facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alymzhan-moladanazar-qonyratbay-fam-zh-ne-siya-ospanova-ta-y-anday-aza-standy-oryndaushylar-otandy-muzyka-lem-n-zgertude
logo
Ғалымжан Моладаназар, Qonyratbay.Fam және Әсия Оспанова — тағы қандай қазақстандық орындаушылар отандық музыка әлемін өзгертуде
Таңғажайып Қазақстан

10.05.2017

Ғалымжан Моладаназар, Qonyratbay.Fam және Әсия Оспанова — тағы қандай қазақстандық орындаушылар отандық музыка әлемін өзгертуде

Соңғы бір-екі жылда мемлекеттік тілдегі қазақстандық музыка шетелде танымалдыққа ие бола бастады. БІЗ назарларыңызға тойда ән салмайтын және жаңа жанрдағы авторлық музыканы орындайтын өнер иелерін ұсынамыз.


Ғалымжан Молданазар


Ғалымжан Молданазар — әнші, музыкант, 2015 жылы негізі қаланған Moldanazar тобының солисі. Алғашқы шығармашылық қызметін 2011 жылы бастаған, алайда 2013 жылдан таныла бастады. Бір қызығы, қазақ синти-поп пен фанк орындаушысының тректері алдымен штелде, кейін өзімізде таныла бастады.


2015 жылы Ғалымжан мен америкалық Break of Reality рок-виоленчилистер тобы Нью-Йоркте бірге өнер көрсетті. Мұнда АҚШ-та тұратын қазақстандықтар қонақ ретінде қатысқан.


Музыкант еуропалық музыкамен, әсіресе, Depeche Mode, Coldplay, Muse. Қазір оның қоржынында көпшілігі әлі желіге салынбаған 150 астам ән бар.


Музыкант өз тобымен бірге Алматы мен Астана қалаларының орындарында өнер көрсетеді.





Qonyratbay.fam


Бұл ағасы мен қарындасы қосыла ән шырқайтын топ. Сұлтан-Әли әнін жазып, өңдесе, Хадиша өлең шығарады және басты вокалист болып табылады. Олар музыкамен мектеп күнінен айналысады. Бәрі сүйікті шетелдік әндерге кавер жазудан басталған, кейін өз шығармашылықтарын инстаграм желісіне салған. 2015 жылы олар музыкан Диас Әділмен танысқан. Кейіннен оларға бірігіп ән жазуды ұсынған, бірнеше күн ішінде алғашқы жазба — «Кім сен?» әні туған.


Олар алғаш рет 2016 жылы Ғалымжанның шақыруымен «Молданазар және достар» кешінде өнер көрсеткен.


Олардың шығармашылығы Radiohead, The XX, Coldplay жақын. Олар синти-поп, инди және фолк жанрынан шабыттанады. Бүгінгі таңда топта бес толық трек бар, осы айда бейнеклипімен қосып жаңа трек шығарғалы жатыр және сонымен қатар альбом шығаруға жұмыстану үстінде.




Мархаба Сәби


Кең диапазонды дауысы бар әнші әрі өз әндерінің авторы — Мархаба Сәби бұған дейін шығармашылықпен айналысқанына қарамастан, «Қазақстан дауысы» байқауының бірінші кезеңіне қатысқаннан кейін танымалдыққа ие болды. Кейін Витебск қаласындағы «Славянский базар», Прагадағы Diamond Voice сияқты халықаралық байқауларда жеңіске жетті. Сондай-ақ, Мархаба көптеген қазақстандық орындаушыларға арнап ән жазады. Celine Dion, Adele, Mariah Carey, Whitney Houston шығармашылығының жанкүйері.


Оның шығармашылығы екі бағыттан тұрады: заманауи, ритмдік әндер мен кроссовер стиліндегі шығармалар — эстрадалық және классикалық музыканың қосындысы. Тек live форматындағы концерттерде ғана өнер көрсетеді. Жақында жеті жаңа авторлық шығармасы енген «Осылай» атты жеке альбомын шығарды.






Darkhan Juzz


Жас болғанымен, өте талантты музыкант, әнші — Дархан Жүнісбеков, Darkhan Juzz есімімен танымал. Ол 14 жасынанан ән мен өлең жазады. Алғашқыда алматылық Арбатта ән айтқан, көше музыканты ретінде жұмыс істеген. Кейін оны байқап, түрлі шараларда өнер көрсетуге шақырған. Жақында музыкант Кухня WE шығармашылық кеңістігінде акустикалық квартирник өткізді.


Музыкант Qazaq Indie стилінде қазақ тілінде ән айтады. Жазда жаңа және бұрыннан танымал әндері енетін алғашқы альбомын шығаруды жоспарлап отыр.






Әсия Оспанова


Әсия 4 жасынан ән айтады, 14 жасынан бастап өлең шығарып, ән жазған.фортепиано сыныбы бойынша музыкалық академияны аяқтаған, сонымен қатар өздігінен көптеген музыкалық аспаптарды меңгерген.


2013 жылы танымал итальяндық-қазақстандық музыкант Son Pascal – мен танысып, бірге жұмыс істей бастаған. Екі жылдан соң музыканттар заманауи қазақ музыкасын бағалайтындардың арасында Әсияға танымалдылық сыйлаған қазақстандық чарттардың хитіне айналған «Жол» композициясын шығарды. Son Pascal және басқа да музыканттармен бірге Қазақстанның түрлі шаралары мен алаңдарында өнер көрсеткен.


Әнші өз әндерінде заманауи dance-pop жанрына екпін түсіреді, алайда олардың ішінде фортепианоның сүйемелдеуімен өзі шығарған лирикалық композициялар да бар.


Бір-екі апта бұрын желіде кәсіби биші Мәдина Бейсекееваның қатысуымен түсірілген Әсияның «Мен сені қалаймын» әніне бейнеклипі шықты, бұл бейнеклипке Son Pascal прдюсерлік еткен.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.