораламын


Қаланың көлік жүйесі АҚШ-ғы ірі қалаларының жүйесіне ұқсайды. Бірақ Өскеменде мен ақша төлеп, билет алатын, кондуктор бар. Мен Алматы мен Астанада бұл автомандырылған жүйе екенін білемін, бірақ маған жеке қарым-қатынас ұнайды.

Мұндағы және АҚШ-ғы денсаулық сақтау жүйесінде айырмашылық бар. бір күні мен мұзға құлап, ренгент жасау үшін жергілікті ауруханаға баруым керек еді. Ренгент пен дәрігердің кеңесі аса қымбатқа шықпады, ал Штаттарда сақтандыруым болмаса тиын-тебенге шығар еді.

Штатқа мен басқа адам болып ораламын. Мен жергілікті тұрғындардан көп нәрсеге үйрендім. Менің ойымша американдықтар тек өздерін ғана ойлап, басқалары жайлы ұмытып кетеді. Бізге экономикалық және жаһандық артықшылықтар кері әсерін тигізуде. Біз, американдықтар, кейде басқа ұлттар мен мәдениетті менсінбейміз. Мысалы, біз басқалардың ағылшын тілін және біздің мәдениетті міндетті түрде білуі керек деп ойлаймыз, ал өзіміз басқа халықтың мәдениеті мен тілін мүлдем білмейміз. Бұл көп нәрсе туралы айтады деп ойлаймын. Әрине бұл менің жеке пікірім және бұл АҚШ-ғы барлық адамға қатысты емес.


Қала жайлы


ontop.JPG


Мені табиғаттың ластануы алаңдатты. Бірақ таңертең бірінші күні оянғанымда, мен қонақ үйдің терезесін ашып, өзен мен тауды көрдім. Қаланың әсемдігі ғажайып еді. Сол кезде осында маған ұнайтынын бірден білдім.

Мен жағалауға жақын тұрамын. Ол жаққа серуендеуге жиі барамын. Маған орталық алаңда, әсіресе желтоқсан айында, қаланың барлығы мерекеге орай безендірлген кезінде серуендеген ұнайды. Мереке кездерде қаланың бұл аудандарында әрқашан жақсы концерттер мен іс-шаралар өткізіледі.

Қаланың айналасындағы таулар ерекше әдемі. Қыркүйекте күншуақты және жылы болды, ағаштар да сары, қызғылт түске боянды. Мен Ак-Бауыр тауынада болып, петроглифтерді көрдім. Бұл ерекше тәжірибе болды, мен Қазақстанның ғасырлық тарихы бар ел екенін түсіндім.


Инфроқұрылым туралы


burger truck.JPG

Қала маған туған жерім — 90-шы жылдардағы Қытайдағы Хэфэйді есіме түсіреді. Менің ойымша, кеңестік архитектуралық стиль мен қытайдың ескі коммунистік стилі ұқсас. Бетон ғимараттарының блоктары қалаға ауырлық береді, ал қызғылт, сары және жасыл пастельді түстер қаланың даралығын көрсетеді. Әрине кейбір ғимараттар өте ескі, жөндеу жұмыстарын талап етеді. Жаңа ғимараттар да бар, олар қаланың шетіне қарай орналасқан.

Маған қоғамдық көліктердің жүйесі ұнайды. Мен кез-келген жерге автобуспен жете аламын. Кейбір автобустарды есептемегенде, қоғамдық көліктер ескі, мен олардың әлі жүретіне таң қаламын. Автобустардың сағат кешкі тоғызға дейін ғана жұмыс істейтініне аздап қапаланған болатынмын. Ссондықтан қатты кешке дейін қалмауға тырысамын. Көптеген қоғамдық іс-шараларға такимен баруға тура келеді.

Егер сіз орысша сөйлесеңіз және сізде қала телефоны болса, такси шақыру оңай. Қаладағы ең үлкен такси компаниясы — Aparu, бірақ Яндекс-такси де жұмыс істейді. Қазақстанның басқа қалаларына қарағанда Өскеменде такси ұстау оңай емес. Өскемендегі полицейлер жол қозғалысын бұзған жүргізушілерге қатал қарайды деп айтады.

Пошта қызметі де амеракалықтан өзгеше және аздап ыңғайсыз. Менің достарым маған Штаттардан кейбір нәрселер жібергенде, мен оны қай пошта бөлімінен алатынымды көп іздедім және ол бірнеше аптадан кейін ғана келді. Мен поштаны үйге дейін жеткізетінге үйреніп қалғанмын.


Коммуналдық қызметтер жайлы


Құрама Штаттарға қарағанда Қазақстанда тұру арзанырақ. Менің пәтерге берген ақшамның ішіне ғаламтор, су және газ кіреді, сондықтан нақты бағаларды білмеймін. Өкінішке орай пәтерімде теледидар жоқ. Ұялы телефонға келетін болсақ, ай сайынғы салатын бірлік АҚШ-на қарағанда арзанырақ.


Тамақ жайлы


insta.JPG


Маған көп нәрсе ұнады. Жақында қазының дәмін таттым, мен оны басқа тағамдардың құрамында да, бөлек те жеуге дайынмын. Мейрамхананың да, үйдің де бешпармағын жедім. Әрине, үйде дайындалған тамақ жақсырақ. Сонымен-қатар маған кәуап ұнайды, оны апта сайын жей аламын. Жылқы мен сиыр етінен жасалған палауды жақсы көремін. Фаст-фудқа келетін болсақ, мен кейде донер немесе шаурма жеймін. Пломбирді қатты жақсы көремін, тіпті қыста да.

Өскеменнің кез-келген жерінде «Пицца Блюз» желісі бар. ол жерде көп рет болдым. Мұнда barBQ, Imbeer, Масленица сияқты бірнеше мейрамханалар бар. шыны керек, олардың тағамдары қатты ұамайды, бірақ barBQ ұнайды.

Мен Tulipark сияқты донер мейрамханаларында жиі боламын. Tulipark-тың еті мен тәттілері дәмді. Мұнда Royal Pub, Shashlykoff, TsaritsaTamara сияқты тамаша мейрамханалар бар.

Маған мен дәмін көрген барлық тағамдар ұнады. Сонымен қатар маған қымыз да ұнайды, бірақ оны көп іше алмаймын.


Сатып алулар туралы


Қазақстандағы шоппингты қатты жақсы көрмеймін, өйткені мұнда киімдер АҚШ-на қарағанда қымбаттырақ. Маған базар аралап, қызықты нәрселерге қарау ұнайды. Мен тек керек нәрселерді алғанды жөн көремін.

Қазақстанда киімді тек екі рет салып алдым, екеуінде де Алматы мен Астанадағы үлкен сауда орталығында алдым. Өйткені онда мен білетін киім маркалары бар. Шалбарды жергілікті базарда сатып алдым. Жалпы, мұнда киім мен үшін өте қымбат.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.